Өсімдік жасушасының құрылысы. Протопласт, ядро, цитоплазма, пластид, хлоропласт, хромопласт, лейкопласттардан тұрады. Протопласт- клетка сұйықтығы, негізгі бөлігі тіршілік қабілеттілігін жүзеге асырады



бет1/12
Дата20.06.2023
өлшемі1,05 Mb.
#102482
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ботаника жауап


1-сұрақ.
Өсімдік жасушасының құрылысы. Протопласт, ядро, цитоплазма, пластид, хлоропласт, хромопласт, лейкопласттардан тұрады. Протопласт- клетка сұйықтығы, негізгі бөлігі тіршілік қабілеттілігін жүзеге асырады. Онда метазаттар тасымалдануы мен айналымы жүреді. Ядро ядро қабықшасы, кариолимфа, ядрошықтан тұрады. Кариолимфада ДНК және белок молекуласынан тұратын хроматинді жіпше және РНК-дан тұратын ядрошық болады. Осы заттардың молекуласында клетканың интерфазалы кезіндегі зат алмасуды анықтайтын және бөліну кезінде жаңа клеткаға тұқымқуалаушылық белгілерін беретін информация сақталады.Цитоплазма күрделі коллоидты және құрылымдық жүйе. Онда протопластың ірі органоидтары (жарық микроскопы арқылы көрінетін )-митохондрия және пластидтер орналасқан.Пластидтер-өсімдіктердің клеткасына ғана тән қос мембраналы органоид.Пластидтер 3 типке бөлінеді. 1)түссіз мөлдір лейкопластар, 2) реңі жасыл хлоропластар, 3)реңі сары-қызыл, сары хромопластар. Хлоропластар. Балдырлардың талломдары, жоғарысатыдағы өсімдіктердің жапырағы, жас сабағы, піспеген (шикі) жемістерінің клеткаларында болатын жасыл түсті пластидтер.Хромопластар. Хромопластардың пішіні дөңгелек, таяқша, ұршық, үшбұрыш тәріздес. Мұндай сан түрлі пішінді болуы каротин және ксантофилл пигментерінің болуына байланысты. Лейкопластар. Реңі мөлдір (түссіз), пішіні дөңгелек, ультрақұрамы жағынан пропластидтерге жақын, бірақ олардан көлемдірек, ірірек. Лейкопластар өсімдіктердің күн сәулесі түспейтін мүше- лері:тамыр,тамыр-сабақ, түйнектер мен тұқымдарының клеткаларында кездеседі.
2-сұрақ
Дара жарнақтылар , лилиопсидтер – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа). Арецидалар – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы (ценокарпты). Тұқымы – эндоспермді. Лалагүлділер – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты (сирек апокарпты). Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет