3- Сұрақ Астық тұқымдастар өкілінің бірі сұлы. Оның құрамына байланысты көптеген емдік қасиеттері бар. Сұлы бүкіл ағзаны жалпы нығайтатын қасиетке ие.• Оның құрамында дәрумендер мен минералдардың үлкен тобы бар. А, Е дәрумендері шаш пен тырнақтың өсуіне, саулығына, терінің серпімділігіне пайдалы болса, B, F дәрумендері жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді, асқазан-ішек жолдарына оң ықпал етеді, күрделі көмірсуларды глюкозаға айналдырады.• Қан құрамындағы қант деңгейін азайтады, сондықтан сұлыны қант диабетіне шалдыққан адамдардың тұтынғаны жөн.• Сұлының пайдалы қасиеттерінің бірі ол организмдегі артық сұйықтықты шығарады, ісінулермен қоса зиянды заттарды да шығарады. Бұл жағынан, сұлыны ұзақ медикаментозды емнен кейін пайдаланған жақсы. Сонымен қатар, ол несеп-тас ауруыменде күресуге көмектеседі.
• Холестеринді түсіруге әсер етеді.Келесі өкілі бұл күріш. Күріш сусыны. Сусын көптеген пайдалы заттардан тұрады:минералдардан (күріш сұйықтығында селен өте көп);В, Е, С тобындағы витаминдерден;асқазанның шырышты қабығын орап, емдейтін ұлпадан;Сондай-ақ, күріш суының пайдалы қасиеттері бар: Ол ағзаның ішкі энергиясын босатады;тері мен шаштың жағдайын жақсартады;зат алмасуды жылдамдатады; ағзаны уытты заттардан тазалайды; сусыздануды жеңуге көмектеседі.
4 Сұрақ
Өсімдік клеткасының органоидтары?
Өсімдіктер клеткасы клетка қабықшасы, протопласт және вакуольден тұрады. Клеткалар формасы әртүрлі. Олар шар тәріздес, көпқырлы, жұлдызша тәріздес, тікбұрышты және т.б. болуы мүмкін. Кең тараған екі формасы: 1) паренхималық клеткалар, барлық бағытта ұзындығы мен ені шамамен бірдей- шартәріздес, кубтәріздес, көпқырлы. 2) прозенхималық клеткалар, ұзындығы енінен бірнеше есе артық.
5 Сұрақ Магнолиялар тұқымдасы (лат.Magnoliaceae) — гүлді өсімдіктердіңҚосжарнақтылар класының Магнолиидтер класс тармағының (Magnoliidae) тұқымдасы. Тіршілік формалары – ағаш, көбіне өте ірі, кейде бұталар. Кейбір түрлерінің биіктігі 35-40 м., ал америкалық жауқазын ағашы (американское тюльпанное дерево) – 75 м. Жапырақтары кезекті, жай, қауырсын жүйелі, мәңгі жасыл немесе түсетін бөбе жапырақты. Магнолиялардың гүлдері ірі, (ірі жапырақты магнолияның гүлінің диаметрі 32-46 см жетеді), ашық, ациклді немесе спироциклді, қосжынысты немесе кей жағдайда біржынысты, энтомофильді, жалғыздан.
6 сұрақ Магнолия қабығының құрамына эфир майлары, рутин, гликозидтер, сондай-ақ алкалоидтардың барлық түрлері сияқты әртүрлі пайдалы компоненттер кіреді. Бұл өсімдіктің пайдалы қасиеттері көптеген ғасырлар бойы ағзаларды жақсарту үшін қолданылған. Ұсынылған өсімдік материалынан алынған тұнбалар жоғары қан қысымы мен демікпеге қарсы сенімді және профилактикалық зат ретінде медициналық мақсатта пайдаланылды. Өсімдіктің ерекше антисептикалық қасиеттері тіс кариесінің дамуының себебі болып табылатын әртүрлі бактериялардың дамуымен күресуге мүмкіндік береді.
Магнолия халықтық медицинада басқа дәрілік материалдармен салыстырғанда салыстырмалы түрде жақында белсенді түрде қолданыла бастады. Дегенмен, бірнеше ғасырлар ішінде бұта әртүрлі аурулармен күресуде үлкен көлемде оң пікірлер алды. Бұл бұтаны мұқият зерттегеннен кейін дәрілік мақсаттарда белсенді қолданылатын өсімдіктің көптеген қасиеттері анықталды.
7 сұрақ Түзуші ұлпалар .Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол, олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер түзіп отырады Түзуші ұлпалар (меристемалар) деп - түпкілікті ұлпалардың жасушаларын жасап, үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды айттады (грекше «меристос» - бөлінгіш, «стема» - ұлпа).Меристемалық ұлпалардың өзіне тән цитологиялық ерекшеліктері бар. Олар тығыз болып орналасқан тірі жасушалар тобынан тұрады.
Жабындық ұлпалар.Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап жататын жасушалар тобын жабындық ұлпа дейміз. Жабыңдық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі өсімдікті кеуіп кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, шамадан тыс судың булануынан, зиянды микроорганизмдердің еніп кетуінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне тән физиологиялық қызметі бар.
Негізгі ұлпа.
Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі ұлпа дейді. Негізгі ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап тұрады. Вегетативті және генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары тірі, пішіндері дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа Атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші ассимиляциялық, қоректік (қор жинаушы), су жинаушы, ауа жинаушы(аэренхима) деп бөлінеді.Фотосинтездеуші ассимияляциялық ұлпа жапырақтың жас сабағы мен піспеген жемістердің негізін құрайды.
Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңқасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жаңбырға майыспай, сынбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің ұзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретін, қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады.
Өткізгіш ұлпа.Өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобын өткізгіш ұлпа дейді. Жасушаларының іші қуыс түтікше тәрізді, өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді.Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі.
Бөліп шығарушы ұлпа.
Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер, жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т.б. Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді. Зат алмасудың ақырғы өнімі жасушаның ішінде немесе арайы орында жиналады.
8 сұрақ Ранункулидтер класс тармағы (Ranunculidae) Ранункулидтер класс тармағы
негізінен тропикалық емес спираль тәрізді, гемициклді немесе циклді гүлді шөптесіндерді
біріктіреді. Класс тармағы 13 тұқымдас, 3 қатарды біріктіреді.
Сарғалдақтар қатары (Ranunculales), Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae)
Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) қоңыржай облыстарда және суық климатты
Солтүстік жартышарда басым тараған 2 мыңнан астам түрлерді (66 туыс) біріктіреді.
Түрлердің көпшілігі – көп жылдық шөптесін, кейде біржылдық және біренсаран жартылай
бұта және лианалар (ломонос-Glematis). Жапырақтары жай, әр түрлі дәрежеде тілімделген,
бөбе жапырағы жоқ. Алкалодтарды, кейде гликозидтер жинау тән, өсідіктер улы болып
келеді де, жас күйінде малдар жемейді.