Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
 
 
7.1. Зертханалық жұмыстар 
 
№ 1 жұмыс.
Бидайдың оқшауланған ұрығын өсіру 
және олардан өсімдік регенерантын алу. 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
 
Сүттену стадиясындағы бидай өсімдігі; жетілмеген бидай 
дәндері. 
Мурасиге және Скуг қоректік ортасы; 2,4-Д; ИСҚ; кинетин; этил 
спирті.
Бинокулярлы стереоскопиялық МБС-10 лупасы; пинцеттер; 
скальпелдер; инелер; пробиркалар; диаметрі 40-60 мм-лік Петри 
тостағаншалары; полиэтилен пленкасы; 500-1000 мл-лік химиялық 
стакандар; құмыралар; топырақ қоспасы 
 
Жұмыстың орындалутәртібі: 
1. 
Дәндерді 10 минут 70%-тік этил спиртінде стерильдеп, 3 қайтара 
стерильді дистильденген сумен шаяды. Сонан кейін оларды 
Петри тостағаншасына салады. 
2.
Дәнді, пинцет көмегімен, жапсарын төмен қаратып төсеніш 
шынысына салып, ал оны стереоскопиялық лупа столының үстіне 
қояды. Сонан кейін дәннің жоғарғы жағын пинцетмен ұстап, 
оның төменгі жағын (ұрық орналасқан шеті) жапсарға параллель 
етіп, өткір ұстарамен кесіп, ине көмегімен ұрықты эндоспермнен 
бөліп алады. 
3.
Ұрықты, қалқаншасын жоғары қаратып, құрамы 2 мг/л 2,4Д, 0,5 
мг/л ИСҚ жәнс 0,5 мг/л кинстинмсн толықтырылған Мурасигс 
мен Скугтің 10 мл-лік қоректік ортасы құйылған пробиркаға 
отырғызады. 
4.
3 ұрық салынған пробиркаларды фольга қалпақшаларымен 
жауып, термостатқа қояды да, 22-24°С температурада 2-3 апта 
каллус ұлпалары түзілгенше, қараңғыда өсіреді. 


5.
Пробиркаларда каллустардың екі түрі түзіледі: борпылдақ - 
морфогенді смес және тығыз - морфогенді. Морфогенез процесін 
индукциялау үшін тығыз каллустарды құрамы бұрынғыдай, жаңа 
коректік ортаға отырғызады. Материалды 240С-да, жарық 
қарқындылығы 3000 лк және 16 сағаттық фотопериодтық 
режимде өсіреді.
6.
2 аптадан соң жасыл түсті учаскелері бар каллустарды таңдап 
алып, құрамы бұрынғыдай, бірақ жаңа қоректік ортаға 
отырғызады. 2-3 апта өткен соң пробиркаларда өркендердің 
пайда болғанын байқауға болады. 
7.
Өркендерде тамыр түзілуі үшін оларды, каллус фрагменттерімен 
бірге, Мурасиге және Скугтің фитогормонсыз қоректік ортасына 
отырғызады. 
8.
Биіктігі 8-10 см, тамыры жақсы жетілген өркендерді пробиркадан 
алып, агардан арылтады да топырақ салынған құмыраға 
отырғызып, үстін стаканмен немесе пленкамен жабады. 
9.
Өркенді қоршаған ортаға адаптациялау үшін, каллустар 
отырғызылғаннан бастап 7-10 апта өткен соң, өсімдік жабылған 
стаканды (пленканы), алғаш 30 минутқа алып қояды, бұл уақытты 
бірте-бірте ұзартып отыру керек (бірнеше сағатқа дейін) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет