Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет27/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
№ 5 ж ұ м ы с.
Алма және шис тозандықтарын өсірудегі 
каллусогенездің индукциясы 
Қажетті материалдар мен аспаптар: 
Алма және шиснің гүлшанақтар. 
Мурасиге және Скуг қоректік ортасы; 96-тік этил спирті; 6 %-
тік хлорамин ерітіндісі. 
Ламинар-бокс; пробиркалар; спиртовка; инелер; пинцеттер;
мақта; алюминий фольгасы. 


Жұмыстың орындалутәртібі: 
1. Алманың немесе шиенін гүлшанағының (бутон) 20 данасын 
дәкеден жасалған қалтаға салады. 
2. Қалтаны гүлшанағымен бірге 6 %-тік хлорамин ерітіндісінде 
10 минут ұстайды. 
3. Материлды 5-6 рет дистильденген сумен жуады. 
4. Стерильді пинцет көмегімен гүлшанақтарды ламинар-бокстың 
стерильді столының үстіне кояды да, стерильді инемен
тозандықтарды гүлден ажыратады. 
5. Стерильді ине көмегімен тозандықтарды 1 мг/л 2,4Д және | мг/л 
ИСҚ-мен толықтырылған пробиркадағы 8 мл Мурасиге және Скуг 
коректік 
ортасына 
ауыстырады. 
Әр 
пробиркаға
5-10тозаңдық отырғызылады. 
6. Пробиркаларды жауып, термостатта каллус түзілгенге дейін 
25° С-да сақтайды. 
7. Каллус ұлпаларының пайда болған уақытын белгілейді. 
№ 6 ж ұ м ы с.
Алма мен шиенің тозаңы каллустарынан өсімдік 
регенеранттарын алу 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
Алма және шиенің морфогенді каллустары. 
Мурасиге және Скуг қоректік ортасы; БАП; НСҚ; ИМК:
гиббереллин; этил спирті. 
Ламинар-бокс; спиртовка; пробиркалар; Петри тостағаншалары;
инелер; пинцеттер. 
Жұмыстың орындалутәртібі: 
1. Пробиркалардан каллустарды алып, ламинар-бокс столының үстіне 
қояды. 
2. Стерильді ине көмегімен каллустың морфогенді учаскесін бөліп 
алады (ақ түсті, майда клеткалар; тығыздығы орташа каллустар). 
3. Стерильді ине көмегімен, өркен түзілуінің индукциясы үшін, каллус 
бөліктерін (5-6 мм) пробиркадағы, құрамында 1-2 мг/л 6-БАП, 1 
мг/л НСҚ бар, Мурасиге және Скуг қоректік ортасына отырғызады. 


4. Пробиркаларды фольга қалпақшаларымен жауып, температурасы
25 ± 2° С, жарық қарқындылығы 4000 лк болатын және 16 
сағаттық фотопериодтык режимде өсіру бөлмесіне қояды 
5. Каллустарды отырғызғаннан 4-6 аптадан кейін, қосымша
өркендер 
түзілуінің 
индукциясы 
үшін, 
каллустарды
құрамында 1-2 мг/л ИМҚ және 1мг/л ГК бар Мурасиге және
Скуг коректік ортасына отыргызады. 
6. Биіктігі 8-10 см-лік өркендерді, тамырдын түзілуін
индукциялау 
үшін, 
Мурасиге 
және 
Скугтін 
гормонсыз
қоректік ортасына отырғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет