Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
 
КІРІСПЕ 
Өсімдіктін оқшауланған клеткалары мен ұлпаларын in vitro 
жағдайда өсіру - донор өсімдігінен бөлініп алынған мүшелерінің 
немесе оның бөліктерінін, ұлпаның немесе оның жеке клеткаларының 
тіршілікке және көбеюге қабілеттілігін сактау әдісі. Асептикалык 
жағдайда және көбінесе табиги жағдайда жүретін процестерге ұксас 
шарттарды сактай отырып өсірілетін клеткалар мен ұлпалар. 
клеткааралық қатынастар мен байланыстарды, олардың реттелу 
жүйелерінің механизмдерін зерттеуге мүмкіндік беретін қолайлы 
модель болып табылады. Клеткаларды аналық организмнен бөліп 
алып, онымен байланыссыз және оған тәуелсіз жекелей дамуына 
жағдайлар жасау, перспективалық тұрғыдан, теориялық зерттеулер 
мен қолданбалы жұмыстардың аукымының кенсюінс мүмкіндік 
береді. 
Өсімдік клеткалары мен ұлпаларын іn vitro өсірудің әдістемелік 
тәсілдерінің барлығы дерлік келесі үш принципке негізделген:
- аналық өсімдіктен эксплантты бөліп алу (клетка, ұлпа, мүше);
- эксплантты мұқият бақыланатын, әрі ол үшін ең оңтайлы ортаға 
көшіру;
- материалды стерильді жағдайда өсіруді қамтамасыз ету.
Өсімдіктердің оқшауланған клеткаларын, ұлпалары мен 
мүшелерін іn vitro жағдайда өсіру әдісі биотехнологияның қазіргі 
таңдағы дербес саласы болып табылады. Бұл, біріншіден, клеткалық 
технологиялардың өсімдік генетикасы мен молекулалык биология, 
физиологиясы мен цитоэмбриологиясы бойынша жүргізілетін 
фундаментальды зерттеулердің ролімен және екіншідін, клеткалық 
және 
ұлпалық 
технологияларды 
агроөндірістік 
кешенде, 
фармацевтикалық және тамақ өндірісінде практикалық тұрғыдан 
пайдалану мүмкіндігімен байланысты. 
Клеткалық және генетикалық инженерияның соңғы кездегі 
жетістіктері, негізінен, өсімдіктердің жеке клеткаларын, ұлпалары мен 
мүшелерін асептикалық жағдайда өсіру әдістерін меңгеру және 
үздіксіз жетілдірумен тығыз байланысты. 
Өсімдіктің жеке клеткалары мен ұлпаларын өсіру жұмыстарының 
негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады: каллус ұлпалары 
мен суспензиялы дақылдарды алу және оларды өсіру, гаплоидтық 


технология, протопластарды боліп алу және өсіру, клеткалык 
селекция, эмбриоөсіру, генофондтарды криосақтау. 
11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет