Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

№ 3 жұмыс.
Стахис және стевия өркендерінің пролиферациясы және 
стерильді өскіндерді микроқалемшелеу 
Кажетті материалдар мен аспаптар 
 
Стахис және стевия өскіндері бар пробиркалар. Мурасиге және Скуг 
коректік ортасы; кинетин; этил спирті. 
Скальпельдер;, пинцеттер; пробиркалар. 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 
 
1. Ламинар-бокста пробиркалардан стахис пен стевияның стерильді 
өскіндерін шығарып алады. 
2. Өркендерді микроқалсмшелерге бөлу (буынаралығы бүршігімен 
бірге) және стерильді пинцет көмегімен оларды, 2-4 мг/л кинетин 
қосылған Мурасиге және Скуг қоректік ортасы құйылған 
пробиркаларға, 
буынаралығының 
ұзындығындай 
терендікке 
отырғызады. 
3. Пробиркаларды фольга қалпақшаларымен жауып, штативке кояды 
да өсіру бөлмесінде ұстайды. 
4. Материл жарықта, 20-250С температурада 2-3 апта өсіріледі. 
5. Стахис және стевия өркендерінің пролиферациясы туралы 
қорытынды жасалады. 
5.3. Отырғызуға арналған вируссыз материалдар алу 
Микроклондық 
көбейту 
вирустар 
мен 
патогенді 
микроорганизмдерден сауықтырылған өсімдіктерді алу және оларды 
көбейту үшін маңызы зор. Мәдени дақылдардың көпшілігі 
вирустармен, 
бактериалар 
және 
саңырауқұлақтармен 
зақымданатындығы соншалық, кей жылдары олардың әсерінен 
жиналатын өнім 20% -ке дейін төмендейді. 
Өсімдіктердің ауруларымен тек байырғы химиялық әдістермен 
күресу мүмкін смес, себебі көптеген патогендердің тіршілігі қожайын-


өсімдіктін клеткасының метаболизмімен байланысты. Соңғы жылдары 
сауықтырылған өсімдіктерді алу үшін апикальды меристемаларды 
жасанды қоректік ортада өсіру әдісін вирустардың бар-жоғын 
тексеретін, термоөңдеу және химиотерапия сияқты әдістермен бірге 
колдану ойдағыдай нәтижелерге жетуге қол жеткізді. 
Биотехнологиялық 
зерттеулер 
биологияның, 
биохимия, 
молекулалық биологияның көптеген әдістерімен толыктырылып 
отырады. Солардың ішінде иммуноферменттік анализге (ИФА) 
токталып кетуге болады. Иммуноферменттік анализ әдісінің негізі: 
антиген-антидене компоненттерінің біріне ферментті қосып, екінші 
компонентін қатты фазаға сорбциялайды (отырғызады). Сонан кейін 
нейтралдау реакциясын жүргізеді, субстрат косады және кешеннің 
(комплекстің) белсенділігін анықтайды. Ферменттің белсенділігі, яғни 
түзілген антиген-антидене кешенінің мөлшері вирустың мөлшеріне 
пропорциональды болады. 
Анализ жасау үшін полистеролдан жасалған плата қолданылады. 
Оның тіс тәрізді ойшықтарына сүтқоректілердің қанынан тесттелетін 
вирустардың негізінде алынған қан сарысуы мен антиденені құяды. 
Антиденелер 
платаның 
ойшықтарына 

сағат 
бойы 
адсорбцияланады. Сіңбей қалған қан сарысуының артық мөлшерін 
арнайы буфермен жуып тастайды. Сонан кейін ойшықтарға 
зерттелетін өсімдік сұйығы құйылады (жапырақ, түйнек шырыны). 
Өсімдікке вирус жұққан болса 
вирус-антидене кешені
түзіледі. 
Салыстыру үшін міндетті түрде бақылау шырыны дайындалады 
(вируссыз шырын). Плата ойшықтарын буфермен жуған сон, оған 
ферментпен бірге антиденені араластырып құяды: фосфатаза және 
пероксидаза ферменттері. Вирус болған жағдайда платаның бетінде 
антиген-антидене-фермент кешені
түзіледі. 
Егер материал стерильді болса, кешендер түзілмейді, ал 
ферменттің қалдықтары буфермен жуылып кетеді. Жоғарыда 
сипатталған барлық манипуляциялардан кейін ойшықтарға фермент 
жұмыс істейтін субстрат құйылады (мысалы, фосфатаза үшін қан 
эритроциттері 
керек, 
ферменттің 
қатысуымен 
эритроциттер 
ыдырайды). 
Плата ойшыктарында фермент пен субстрат реакциясының 
нәтижесінде түзілген кешеннің түсі материалдың вируспен зақымдану 
дәрежесіне байланысты болады: түсі жоқ - «-» - вирус жоқ, ашық- 
қоңыр түс - «+» - вируспен орташа зақымданған, ашық-қоңыр түс - 
«++» - жоғары дәрежеде вируспен зақымданған. 


Вирустарды тестілеу үшін стандартты жағдайлар жасалады 
және 
жоғары 
сапалы 
антиденелер, 
ферменттер, 
платалар 
қолданылады. 
Отырғызуға арналған материал вирустармен зақымданғанда 
термотерапия
немесе 
химиотерапия
әдістері қолданылады 
Термотерапия
әдісін 
қолдану 
үшін 
бактериялар 
және 
саңырауқұлақтармен инфекцияланбаған түйнектерді алдын-ала ИФА 
тестілейді. Сонан кейін түйнектерді стерильді құм салынған ыдысқа 
отырғызады да 1-2 апта 28-30°С температурада, 4 апта 37-38°с 
температурада (ауа ылғалдылығы 70-80 %) өсіреді. Күніне екі рет 
құмды ылғалдандырып отыру керек. 7-10 күннен кейін құмды Кноп 
ерітіндісімен 
және 
Мурасиге 
және 
Скуг 
ортасының 
микроэлементтерімен (бастапқы ерітіндінің 5 мл-ін Кноп ерітіндісінің 
1 литрінде) үстемелеп қоректендіреді. Жоғары температураға төзімді 
сорттардың түйнектерін бірденнен ылғалдылығы 70 %-тік және 
температурасы 37-38°С болатын жағдайда өсіругс болады. 
Өсімдіктер теңбіл, ұршық тәрізді, жіп тәрізді, таяқша тәрізді 
вирустармен зақымданған жағдайда температурамен өндеудің 
тиімділігі шамалы болады. Сондықтан қосымша биотехнологиялық 
әдістер қолданылады: 
апикальды меристема әдісі
. Ол үшін 
термоеңдеудің алдында картоп өсімдігінің ұшын кесіп алады да 5 
сағатқа гетероауксин ерітіндісіне (50 мг/л) салады. Тамырлары пайда 
болған өскіндерді ауа температурасы 37°С, топырақ температурасы 
30-32°С, 16 сағаттық фотопериодтық режимде 4-6 апта бойы өсіру 
камерасында немесе арнайы өсіру бөлмесінде ұстайды. 
Термоөңдеу, әдетте, күз немесе қыс айларында жүргізіледі. Көктемде 
өсімдіктен аумағы 0,3-1,0 мм болатын қолтық бүршіктерін бөліп алып, 
қоректік ортаға отырғызады (гормонсыз МС қоректік ортасы, рН 5,7). 
Әр өсімдік үшін термоөңдеу режимі жеке, тәжірибе жүзінде 
анықталады. 
Химиотерапия
әдісін 
қолдану 
үшін 
вирустардың 
арнайы 
ингибиторларын пайданады: нуклеин қышқылдарына әсер стуші 
ферменттер (РНК-азалар). Түйнектерді ферментпен тікелей өндеу 
вакуум камерасында инфильтрация әдісімен 20 минут жүргізіледі, 
бірақ бұл әдіс химиялық заттардың біршама шығынын қажет стеді. 
Сондықтан апекстерді өсіру үшін қоректік ортаға РНК-азаларды қосу 
оң нәтижелер береді. 


РНК-аза өсімдіктің өсуі мен дамуын стимульдеп, вирустардың дамуын 
тежейді. Осындай технологияны қолдану қоректік ортадағы 
меристемалардың тіршілікке қабілеттілігін 10-35 %-ке, ал регенерант 
өсімдігінің түзілуін 30-40 %-ке жоғарылатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет