Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


 тарау бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет28/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

тарау бойынша бақылау сұрақтары 
1. Гаплоидтардың селекция мен генетикадағы рөлі. 
2. Аталық гамстофиттсн морфогенді каллустар алудың әдістсрі. 
3. Аталық гаметофиттін даму стадиясын анықтау әдістері. 
4. Гаплоидты және дигаплоидты өсімдік регенеранттарын алудың
негізгі жолдары. 
7. ОҚШАУЛАНҒАН ҰРЫҚТАРДЫ ӨСІРУ 
Өсімдіктердің жаңа формалары мен сорттарын жасауда, бастапқы 
материал ретінде, қашықтағы гибридтердің алатын орны ерекше. 
Себебі, оларда ата-тегінен сақталып қалған, қоршаған ортаның 
қолайсыз жағдайларына - ауруларға, зиянкестердің әсеріне т.с.с. 
төзімді белгілері болуы мүмкін. Бірақ, селекциялық практикада 
мұндай гибридтерді кеңінен пайдалануға бірқатар киыншылықтар 
кері әсерін тигізеді. Негізгі қиыншылық - түраралық және 
туысаралық будандастыруда, гибридті ұрықтардың
көптеп өлуіне 
байланысты гибридті өсімдіктер өте аз түзіледі. 
Қашықтан будандастыру арқылы өсімдіктердің жаңа формаларын 
алудың нәтижелі әдістерінің бірі ұрықтарды өсімдіктен бөліп алып, 
оларды ассптикалық жағдайда, жасанды қорсктік ортада өсіру болып 
табылады. Бұл 
эмбриоөсіру
(эмбриокультура) әдісі деп аталады. Ол 
постгамдық сәйкессіздіктің көптеген проблемаларын шешуге және 


дәстүрлі гибридизацияның нәтижесі төмен жағдайда будан 
өсімдіктерді алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұрықтарды 
өсіру тұқымның тыныштық күйін бұзу арқылы селекциялық 
процесті жылдамдатуға, өсімдік репродукциясы циклін қысқартуға, 
тұқымның өзіндік стерильділігін жеңуге, тұқым өнгіштігін қысқа 
уақыт аралығында бағалауға мүмкіндік беретіндігін атап айтуға 
болады.
Оқшауланған 
тұқымдарды өсірудің жетістіктері көптеген 
факторларға тәуелді, олардың ішіндегі негізгісі - коректік ортаға 
отырғызылатын 
ұрықтың 
даму 
стадиясы 
мен 
жіктелу
(дифференциация) 
дәрежесі
. Эмбриогенездің басқы стадиясындағы 
ұрықты жасанды ортада өсірудегі 
қиыншылықтардың біріне 
іn vitro
жағдайда эндоспермнің гормональдық функциясын қалпына келтірудің 
мүмкін еместігі болып табылады (қоректік ортаға ұрық эндоспермсіз 
отырғызылатындықтан). Ұрық пен эндоспермнің арасындағы, әсіресе 
эмбриогенездің бастапқы сатысындағы өзара тәуелді функциональды 
байланыстылық, эмбриоөсіру әдісі көмегімен анықталған болатын. 
Жетілмеген (піспеген) және жетілген (піскен) эндоспермдердін, 
гормональдық 
кешенінің 
құрамы 
бойынша, 
бір-бірінен 
айырмашылықтары болады: біріншісі - ұрықтың өсуі мен дамуын 
стимульдейді, скіншісі - бұл процестерді тежейді. Сондықтан жетілмеген 
ұрықтар қоректік ортаның кұрамына өте тәуелді болады.
Астық тұқымдастардың оқшауланған ұрықтарын өсіру келесі
этаптардан тұрады: 
Отырғызылатын материалды залалсыздандыру 
(стерильдеу). Дәннің 
сырткы, жабын ұлпалары инфицирленген болуы мүмкін. Сондықтан, 
стерильдеу үшін оны 10 минутке 70%-тік этил спиртіне салады. Сонан 
кейін материалды 3 қайтара дистильденген сумен шайып, стерильді Петри 
тостағаншасына салады. 
Ұрықтарды боліп алу. 
Дәннен ұрықтарды бөліп алу үшін 10 есе үлкейтіп 
көрсететін бинокулярлы
лупа қолданылады. Микроскоп столының 
үстінд, дәннің үстіңгі бөлігін пинцетпен ұстай отырып, оның астыңғы 
бөлігін кеседі. Стерильді ине көмегімен ұрықты эндоспермнен 
ажыратып, қоректік ортаға салады.
Ұрықтарды бөліп алу мерзімі.
Ұрықтарды аналық өсімдіктен дер 
кезінде бөліп алып, қоректік ортаға отырғызу жұмыстың шешуші 
факторларының бірі болып табылады. Ұрықтың тіршіліккс 
қабілеттілігі мен онан әрі даму мүмкіндігі оны аналық өсімдіктен бөліп 
алу мерзіміне тәуелді болатындығы анықталды. Дәннен ұрықты 
тозаңданудан 8-18 күннен кейін, яғни, жетілмеген күйде бөліп алады. 


Алайда өсімдіктің әр түрі, сорты үшін бұл мерзім әртүрлі 
болатындықтан оны тәжірибе жүзінде ғана анықтауға болады. 
Коректік орта.
Ұрықтарды өсірудің нәтижелілігі қоректік ортаның 
дұрыс таңдалуымен тікелей байланысты. Мурасиге мен Скуг, Уайт 
және Гамборг B5 орталары ұрықтарды өсіруде жиі пайдаланылатын 
қоректік орталар болып табылады. Ұрықтың даму сатысына 
байланысты қоректік орталардың минералдық және гормондық 
құрамы да әр түрлі болады. Жетілген ұрықтарды өсіру үшін гормон 
қосылмаған, тек қарапайым минералдық тұздардың негізінде 
дайындалған ортаны пайдалануға болады. Жетілмеген ұрықтарды 
өсіру қоректік орта амин қышқылдарымен, фитогормондармен, 
витаминдермен толықтырылуын талап етеді. 
Өсірутәсілдері. 
Ұрықтардың отырғызылу тығыздығы қоректік орта бетінің ауданына 
байланысты. 10 мл қоректік орта құйылған пробиркаға 3 ұрық 
отырғызылады. Қоректік ортаның осындай көлемі бар, диаметрі 40-60 
мм болатын Петри тостағаншасына 10-15 ұрық отырғызуға болады. 
Қоректік орта бетіне ұрықтың қай жағымен отырғызу керек 
екендігін ескеру керек. Ұрық екі жағдайда отырғызылуы мүмкін: 
қалқаншасы жоғарыда немесе қалқаншасы төмен жағында. 
Қалқаншасын жоғары қаратып отырғызылған ұрық каллустар алуға 
ыңғайлы болып келеді. Қалқаншасын төмен қаратып отырғызған 
тұқымдардан тікелей өскіндер алуға болады.
Қоректік ортада ұрықтар 22-24С температурада, 2-3 апта бойы 
қараңғыда, каллус ұлпалары түзілгенге дейін немесе ұрықтар 
автономдық стадияға жеткенге дейін осіріледі. 
Эмбриоөсіруде өсімдік регенерациясы өте маңызды сәт болып 
табылады және ол екі этаптан тұрады: өркен түзілудің индукциясы 
және өркендердің тамырлануы. Каллус ұлпалары түзілгеннен кейін 
немесе жетілмеген ұрықтар автономиялық стадияға жеткеннен соң, 
оларды ауксиндер мен цитокининдердің концентрациялары шамалас 
болып келетін қоректік ортаға отырғызады. Осындай ортада 3-7 
күннен кейін өркендердің түзілуін байқауға болады. Өркендерді, 
тамыр инициациясын тудыру үшін, гормоны жоқ және құрамы 
бастапқыдай болатын қоректік ортаға отырғызады. Биіктігі 8-10 см-ге 
дейін өскен, тамыры жаксы дамыған өркендерді пробиркадан 
шығарып, агардан арылу үшін сумен жуады да, топырақ салынған 
контейнерге отырғызады. Ылғал мөлшерін бірқалыпты жағдайда ұстап 


тұру үшін контейнердің үстін полиэтилен пленкасымен немесе 
стаканмен жабады. Бір апта бойы қоршаған орта жағдайына 
адаптациядан өткізгеннен соң өсімдіктерді теплицадағы ашық 
топыраққа отырғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет