отырғызады. 2 аптадан соң тамырлары
пайда болған өсімдіктерді
топыраққа отырғызуға болады.
№ 2 жұмыс.
Вирустың бар-жоғын тексеру үшін өсімдік материалын
тестілеу
Қажетті материалдар мен аспаптар:
Өсімдік сығындылары; қан сарысуы; сүтқоректілердің қаны;
Фермент ерітінділері; буфер ерітіндісі.
Полистеролдан жасалган плата; гомогенизатор; центрифуга.
Жұмыстың орындалутәртібі;
1. Гомогенизацияланған өсімдік материалын центрифугалайды.
2. Полистирол платаларының ойшықтарына қан сарысуын
құйып, 6 сағат инкубациялайды.
3. Платаларды буфермен жуады.
4. Платаның ойшықтарын центрифугатпсн толтырып, 1 сағат
инкубациялайды.
5. Платаларды буфермен жуады.
6. Плата ойшықтарына қан сарысуының ферментпен қоспасын
құйып, 1 сағат инкубациялайды.
7. Платаларды буфермен жуады.
8. Плата ойшықтарына фермент үшін арналған субстрат кұяды.
9. Ойшықтардағы түзілген түстерді шкала бойынша тестілейді.
10. Вируссыз, вируспен әлсіз және вируспен күшті зақымданған
варианттарды бөліп алады.
11. Отырғызылатын материалдардың сапасы туралы қорытынды
жасау.
Достарыңызбен бөлісу: