Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет30/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

№ 2 жұмыс. 
Бидайдың жетілмеген ұрықтарынан өсімдіктерді 
тікелей регенерациялау 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
Сүттену стадиясындағы бидай өсімдігі; жетілмеген бидай 
дәндері.
Мурасиге 
және 
Скуг 
қоректік 
ортасы; 
Норстог 
модификациялаған Уайт қоректік ортасы; 2,4-Д; ИСҚ; кинетин; 
глутамин; аланин; тирозин; цистеин; триптофан амин қышқылдары; 
этил спирті.
Бинокулярлы стереоскопиялық МБС-10 лупасы; пинцеттер; 
скальпелдер; инелер; пробиркалар; диаметрі 40-60 мм-лік Петри 
тостағаншалары; полиэтилен пленкасы; 500-1000 мл-лік химиялық 
стакандар; құмыралар; топырақ қоспасы. 
Жұмыстын орындалутәртібі: 
1.
Бидайдың жетілмеген ұрықтарын 70%-тік этил спиртінде 10 
минут малып, дистильденген сумен 3 қайтара жуады. 


2.
Пинцет көмегімен дәндерді жапсарын төмен қаратып, төсеніш 
шынысына, ал оны бинокулярлы стереоскопиялық лупасы 
столының үстіне қояды. Дәннің жоғарғы жағын пинцетпен ұстай 
отырып, скалпельмен оның төменгі жағын, жапсарға параллель 
кесіп, ине көмегімен эндоспермнен ұрыкты бөліп алады. 
3.
Ұрықтарды, қалқаншаларын төмен қаратып (әр пробиркаға 3 
ұрықтан), 10 мл Норстог модификациялаған Уайт қоректік 
ортасы құйылған ыдысқа отырғызады (КH2PO4 - 910 мг/л, КCI
750 мг/л, 400 мг/л глутамин, 400 мг/л аланин, 10 мг/л ти озин, 10 
мг/л цистеин және 10 мг/л триптофан)
4.
Материалды 22-24°С температурада 14-20 күн, ұрықтар 
автономиялык стадияға жеткенше, қараңғыда инкубациялайды.
5. 2 аптадан кейін (ұрықтардың көлемі 1,5-2,0 есе ұлғаяды), 
өркендер алу үшін, ұрықтарды құрамында 0,5 мг/л ИСҚ және 0,5 
мг/л кинетині бар Мурасиге және Скуг қоректік ортасына 
отырғызады. Шамамен, 2 аптадан соң өркендер пайда болады. 
6.
Өркендердің тамырлануы үшін, оларды Мурасиге және Скугтің 
гормонсыз ортасына отырғызады. 
7.
Биіктігі 8-10 см, тамыры жақсы жетілген өркендерді пробиркадан 
алып, агардан арылтады да топырақ салынған құмыраға 
отырғызып, үстін стаканмен немесе пленкамен жабады. 
8.
Өркенді қоршаған ортаға адаптациялау үшін 7-10 апта өткен соң 
өсімдік жабылған стаканды (пленканы), алғаш 30 минутқа алып 
қояды, бұл уақытты бірте-бірте ұзартып отыру керек (бірнеше 
сағатқа дейін). 
9.
Ортаға бейімделген өсімдіктерді 18-22°С-да, табиғи жарықта 
өсіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет