Жұмыстың орындалутәртібі:
1. Масақтарды 7%-тік кальций гипохлориті срітіндісінде 8-10 минут
стерильдеп, 3 қайтара стерильді дистильденген сумен шаяды.
2. Масақтан масақтарды үзіп алып, бинокулярлы лупаның астында әр
масақтан 3 тозандықтан алады.
3. Стерильді ине көмегімен тозаңдықтарды 0,1 мг/л БАП, 0,5 мг/л НСҚ
и 0,1 мг/л фитогормондарымен толықтырылған 1 мл Мурасиге және
Скуг қоректік ортасы құйылған Петри тостағаншасына салады (15-20
дана).
4. Жаңадан оқшауланған тозаңдықтарды өткір скальпель немесе
ұстара көмегімен көлденеңінен немесе ұзынынан екіге бөледі де,
микроспоралардың сұйық ортаға бөлініп шығуы үшін, 3-4
сағат бойы шайқағыш аппаратында шайқайды.
5. Микроспоралары бар Петри тостағаншаларының шетін
парафильммен желімдеп, каллус пайда болғанға дейін, қараңғыда, 25-
27 С температурада инкубациялайды.
6. Микроспораларды отырғызғаннан 2-3 аптадан кейін, түзілген 2- 3
мм-лік каллустарды агарлы, құрамы жоғарыдағыдай, бірақ 1 мг/л ИСҚ
және 0,25 мг/л 2,4-Д-мен толықтырылған қоректік ортаға ауыстырып,
жарық
қарқындылығы
5000
лк
болатын
және
16 сағаттық фотопериодтық режимде өсіреді.
7. Бір аптадан кейін, өсімдікті регенерациялау үшін, каллустарды 0,05
мг/л кинетин және 1 мг/л НСҚ-мен байытылған Мурасиге және Скуг
коректік ортасына ауыстырады.
8. Каллустардың пайда болған уақыты мен қаркындылығы туралы
қорытындылар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: