Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


СУБӨСІРУ - трансплантты (инокулюмды) басқа ыдыстағы қоректік  ортаға ауыстыру.  СУСПЕНЗИЯЛЫ ДАҚЫЛ



Pdf көрінісі
бет40/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
СУБӨСІРУ
- трансплантты (инокулюмды) басқа ыдыстағы қоректік 
ортаға ауыстыру. 
СУСПЕНЗИЯЛЫ ДАҚЫЛ
- жеке клеткаларды және кішігірім 
клеткалар топтарын аппаратура арқылы ауамен қамтамасыз етіп және 
араластыра отырып сұйык қоректік ортада өсіру. 
ТОТИПОТЕНТТІЛІК
- өсімдіктердің сомалық клеткаларының өсуге 
қабілеттілігін толық көрсете алуы, яғни ядро бүтін организм түзу 
мүмкіндігін іске асырады. 
ФЕНОТИП
- генотипімен және өсіру жағдайларымен анықталатын 
белгілер жиынтығы. 
ФИТОГОРМОНДАР
- (өсімдік гормондары) - аз мөлшерде 
синтезделіп, өсімдіктің өсуі мен дамуына тікелей әсер ететін 
биологиялық белсенді қосылыстар. 
ФИТОРЕТТЕГІШТЕР
- тыңайтқыш немесе гербицид сияқты әсері 
жоқ, бірақ өсімдіктің өсуі, дамуы және т.с.с. процестеріне әсер ететін, 
табиги немесе синтездік жолмен алынған қосылыстар. 


ЦИБРИД
- клетка қабықшасынан аршылған протопласт пен 
цитопластың (ядросы жоқ протопласт) косылуы нәтижесінде пайда 
болған өсімдік. 
ЦИТОКИНИНДЕР
- пурин туындыларына жататын фитогормондар; 
табиғи түрі зеатин: аналогтары: кинетин (6-фурфуриламинопурин), 
БАП 
(6-бензиламинопурин). 
Меристемалардың 
дамуын 
қарқындатады, бүршіктердің пайда болуын стимульдейді. 
ЦИТОПЛАСТ
- ядросы жоқ протопласт. 
ШТАММ
- клеткаларды бірінші рет жаңа қоректік ортаға көшіріп 
отырғызған соң түзілген клеткалар. Олар бірнеше клеткалар 
линиясынан тұрады және олардың барлығы алғашқы өсірілген 
клеткалардан пайда болады 
ІСІК ҰЛПАЛАРЫН ӨСІРУ
- ісік ауруымсн ауырған, бірак 
патогеннен арылтылған өсімдіктің оқшауланған ұлпасын жасанды 
қоректік ортада әсіру. 
ЭКСПЛАНТ
- мүшенің немесе ұлпаның бөлігі, оны жеке өсіруге 
немесе одан бастапқы каллус алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет