«Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебі


Теориялық деңгейінің сипаттамасы



бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі99,81 Kb.
#14835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3 апта Жылқыбай Айнұр

 

Теориялық деңгейінің сипаттамасы

Теориялық талдау – педагогикалық қбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен станымдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық қбылыстың мән – жайына енеміз.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:

1) формаландыру – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;

2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

3) гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Сипаттап біріктіру деңгейінің сипаттамасы

Ғылыми зерттеудің сипаттап-қорыту деңгейінде эксперимент жүргізілмейді. Бұл кезде табиғатта болатын құбылыс сипатталады. Мысалы, ауа-райы жағдайларына байланысты өсімдіктердің өсіп-жетілуін, фенологиялық кезеңдерден өтуін, аязға төзімділігін, қуаңшылыққа төзімділігін және т.б. жай ғана бақылау. Бұндай бақылаулар нәтижесі бойынша қорытынды шығарып, өндіріске тиімді ұсыныс жасауға болады. Бұл жерде ойлаудың пікір және ой түю сияқты формалары қолданылады.

Пікірқұбылыстың, үрдістің бар немесе болмайтынын айқындайтын ойлау формасы. Пікір дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін.

Ой түю – бір немесе өзара байланысты бірнеше пікірлерден жаңа білім шығару. Мысалы, жүгерінің жаңа буданының дән сапасы аудандастырылған сорт деңгейінде екені белгілі делік. Бұдан жаңа буданның сапасы, оның ауруларға, зиянкестерге және басқа да орта жағдайларына төзімділігі аудандастырылған сорт деңгейінде болады деп ой түюге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет