6М060700-«Биология» мамандығына арналған
«ӨСІМДІКТЕР БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ
Семей,2013
Мазмұны
1.Дәрістер
2.Зертханалық сабақтар
3.Емтихан сұрақтары
Дәрістер
№1 дәріс: Кіріспе. Биотехнологияның мақсаты мен міндеттері.
1.Жасушаны жасанды ортада өсіру.
2.Өсімдіктер биотехнологиясының даму тарихы.
Биотехнология – экономикалық маңызды заттар өндіру үшін, өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың жаңа түрлерін, микроорганизмдердің штаммаларын алу үшін биологиялық процестер мен объектілерді пайдаланатын ғылым мен өндірістің жаңа саласы.
Биотехнологияның негізгі мақсаты - мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға қажет селекциялық материалды аз уақыт ішінде алу үшін өсімдік жасушаларын өсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |