13-дәріс:
Тақырыбы: Стресс физиологиясы
Дәріс тезистері:
1.Стресс факторлары.
2.Клетка мен организм деңгейінде стресс механизмдері.
Ортаның зақымдайтын және қолайсыз абиотикалық пен биотикалық факторларынан қорғану қабілеті – кез келген, оның ішінде өсімдік организмінің ажырамас қасиеті.
Адаптация – морфологиялық, физиологиялық және химиялық бейімделу реакцияларының жиынтығы, олардың арқасында белгілі өсімдік түрі қолайсыз орта жағдайларында тірі қалады.
Бұл организм онтогенезінің аяқталуын қамтамасыз ететін гендерге байланысты төзімділік жүйелерінің қалыптасу үдерісі.Адаптацияның мақсаты – макромолекулалардың құрылыстық тұтастығын қолдау және реттеу жүйелерді сақтау, сондай-ақ, организмді энергиялық валютамен (ең алдымен АТФ), тотықсыздандырғыштармен және нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың алғашқы заттарымен қамтамасыз ету.
Өсімдіктердің экологиялық стресс жағдайында төзімділігін зерттеу, әсіресе, климаты қолайсыз аймақтардағы егіншілік үшін практикалық маңызы зор. Бұндай мәліметтер өсімдіктерді қолайсыз тіршілік ету жағдайында зерттеу үшін маңызды.
Өсімдіктердің зақымдаушы факторға реакциясы гендік аппаратымен қабылданады, бұл ретте геномның экспрессиясы жылдам өзгеріп, ақуыз синтезінде өзгерістер (түрлі стрестік ақуыздар, мысалы, ыстық әсерінен шок ақуыздары түзіледі) байқалады. Мембрана құрылысы өзгереді, метаболизм қайта құрылады, түрлі протекторлық (қорғаныш) қосылыстар, мысалы, пролин, сахароза, полиаминдер және т.б. синтезделіп, жиналады. Зақымдаушы фактор ұзақ әсер етсе, бұзылған жерді қалпына келтіруге бағытталған адаптивтік өзгерістер жүреді. Бұл орайда құрылымдық морфологиялық өзгерістер мен энергияның жұмсалуы байқалады.
Төзімділіктің жалпы теориясынан бөлек өсімдіктердің спецификалық факторларға адаптациясы мен төзімділігі туралы түсінік болуы керек. Спецификалық факторлар: құрғақшылық және оған төзімділік, төмен теріс температура және аязға төзімділік, төмен оң температура және суыққа төзімділік, жоғары температура және ыстыққа төзімділік, тұздалу және тұзға төзімділік, жұқпалы аурулар және түрлі иммунитет формалары.
5В011300-Биология мамандығы бойынша «Өсімдіктер физиологиясы» пәнінің
Достарыңызбен бөлісу: |