Өсімдіктер патшалығы



бет2/7
Дата07.01.2022
өлшемі5,56 Mb.
#18560
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Өсімдіктердің көбеюі 


Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз - жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті.

Өсімді көбею- 

тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы.

Жыныссыз көбею споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады.

Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбею кезінде ағзаның қалыптасқан белгілі пішіні бар бөлігінен аналық өсімдік пайда болады.

Жынысты көбею кезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар (жыныстық жасушалар) қосылып зигота пайда болады. Гаметалардың қосылуынан ұрықтану процесі жүріп, гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылады. Пайда болған жас ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, ортаның қолайсыз әсерлеріне төзімділігі арта түседі. Осы арқылы жыныстық көбею басқа көбею түрлерінен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет