Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу Жұмыс мақсаты


Түрлі ағзалар қанының формалы элементтерін зерттеу



бет4/11
Дата27.09.2023
өлшемі189,15 Kb.
#111102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Түрлі ағзалар қанының формалы элементтерін зерттеу
Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалар қанының формалы элементтерінің құрылысының ерекшеліктерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: микроскоп, адам, бақа, құс, лама немесе түйе, қоян қанының дайын микропрепараттары; егер дайын микропрепарат- тар болмаса, олардың кез келген 
тасымалдаушыдағы (электрондық, полиграфиялық) суреттері.
Жұмыс барысы
1. Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер) жатады.
2. Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі.
3. Эритроцитгер қан плазмасының осмостық қысымының әсеріне аса сезімтал болады. Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. 
4. Лейкоциттер - ядросы бар қан жасушалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас болады. Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғни ересек адамдай болады.

Эритроциттер

Қан жасушасының пішіні

Ядросының болуы

Түсі

Адам қанында

екі жағынан ойыс диск тәрізді

ядро болмайды

Қанның қызыл жасушалары

Бақа қанында

сопақ болып келеді

ядросы бар

ақшыл қызғылт


Қорытынды: Адам қанының эритроциттерінің мөлшері кішірек тек микроскоппен көруге болады. Бір мм куб қанда 4.5-5 млн эритроцит кездеседі. Диаметрі 7-8 мкр құрайды жуықтап капиляр қантамырының дм сәйкес келеді.Ал бақаның эрицоттерінің мөлшері үлкен. Диаметрі 22.8 мкр құрайды. Бірақ олардың саны көп емес. Бір мм куб қанда 0.38 млн эритроцит кездеседі. Баканың ядросы сақталған.
7 Зертханалық жұмыс
Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсер етуін зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет