Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы



Дата05.11.2022
өлшемі6,98 Mb.
#47768
Байланысты:
сөж саясаттану


Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы
Орындаған: Қалмахан Альбина, Сисенова Анель, Жасболатова Аружан
Топ: 209К
Жоспары:
    • Құлдық дәуірдегі ой-пікірлер
    • Орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар
    • Жаңа замандағы саяси ой
    • Марксистік саяси идеялар
    • Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер
    • ХХ ғасырдағы саяси ілім

Адамзат қоғамы сияқты ғылым мен білім,мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды.Олардың шарықтап шалқитын,құлдырап түсетін де кезеңдері болады.Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып,құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс-Мысыр,Вавилон,Үндістан,Қытай,Парсы елдеріне келеді.XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып,өркениеттіліктің үлгісін көрсетті.Мұнда ең алдымен математика,геометрия,астрономия,медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.
Құлдық дәуірдегі саяси ой пікірлер
Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек.Керісінше,ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа бөлген.
Әкімдер
Қорғаушылар
Өндірушілер
Әкімдер табиғатынан шындықты,ақиқатты,игілік идеясын саралап,танып-білуге қабілетті,икемді болуы керек.Қорғаушылар әкімдердің ой,ниеттерін іске асырады,мемлекетті қорғайды.Өндірушілер өмірге керекті қаржылар тауып,мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді.Олар билеу ісіне араласпайды.
Аристократия
Тимократия
Олигархия
Демократия
Тирания
Платон қоғамдық меншікті қолдап,жеке меншікке қарсы тұрды.Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді,дау-жанжалдарды,қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады.Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:
Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды.Онда ақыл,парасаттылық билейді,оның принциптері-адамгершілік,абырой,ар-намыс деп санады.
´Аристотельдің ойынша, мемлекет-қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрдерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрым түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастауларының пайдасын ойлайтын көрінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдығын, парасаттылығын жоймайды.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды.
Жаңа замандағы саяси ой
´Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды
Марксистік саяси идеялар
Карл Маркс (1818-1883ж.ж.) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады
Біріншісі-тарихты материалистік түрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дамуда, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терең келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және коғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді
Екінші жаңалығы-капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш-жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат-буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы
Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақыттан бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, кайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.
Қазақ даласындағы саяси ой пікірлер
XX ғасырдағы саяси ілім
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орасан зор өзгерістер болды, XX ғасырдағы саяси ілім мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық-мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөліңді.
Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі—элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны біддіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді. Моска (1856—1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың—үстемдік жүргізуші азшылықтың (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халык, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады. В.Парето (1848—1923) «Жалпы социология жөніндегі трактаттар деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы.
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет