«Тоқ ішектің жиектік бөлігінің рагі» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары 1. Жиек ішектің оң және сол жақ рагының клиникалық көріністерінің әртүрлі болуы негізінен мына факторларға байланысты:
А. Қанмен қамтамасыздану ерекшеліктері
Б. Ісіктің морфологиялық пісіп-жетілуінің дәрежесі
В. Ішек диаметрі+
Г. Ісіктің гистологиялық типі
Д. Ішектің жиырылу қызметіне
2. Жиек ішек рагының ісік алды ауруларына келесі аурулардың ішінде қайсысы жатпайады:
А. Созылмалы жаралы колит
Б. Бүрлі полип
В. Аденоматозды полип
Г. Терминалды илеит+
Д. Жанұялық жайылмалы полипоз
3.Жиек ішек полиптерінің алуан түрлерінің арасында малигнизациялануға әсіресе бейім келетіні:
А. Аденоматозды
Б. Гиперпластикалық
В. Бүрлі+
Г. Терминалды полип
Д. Жіңішке, жұқа аяқшалы полип
4. Жиек ішек рагына тән асқынуларға төмендегілердің қайсысы жатпайды:
А. Ішек түйілуі
Б. Ішек тесілуі
В. Қан кету
Г. Инфекция түсуі, іріңдеу
Д. Токсикалық панкреатит+
5. Жиек ішек рагы кезіндегі токсикалық-анемиялық синдромды сипаттайтын симптомдарға қайсысы жатпайды:
А. Гипохромды анемия
Б. Қызба
В. Үдемелі жалпы әлсіздік
Г. Пальпацияланатын ісік+
Д. Арықтау
6. Жиек ішектің оң жақ бөлігінің рагы диагнозын қою үшін келесі әдістердің қайсысы қолданылмады:
А. Жалпы қан анализі
Б. Ирригография
В. Фиброколоноскопия
Г. Ректороманоскопия+
Д. Биоптатты цито-морфологиялық зерттеу
7. Жиек ішектің қандай полиптерінің малигнизацияға бейімділігі төменірек болады:
А. гиперпластикалық+
Б. бүрлі
В. аденоматозды
Г. көптеген аденоматозды
Д. барлық жағдайдағы малигнизация пайызы бірдей
8. Жиек ішектің оң жақ бөлігінің рагы кезінде таңдалатын түбегейлі хирургиялық емдеу әдісі:
А. Гартман операциясы
Б. Оң жақтық гемиколэктомия+
В. Соқыр ішек резекциясы
Г. Цекостома
Д. Илеотрансверзоанастомоз
9. Жиек ішектің төмендеуші бөлігінің рагы кезінде таңдалатын түбегейлі хирургиялық емдеу әдісі:
А. Гартман операциясы
Б. Жиек ішектің төмендеуші бөлігінің резекциясы
В. Сол жақты гемиколэктомия+
Г. Трансверзостомия
Д. Сигмотрансверзоанастомоз
10. Сигма тәрізді ішек рагының II-кезеңі жедел ішек түйілуімен асқынған, қандай операциялық шара көрсетілген:
А. Сол жақты гемиколэктомия
Б. Гартман операциясы+
В. Жасанды анус салу
Г. Сигма тәрізді ішек резекциясымен қатар колоректоанастомоз
Д. Цекостомия
11. Жиек ішектің оң жақ бөлігінің бейоперабельді рагы кезінде жасалатын операция:
А. оң жақты гемиколэктомия
Б. Илеотрансверзоанастомоз+
В. Трансверзостомия
Г. Гартман операциясы
Д. Екі бағаналы жасанды анус
12. Жиек ішектің төмендеуші бөлігінің бейоперабельді рагы кезінде жасалатын операция:
А. Гартман операциясы
Б. Транзверзостомия+
В. Сол жақты гемиколэктомия
Г. Илеотрансверзоанастомоз
Д. оң жақты гемиколэктомия
13. Жиек ішек рагына күдіктенуге мәжбүр ететін қауіп сигналына төмендегілердің қайсысы жатпайды:
А. Іш қатуы мен дефекация актісінен кейінгі іштің толық босамау сезімі
Б. Жиі іш кебуі және іштің құрылдауы
В. Қан аралас нәжіс немесе анемия белгілері
Г. Түсініксіз қызба жағдайы
Д. Эпигастрийдегі ауырлық сезімі+
14. Жиек ішек рагының рентгенологиялық белгілері болып табылады:
А. Ішек қабырғасындағы контуры тегіс емес болып келген, шеттік толу кемістігі
Б. Шеттері жұмырланған, жалпақ толу кемістігі және ортасындағы жиналып қалған барий
В. Ішек өзегінің сақина тәрізді тарылуы және қабырғаларының қатаюы
Г. Рельефінің өзгеруі және шырышты қабат қатпарларының үзілуі
Д. аталғандардың барлығы+
15. Жиек ішек рагының түбегейлі емдеу әдісі:
А. Хирургиялық+
Б. Сәулелік
В. Химиотерапиялық
Г. Химиялық-сәулелік
Д. Иммунологиялық
16. Жиек ішек рагы кезіндегі хирургиялық емнің тәсілін таңдау төмендегілердің қайсысына тәуелді емес:
А. ісіктің орналасқан жеріне