арқылы полиамид шайырынан (поликапроамид) капрон талшығын алады.
Бастапқы шайырдың тұйық тізбекті капролактан мономерін (лактан Е
аминокапрон қышқылы) термиялық полимеризациялау әдісімен өндіреді.
Тұйықтың ашылуына және ұзын макромолекуланың түзілуіне, оның
полимеризациялануына су, қышқыл және тұз ерітінділерінің болуы жағдай
жасайды. Капрлактанның полимерлену үрдісі сатылы механизммен жүреді.
Капрон және басқа полиамид талшықтары берік, мықты, иілгіш, эластикалық
қасиеттері жоғары және сілтілерге көмірсутектерге, спирттерге, кетондарға,
микроорганизмдерге төзімді, әрі көгермейді. Капроннан жоғары сапалы
электризоляция, арқан, парашют, техникалық маталар және машинаның
бөлшектерін (подшипник, тісті дөңгелек және т.б.) дайындайды.
Медициналық талшықтар қазіргі уақытта кең ассортиментте таралған.
Медициналық талшықтарға келесілер жатады: Антимикробты (бактерицидті);
Гемостатикалық; тігісті; Анестезиялық; Радиоактивті және қабынуға қарсы
талшықтар. Медициналық талшықтарды алу үшін көбінесе полимерлер
жарамды, өйткені олардың құрамында реакцияға қабілетті топтар болады.
Мысалы целлюлоза немесе ПВС, олардың гидроксильді топтары жеңіл дәрілік
препараттар немесе биологиялық активті атомдарға және топтарға
байланыстырылады.
Гидратцеллюлозды
талшықтардың
гидроксильді
топтарының анықталған сандары СООН, топтарына дейін тотығып содан соң
Аg немесе Нg тұздардың сулы ерітіндісімен өңделгеннен кейін бактерицидті
болады. Медицинада көп қолданылатындар: Целлюлозаның боялған
(сабындалған) ацеттатарынан алынған тігістік жіптер; Беріктігі жоғары жіптер
және ПЭТ талшықтарынан алынған протезді материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: