Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология»


Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар.  Реагент



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата28.03.2023
өлшемі1,26 Mb.
#76777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар. 


Реагент – химиялық реакцияны жеңілдететін және белгілі бір функциялары 
бар заттар.
Мақсатты өнім – осы химиялық технологияны жүзеге асыруда көзделіп 
отырған өнім.
Аралық өнім (жартылай өнім) – өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан 
кейін шикізатты қайта өңдеу процесінде қалыптасқан материалдар және келесі 
кезеңдерге арналған шикізат болып табылады.
Жанама өнім – шикізатты өңдеу процесі барысында мақсатты өніммен қатар 
түзілетін, бірақ берілген өндірістің мақсаты болып табылмайтын материал. 
Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен 
өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Аралық өнім, жанама өнім және 
қалдықтар қосымша өңдеуден кейін немесе өңдеусіз басқа өндірісте шикізат 
ретінде қолданыс таба алады. 
2. Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тәртібі мен 
молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.
Шикізат және материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен 
үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды. Химиялық өндіріс 
үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл 
– негізгі химиялық үдеріс: шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге 
ауыстыру. Ол молекулалық диффузия немесе конвекция әдістерімен жүзеге 
асырылады. Әрекеттесетін заттарды қатты араластырған уақытта конвективті 
ауысу турбулентті диффузияны туғызады); шикізат компоненттерінің өзара 
химиялық әрекеттесуі; алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу 
сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады. Шикізаттан дайын өнім 
алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін және бір-бірімен өзара 
байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс 
(ХТҮ) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет