гидролизерге (6) жіберіледі. Гидролизердің (гидролиз жүретін аппараты)(6)
жоғары шетінен гидролиз аппаратына су енгізіледі.
1Мпа қысымында 100-1100 температурада гидролиз аппаратында (6)
этилсульфаттары гидролизденіп этил спиртін түзеді.
Бу күйіндегі спирт сутоңазытқышында (4) конденсацияланып, конденсатор
ректификациялау колоннасында (5) айдалып қоспалардан тазартылады.
Сұйылған күкірт қышқылы 50%-ды гидролизерден шығаралып концентрлеуге
жіберіледі, концентрленген күкірт қышқылы
технологиялық процеске
қайтадан келіп абсорберді (1) шашырау әдісімен суғарады.
Қолданылуы. Этанол тамақ, медицина және каучук өндірісінде кеңінен
қолданылады, сонымен
қатар ракетаның сұйық отынының, антифриздің т.б.
компоненттерінің бірі. Этанол, әсіресе, органикалық синтезде өте көп
мөлшерде еріткіш ретінде және жартылай шикізат ретінде, мысалы, күрделі
эфирлерді, хлороформды, ацетальдегидті, сірке
қышқылын бутадиенді және
басқа өнімдерді өндіруде пайдаланылады. Этанол медицинада өте кең
қолданысқа ие, мұнда оның өз атауы бар: медициналық антисептикалық
ерітінді - құрамында 95-96% (4-5% - су) концентрациясындағы этанол бар дәрі,
әмбебап жергілікті антисептик және вазодилататор ретінде қолданылады.
Бұдан басқа көптеген қолдану тәсілдері бар:
- этил спиртін антисептикалық заттарға жатқызуға болады;
- дезинфекциялаушы және
кептіруші ретінде;
- 96% этил спиртінің кептіру және тотығу қасиеттері операциялық өрісті өңдеу
үшін немесе хирургтың қолын өңдеудің кейбір әдістерінде қолданылады;
-дәрілік заттарға арналған еріткіш,
өсімдік шикізатынан тұнбалар,
сығындылар және т. б дайындау үшін;
-
тұнбалар мен сығындыларға арналған консервант (минималды
концентрациясы 18%);
- дене қызуы кезінде салқындату үшін (ысқылау үшін);
- дәрі-дәрмек құралдарының тапшылығы жағдайындағы жалпы анестезия
құрамдауышы;
- этанол-метанол және этиленгликоль сияқты кейбір улы спирттермен улануға
қарсы дәрі.
Достарыңызбен бөлісу: