Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология»


Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық, экономикалық



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата28.03.2023
өлшемі1,26 Mb.
#76777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
ОХТ ОТВЕТЫ

4. Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық, экономикалық, 
эксплуатациялық.
Химиялық өндірістің және технологиялық үдерістің пайдалылығы мен 
тиімділігін әртүрлі көрсеткіш-термен анықтайды. Техникалық көрсеткіштер 
химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды. Химиялық-
технологиялық процестердің техникалық көрсеткіштеріне: өнімділік, өндіріс 
қуаты, интенсивтілік, шығын коэффиценті, айналу дәрежесі, өнім шығымы, 
талғампаздық жатады. Өнімділік - өндірілген өнімнің мөлшері немесе бірлік 


уақыт ішінде өңделген өнім. Өндіріс қуаты - аппараттың оптималды 
жағдайдағы ең жоғарғы өнімділігі. Интенсивтілік - бірлік уақыттағы аппарат 
өнімділігінің аппарат көлеміне немесе өнім өндіретін ауданына қатынасы. 
Жұмсалу коэффициенті - белгілі мөлшерде өндірілген өнімге жұмсалған 
шикізаттың, судың, энергияның және әртүрлі реагенттердің мөлшері. Айналу 
дәрежесі - бұл реакцияға түскен реагент мөлшерінің, алғашқы реагент 
мөлшеріне қатынасы. Өнім шығымы - мақсатты өнім мөлшерінің, оның 
стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті мөлшеріне қатынасы немесе 
шын өндірілген өнімнің теорияға сәйкес өндірілетін өнім мөлшеріне 
қатынасы. Талғампаздық - мақсатты өнімнің жалпы шыққан өнімге қатынасы.
Эксплутациондық көрсеткіштер – өндірісте және химиялықтехнологиялық 
үдерісте регламенттік жағдаймен күйден ауытқулар пайда болған өзгерістерді 
сипаттайды. 
Үдерістің 
көрсеткіштеріне 
ауытқулардың 
әсерін 
эксплутациондық көрсеткіштермен анықтайды. 
Экономикалық көрсеткіштер – өндірістің экономикалық тиімділігін 
анықтайды.
5. Химия-технологиялық жүйе және үдеріс. Химия-фармацевтикалық 
технологияның негізгі үдерістерін жіктеу.
Шикізат және материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен 
үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды. Химиялық 
өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін 
өңделеді.
Бұл: 
– негізгі химиялық үдеріс: 
– шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру); 
– шикізат компоненттерінің өзара химиялық әрекеттесуі; 
– алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше 
операциялармен жүзеге асырылады. Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында 
белгілі бір кезектесіп жүретін және бір-бірімен өзара байланысқан 
үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп 
атайды. Жалпы алғанда химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін 
үш сатыдан тұрады: 
1. Шикізатты химиялық өңдеуге дайындау: А>А:B>B 
мұндағы, А, В – дайындауға дейінгі шикізат; А1 , В1 – дайындалған шикізат; 
2. Дайындалған шикізаттың реакция өніміне дейін химиялық өзгерісі екі 
сызбанұсқамен жүреді: 
A + В= C (негізгі реакция); 
A + B=P (қосымша реакция), мұндағы С – мақсатты өнім; Р – қосымша өнім. 
3. Реакциялық қоспадан мақсатты өнімді бөлу және оны тазалау. ХТҮ-тің 
негізгі параметрлері: температура, қысым, реагенттер концентрациясы, 
катализатор сипаттамасы, реагенттердің жанасу ұзақтығы, реагент ағысының 


көлемдік жылдамдығы және т.б. ХТҮ-ті жүргізудің оптималды шарты: 
берілген сападағы мақсатты өнімнің жоғары шығымы, жоғары жылдамдық, 
төмен өзіндік құн, қоршаған ортаны мейілінше аз ластау. Күрделі ХТҮ-тің 
маңызды сатысы – химиялық үдеріс (жылу және масса алмасу үдерістерімен 
жүретін бір немесе бірнеше химиялық реакциялар). Осыдан, химиялық 
реакция – ХТҮ-тің анықтаушы сатысы.
Жүйе деп өндірістегі элементтер және байланыстар арасындағы біртұтас 
жиынтықты айтады. Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты 
(шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа 
қондырғылардың (элементтер) және материалдық, энергетикалық, басқа 
ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады. ХТЖ-нің 
жалпы белгілері: химиялық өнім шығару;элементтің көп түрлілігі және 
олардың өзара байланысы; жүйенің жұмысын сипаттайтын параметрлер 
санының көптілігі; жүйе жұмысының өзара байланыстылығы мен күрделілігі; 
өндіріс үдерістерін басқаруды автоматтандыру дәрежесінің жоғарылығы; 
жүйенің элементтер арасындағы ақпараттарды басқару және тіркеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет