байыту әдісі көбінесе темір кендерін – магнитті темір (магнетит) қызыл темір
тас, қоңыр темір тас, темір колчедан және т.б. байытуға қолданылады, осы
әдіспен шикізатты ұсақтағанда сырттан қосылған темірлерді, темір жаңқасын
қоладан бөліп алуға болады.
3.Электрстатистикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі
бөлшектердің
электр
өткізгіштігінің
өзгешіліктеріне
негізделген.
Электрстатистикалық сеператорларда магнит өрісінің орнына жоғары вольтты
ток түзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродтар орнатылады.
Электр өткізгіштігі жоғары минерал бөлшектері теріс зарядталады да, тебіліп
алыстағы бункерге түседі, ал диэлектриктер транспортер лентасының
астындағы бункерге жиналады. Осылай электр тогын өткізетін кендерді
өткізбейтіндерден айырып алады. Флотация - физика-химиялық байыту әдісі,
әрі көп қолданылатын әдіс.
4.Термиялық байыту ұсатылған шикізатқ ұрамындағы компоненттердің балқу
температураларының айырмашылығына негізделген. Мысалы: гипс
құрамындағы сап күкірт шикізаты 150-200 С қыздырғанда элементарлы
күйінде бөлінеді.
5.Химиялық байыту шикізат құрамындағы компоненттердің химиялық
реагенттермен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген. Химиялық
реакциялар нәтижесінде қоспа құрамындағы компоненттер тұнбаға тұнуы,
газға айналуы, балқыған күйінде, т.б. құбылыстарға ұшырауы мүмкін
6.Сұйық материалдарды байыту. Сұйық материалдарды байыту: еріткішті
буландыру, ерітіндіге пайдалы компонентті үстемелеп қосу, ерітіндіден бөгде
заттарды тұнбаға түсіру немесе оларды газ күйіне ауыстыру (бөгде заттарды
буландыру – десорбция) сияқты әдістерге негізделген.
7.Газдарды байыту белгілі бір газды бөліп алу олардың қоспа құрамындағы
газдардың қайнау, сұйыққа айналу температураларының, ерігіштігінің
айырмашылығына негізделген. Газдарды байыту әдістерінің көп қолданатын
екінші түрі - сорбциялық әдісі газдардың сұйыққа немесе қатты заттарға
(белгілі жағдайда-төменгі температура және жоғарғы қысымда) таңдамалы
сорбциялануына негізделген. Әртүрлі заттардың қайнау температураларының
айырымына негізделген әдіс ректификация.
Достарыңызбен бөлісу: