7. Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары. Химиялық өнеркәсіпте шикізат ретінде 80-нен астам элементтер қоспасы
пайдаланылады. Бұл элементтер жер қыртысында біркелкі таралмаған, олар
табиғаты, концентрациясы және географиялық орналасуы бойынша әр түрлі
болып келеді. Элементтердің табиғатта таралуының сандық сипаттамаларына
кларк алынаған. Кларк – жер қыртысының 1тоннасына келетін осы элементтің
граммен немесе массалық процентпен алынған шамасы. Химиялық
шикізаттың барлық ресурстары: Қорлар – анықталған және зерттелген
ресурстар: А тобына егжей-тегжейлі барланған және өндіруге дайындалған
қорлар; Б тобына геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде табылған
қорлар; С тобына геофизикалық барлау және көзбен қарау жолымен табылған
қорлар. Потенциалдық ресурстар. Шикізат – өндіріс өнімдерін өндіруге
пайдаланатын табиғи заттар және жартылай өнімдер. Шикізат – өндірістің
экономикасын
көрсететін,
өндірілетін
өнімнің
технологиясы мен
аппараттарының таңдалуы мен сапасы тәуелді болып келетін өндірістің ең
негізгі элементі. Химиялық өндірістің әр түрлі сатыларында мынадай
материалдық объектілер орын алады:
1. Бастапқы зат (шикізат);
2. Аралық өнім (жартылай өнім);
3. Мақсатты өнім (дайын өнім);
4. Жанама өнім;
5. Қалдық.
Жартылай өнімдер – өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан өңдеуден
өткен, бірақ дайын мақсатты өнім ретінде тұтынылмаған зат.
Жанама өнімдер – өңдеу кезінде мақсатты өніммен қатар алынатын, бірақ
берілген өндірістің көздегеніне жатпайтын өнімдер.
Өндіріс қалдықтары – өндіріс кезінде пайда болатын өзінің қажетті сапасын
толықтай немесе жартылай жоғалтқан шикізаттың, материалдардың және
жартылай өнімдердің қалдығы. Жартылай өнімдер, жанама өнімдер және
өндіріс қалдықтары алдын ала өңдеуден өткен соң басқа өндірістер үшін
шикізат болуы мүмкін. Химиялық өндірістің шикізаттарына тау-кен, мұнай,
газ, коксохимия, орман және целлюлоза қағаз өндірістерінің, қара және түсті
металлургияның өнімдері жатады.