ҚОСҮйлі қалақай тамырының химиялық ҚҰрамын зерттеу шакир А. Ж., Мұсабай Ә. С., Азимбаева Г. Е



бет3/3
Дата30.11.2022
өлшемі31,6 Kb.
#54002
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Мақала қалақай

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Зерттеу нысаны ретінде Алматы қаласы Медеу таулы аумағынан қыркүйек айында жиналған қосүйлі қалақай тамыры алынды.
Қосүйлі қалақай тамыры шикізатының ылғалдығы, күлділігі, құрамындағы бос органикалық қышқылдар анықталды. Қосүйлі қалақай тамырының сулы ерітіндісінің рН-ы «рН-150МИ» маркалы рН-метрде анықталды. Ал ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық, шикізат құрамындағы бос органикалық қышқылдарды титриметриялық әдіспен анықталды [7]. Зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген.

Кесте – 1. Қосүйлі қалақай тамырының физика-химиялық құрамы





Шикізат атауы

Сулы ерітіндісінің pH-ы
23˚C

Ылғалды-лығы, %

Күлділігі, %

Бос органикалық қышқылдар, %

1.

Алматы қаласы Медеу таулы аумағының қалақай тамыры

5,35

4,2

14,8

5,25

1-ші кесте мәліметтерін талқылайтын болсақ, қосүйлі қалақай тамырының сулы ерітіндісінің рН-ы әлсіз қышқылдық ортаны көрсетеді. Ылғалдылығы мемлекеттік стандарттан ауытқымайды. Күлділік мөлшері жоғары, яғни қосүйлі қалақай тамырының құрамындағы макро-, микроэлементтердің көптігін көрсетеді. Бос органикалық қышқылдардың мөлшері шикізат құрамында янтарь, алма, лимон т.б. органикалық қышқылдардың бар екенін көрсетеді.


Ақуыздың массалық үлесі МСТ 13496,4; крахмалдың массалық үлесі МСТ 10845-76; майдың массалық үлесі МСТ 13469715-97; көмірсудың массалық үлесі перманганометриялық, жасунықтың массалық үлесі МСТ 31675-2012 әдістерімен анықталды. Зерттеу нәтижелері 2-кестеде көрсетілген.

Кесте – 2. Қосүйлі қалақай тамырының биологиялық белсенді заттары



Көрсеткіштердің атауы, өлшем бірліктері

Нақты нәтижелер

Сынақ әдістеріне ҚҚ

1

2

3

ақуыздың массалық үлесі, %

11,78±0,05

МСТ 13496,4

крахмалдың массалық үлесі, %

2,03±0,08

МСТ 10845-76

майдың массалық үлесі, %

4,64±0,05

МСТ 13469715-97

көмірсудың массалық үлесі, %

22,84±0,35

Перманганометриялық әдіс

жасунықтың массалық үлесі, %

9,13±0,37

МСТ 31675-2012

2–ші кесте мәліметтеріне сүйенетін болсақ, қосүйлі қалақай тамыры көмірсуға, ақуызға, жасуныққа бай екенін көруге болады. Сонымен қатар май, крахмалдың массалық үлестері де жеткілікті мөлшерде. Тамыр құрамында көмірсу мөлшері көп болуына байланысты қосүйлі қалақай тамырынан инулин мен қантты бөліп алуға болады.

Қосүйлі қалақай тамыры құрамының элементтік мөлшерін Металлургия және байыту институты зертханасында «Optima mod. 8000 және 8300» индуктивті байланысқан плазмалық эмиссиялық спектрометр көмегімен зерттелінді. Нәтижесінде қосүйлі қалақай тамыры құрамынан 42 элемент анықталды. Зерттеу нәтижелері 3-кестеде көрсетілген.

Кесте – 3. Қосүйлі қалақай тамырының элементтік мөлшері





Элементтер атауы

ПИК шыңы

wt%

1

Al

396,153

2,35731

2

As

188,979

-0,00274

3

B

249,772

0,12533

4

Be

313,107

-0,00013

5

Bi

223,061

-0,01294

6

Ca

317,933

2,54250

7

Cd

228,802

-0,00020

8

Co

238,892

-0,12524

9

Cr

267,716

0,00493

10

Cs

455,531

0,02329

11

Cu

327,393

0,00989

12

Fe

239,562

1,48266

13

Ga

417,206

0,00490

14

Ge

265,118

0,00004

15

Hf

264,141

0,00603

16

In

230,606

-0,00025

17

Ir

224,268

0,00462

18

Li

670,784

0,00573

19

Mg

285,213

1,04195

20

Mn

259,372

0,06902

21

Mo

202,031

0,00012

22

Ni

231,604

0,00325

23

P

213,617

2,53639

24

Pb

220,353

0,00158

25

Pd

340,458

-0,01105

26

Pt

214,423

-0,00086

27

Rb

780,023

0,01399

28

Re

197,248

0,00071

29

Rh

343,489

0,00003

30

Sb

206,836

-0,00373

31

Se

196,026

-0,00632

32

Sn

189,927

-0,00472

33

Sr

407,771

0,03000

34

Ta

226,230

-0,06122

35

Te

214,281

-0,00075

36

Ti

334,940

0,08088

37

Tl

190,801

0,00000

38

U

409,014

-0,00138

39

V

290,880

0,00533

40

W

207,912

-0,00068

41

Zn

206,200

0,02720

42

Zr

343,823

0.00515

3- кестеге сүйенетін болсақ, қосүйлі қалақай құрамында Al, Ca, Fe, Mg, P, B, Sr, Mn, Cu, Zn элементтерінің мөлшері көп екенін байқауға болады. Бұл элементтердің ағзаға тигізер пайдалары өте көп. Мысал келтірер болсақ, Al элементі эпителийдің құрылысы мен қалпына келу процесіне (регенерация); қолайлы мөлшерде метоболизмді қалыпқа келтіруге ықпал етіп, ас қорыту ферменттерінің белсенділігін арттырады.


Кальций сүйек тінінің негізгі элементі болғандықтан, оның ағзада жеткілікті мөлшерде болуы сүйек қаңқасының дұрыс қалыптасуы мен дамуы, сонымен қатар сүйек сынғыштығының алдын алу үшін маңызды.
Темір қышқылдану, қайта қалпына келу сондай-ақ тыныс алу және қан түзу үрдістеріне қатысады. Бұдан бөлек бұл қанның, нәруыздың, кейбір ферменттердің құрамында болатын маңызды микроэлементтердің бірі болып саналады.
Магний – жүйке және бұлшық ет жүйесінің саулығы, тіс және сүйектер үшін маңызды.
Фосфор – көмірсу мен нәруыздың қалыпты қайта өңделуін қамтамасыз ете отырып, метаболизм қызметін бақылай отыра жүйке импультарының ағынының жылдамдығына жауап береді.
Бор – майлардың, көмірсулардың алмасуына белсенді түрде қатысады, жеке ферменттердің қызметін ынталандырады.
Стронций – медицинада тірек-қимыл аппаратының ауруларын, мысалы остеопороз сияқты сырқатты емдеуде белсенді түрде қолданылады және сүйек байланыстарының беріктігін нығайтады. 
Марганец – инсулин мүмкіндіктерін күшейтеді, жасушалық мембраналардың құрылымдық бүтіндігін ұстап тұрады.
Мыс – темірді гемоглобинге өңдеу үшін қажет. Сонымен қатар коллаген, эластин өндіру процесіне қатысады.
Мырыш – орталық жүйке жүйесін бақылауға қатысады, мишықтың жұмысын қалыпқа келтіреді, есте сақтау қабілетін жоғарылатады, зейінді нығайтады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қосүйлі қалақай тамырының сулы ерітіндісінің рН-ы, ылғалдығы, күлділігі, құрамындағы бос органикалық қышқылдар анықталды. Нәтижесінде қосүйлі қалақай тамырының құрамында бос органикалық қышқылдар көп екені анықталды.
Сонымен қатар, қосүйлі қалақай тамырындағы биологиялық белсенді заттардың (ақуыз, крахмал, май, көмірсу, жасунық) мөлшерлері анықталып, нәтижесінде тамыр құрамы көмірсуға, ақуызға, жасуныққа бай екенін көруге болады.
Және де қосүйлі қалақайдың тамырының құрамындағы элементтердің мөлшерін зерттеу барысында өсімдік тамыры құрамында 42 химиялық элемент бар екені белгілі болды. Анықталған элементтердің адам ағзасына келтіретін пайдалары орасан зор. Олардың көпшілігі қанның ұю үрдістеріне, сүйектің дұрыс қалыптасуына, ағзадағы зат алмасу процестеріне, ферменттердің қалыпты жұмыс жасауына өз септігін тигізеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Курамысова И. И. и др. 93 Лекарственные растения (заготовка, хранение, переработка, применение) / И. И. Курамысова, В. Ф. Аксенова, Н. Г. Татимова.- 3 - е изд., доп. и перераб.- Алма - Ата: Кайнар, 1988.- 304 c

  2. Ioana Nencu, Laurian Vlase, Viorica Istudor, Tamas Mircea "Preliminary research regarding urtica urens l. And urtica dioica l." 2013, p. 713

  3. Bhuwan Chandra Joshi, Minky Mukhija, Ajudhia Nath Kalia, Department of Pharmacognosy, Indo‑Soviet‑Friendship College of Pharmacy Moga, Punjab, India, "Pharmacognostical review of Urtica dioica L." 2014, p. 206-207

  4. Journal of Medicinal Plants Research Vol. 6(46), pp. 5714-5719, 3 December, 2012 Available online athttp://www.academicjournals.org/JMPRDOI: 5897/JMPR12.540 ISSN 1996-0875 , 2012 Academic Journals

  5. Journal of Siberian Federal University. Biology 4 (2012 5); p. 352-386

  6. Mohamed Bnouham, Fatima-Zahra Merhfour, Abderrahim Ziyyat, Hassane Mekhfi, Mohammed Aziz, Abdelkhaleq Legssyer «Antihyperglycemic activity of the aqueous extract of Urtica dioica» 2003, p. 248

  7. Н.И.Гринкевич, Л.И.Сафронич. Химический анализ лекарственных растений, М.,1983 170-172с


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет