Осман империясының тарихында ХІХ ғасыр «Реформалар ғасыры» деген атпен тарихқа енді. Империя өзінің бұрынғы күш-қуатын қайта тіктеп, заманауи саяси-тарихи процеске ілесуге тырысты


Keywords. Ottoman Empire, reform of Tanzimat, Mustafa Reşit Paşa, European states, Modernization, International system. Кіріспе



бет3/6
Дата13.07.2022
өлшемі60,7 Kb.
#37641
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sciPaper166921

Keywords. Ottoman Empire, reform of Tanzimat, Mustafa Reşit Paşa, European states, Modernization, International system.


Кіріспе
Танзимат реформаларының қабылдануының алғышарттары ХІХ ғасрыдың алғашқы ширегінен басталып, ол сол заманғы қоғам мен саяси жүйенің талабы болды. Танзимат рефеормалары сұлтан ІІ Махмұт кезінен басталып, бұл процесс келесі сұлтан Абдулмежит кезінде жалғасын тапты. Сұлтан ІІ Махмұт Осман империясында алғашқы реформатор саналған сұлтан ІІІ Селімнің реформаларын жалғастыруға тырысты. 1826 жылы Осман империясының тарихында янычарлар корпусын толығымен жойды. Бұл үлкен істің бірі саналып, реформаның көлемді түрде қолға алынғаны осыдан байқалды. Мемлекет пен қоғамдағы тәртіптің, жүйенің ескі тәртіппен жалғасуы Осман империясын саяси-экономикалық дамудан артта қалдырды. Еуропалық империялар уақыт санап жылдам қарқынмен дамыды, олар Осман империясын әлдеқайда артта қалдырып, оны тек өз пайдасына қолдануды көздеді.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу тақырыбына қатысты негізгі деректердің бірі – Танзимат дәуірінің бастамасы болған «Гүльхане хатт-и-шерифі» деген атпен жариялаған эдиектінің көшірмесі болып саналады. Сонымен бірге түрлі құжаттар жинақтары мен материалдар тақырыптың деректік негізін құрайды. Осман империясының, Франция және басқа да еуропалық архивтерінің материалдары негізінде дайындалған құжаттар жинақтары Танзимат дәуірінде Еуропа мемлекеттерінің Осман империясына ықпалы мен Мұстафа Решид пашаның дипломатиялық қызметі туралы көрсетеді. Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы саяси байланыстарға қатысты құжаттық деректер көшірмелері жинағы ерекше орынға ие. Осындай құжаттар жинағы Антони Хокайемнің «Осман империясының араб провинциялары» (Les Provinces arabes de L’Empire Оttoman Archives du ministère des Affaires trangères de France: 1793-1918) атты құжаттар жинағы болып табылады. Құжаттар жинағында Танзимат реформалары мен оның аясында Осман империясы мен еуропалық империялар арасында жүргізілген саяси факторлар көрсетіледі. (Antoine, 1988).
Дәл осы секілді мұрағат құжаттарын жинақтау арқылы Францияда жарияланған көлемді құжат жинақтарының бірі Осман империясының сыртқы саяси тарихына қатысты төрт томнан тұратын аса көлемді құжаттар жинағы болып табылады. Бұл құжаттар жинағын (Recueil D’actes Internationaux de L’Empire Ottoman – Осман империясының халықаралық байланыстары бойынша актілер) Габриель Норадук жинақтаған (Noradounghian, 1978). Бұл жинақ, Осман империясының құрылуынан бастап құлауына дейінгі сыртқы саяси тарихына қатысты құжаттарды қамтитынымен ерекшеленеді. Құжаттардың негізін Танзимат реформасына қатысты құжаттар, фирмандар, хаттамалар, келісімшарттар мен конвенциялар және осы секілді материалдар түрлері құрайды.
Зерттеу жұмысында түркиялық және еуропалық ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері мен тұжырымдары қолданыс тапты. Мақаланы жазуда тарих ғылымының дәстүрлі және заманауи методологиясына негізделген тарихи-салыстырмалылық, тарихи типологиялық, сипаттау, ғылыми талдау мен синтез және тарихи жүйелеу әдістері қолданысқа енді. Сондай-ақ, теміжолдың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен оларға қатысты фактілерді талдауда және жалпы экономикалық процестерді қарастыруда зерттеу жұмысында тарих ғылымының заманауи пәнаралық әдістері басшылыққа алынды. Сонымен қатар, ең маңыздысы, Осман империясында ХІХ ғасырда орын алған реформалық кезеңнің тарихын қарастыруда және оған еуропалық империялардың ықпалын анықтауда, мемлекеттер арасындағы саяси байланыстарды талдауда жершілдік пен діншілдік еуроцентристік, ұлтшылдық, түрікшілдік және ең бастысы мұсылмандық көзқарастардан бас тартып, тақырыптың өзекті мәселелерін объективті түрде шешуге талпыныс жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет