Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі (бейтараптау) қышқыл мен негіз әрекеттесуіне, яғни бейтараптау реакциясына негізделген:
NaOH + HCI = NaCI + H2O
OH- + H+ = H2O
Бұл әдіс арқылы ерітіндідегі қышқыл мен негіз мөлшерін ғана емес, суда ерігенде гидролизге ұшырайтын тұздар мөлшерін де анықтауға болады.
Қышқылдық-негіздік титрлеудің екі түрі болады: ацидиметрия және алкалиметрия.
Ацидиметрия - титрлеу кезінде титрант ретінде қышқыл ерітінділері пайдаланылып, негіздердің не тұздардың мөлшерін анықтайды.
Алкалиметрия - титрлеу кезінде титрант ретінде сілті ерітінділері пайдаланылып, қышқылдардың не тұздардың мөлшерін анықтайды.
Назарларыңызға рахмет!