Статикалык биохимия тірі ағзанын күрамына кіретін химиялық заттардын құрылысын, қасиеттерін, атқаратын қызметін зерттейді.
Динамикалық биохимия тірі агзаның тіршілік эрекеті барысында оның қүрамындағы заттардың алмасуын, химиялық өзгеріске ұшырауын зерттейді.
Функционалды биохимия тірі ағзадағы мүшелердің қызметін қамтамасыз ететін химиялық өзгерістерді зерттейді.
Биологиялық химияда қолданылатын зерттеу әдістері
лабораториялық әдістерге:
әртүрлі тәсілдер арқылы қанның, несептің, сілекейдің, демалатын ауаның сандык жэне сапалық кұрамын зерттеу;
электр тогының көмегімен химиялык заттарды ажырату тәсілі -электрофорез;
сорбенттердің көмегімен молекулалык салмағы жэне қозғалғыштығы әртүрлі белоктарды белу - хромотография;
рентген, спектрлік зерттеулер арқылы заттардың молекулярлық күрылыстарының өзгеруін анықтау;
ағзаға радиоизотоптар енгізіп зат алмасу ерекшелігін зерттеу -ауторадиография;
иммунологиялық әдістер арқылы дене кызметінен кажу, шаршау кезінде ағзада байқалатын өзгерістерді анықтау т.б.
Жедел әдістер күрделі аспаптарды қолданбай арнайы химиялық тестер арқылы қанның, несептің және тағы басқа биологиялык сұйықтықтардың биохимиялық ерекшелігін аныктайды