ӨСӨЖ 1 Глоссарий: Палеолит


Тапсырма: презентация әзірлеу. Әдістемелік нұсқау



бет12/14
Дата14.02.2023
өлшемі44,5 Kb.
#67850
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
срс срсп каз

Тапсырма: презентация әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау: XXғ.бас. Қазақстандағы саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, «Алаш»,«Үш Жүз», «Шуро-и Исламия», «Шуро-и-улемия» және т.б. ұстанған бағыттары, мақсаты, жетекшілері, құрылған жылдары, органы (газеті) және т.б. ақпараттар бойынша кесте әзірлеп толтыру. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
2. Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі» тақырыбы бойынша эссе әзірлеу.
Тапсырма: Эссе әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топтың кеңестік реформаларына қарсылық көрсетуі туралы студент өз көзқарасын, ойын, пікірін эсседе баяндауы тиіс. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
3.«Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы» тақырып бойынша кластер дайындау.
Тапсырма: Кластер дайындау.
Әдістемелік нұсқау: Тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы» тақырыбы бойынша мәліметтерді топтастырып, ассосация құрып,кластер жобасын қорғау. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.
Әдебиеттер:
4.«Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы» тақырыбы бойынша эссе түріндегі рефлекция.
Тапсырма: эссе жазу.
Әдістемелік нұсқау: Саяси рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым рәміздер тілінде сөйлейді. Әрбір адам үшін қасиетті Отанының рәміздеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті өскелең ұрпаққа беріліп отыруы тиіс. Студент патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы туралы пікірін, ойын, көзқарасын эссе, жазбаша жұмыс түрінде тапсырады. Көлемі 2-3 бет..Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӨЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет