ОсөЖ №5. Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық азаттық күресі


Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата02.12.2023
өлшемі247,9 Kb.
#131919
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сроп 9

Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған 
қазақтардың көтерілісі (1836
-
1838 ж.),
көтерілістің қозғаушы күштері, 
сипаты, кезеңдері, маңызы. 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы 
Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына 
билеуші етіп тағайындалуы көтеріліске түрткі болды. Көтерілістің басты 
мақсаты хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер 
мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту, әскери 
бекіністердің салынуын тоқтату. Көтерілістің
негізгі себептері ақшалай 
салықтың өсуі, әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 
70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі,шаруалардың көшіп
-
қонғаны, шөп 
жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық 
төлеуі, Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Көтерілістің негізгі 
қозғаушы күші шаруалар болды, оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс 
басшылары
-
Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің сипаты 
антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы. Көтеріліс үш кезеңге бөлінді

Бірінші кезең –
1833-
1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық 
ретінде сипатталса, екінші кезең –
1837 жылдың басында көтерілісшілердің 
ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында 
жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың 
желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын 
тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта 
шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің 
маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына
дейінгі уақытты 
қамтиды. Көтерілістің жеңілу себептері үстем тап өкілдерінің опасыздығы, 
көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді 
біріктіре алмауы, қару
-
жарақ теңсіздігі, стихиялығы, ұйымшылдықтың 
жеткіліксіздігі, патша үкіметінің жазалау отрядтарының күшінің басым болуы, 
көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы, көтерілістің жергілікті 


сипатта болуы. Нәтижесі салық мөлшеріне шек қойылды, патша үкіметі қазақ 
старшындарымен санасатын болды, ішкі Ордадағы хандық биліктің 
әлсірегенін
дәлелдеді, қазақ феодалдарының отаршылдық басқару 
әкімшілігімен байланыста екенін көрсетті, әртүрлі халық өкілдерінің 
қанаушыларға
қарсы біріккен күресінің негізі қаланды. Исатай Тайманұлы 
мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс –
қоғамдағы әлеуметтік теңдік 
үшін
болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына 
қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет