Саржанның бұл әрекеті Қоқан билеушісін алаңдатпай коймады.1836 жылы
жазда Ташкентте Саржан сұлтан және оның інілері Ержан, Есенгелділер
опасыздықпен өлтірілді.Саржан көтерілісінің саяси мазмұны бұған дейінгі
көтерілістерге қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай хан ұрпағы ретінде
Қазақ
хандығын қайта қалпына келтіруді мақсат тұтты. Саржан Қасымұлы
өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күресті Саржанның кіші інісі
Кенесары одан әрі жалғастырып әкетті. Саржан бастаған Орта жүздегі
көтеріліс алдағы келе жатқан жалпыұлттық азаттық қозғалыстың ұшқыны еді.
Достарыңызбен бөлісу: