ОсөЖ №8 Білім сапасын бағалау түрлері Орындаған: Түлкібаева Айсұлу ПжП-301 Тексерген: Таганова А. М бағалау



Дата12.03.2022
өлшемі81,82 Kb.
#27737
Байланысты:
ОСӨЖ №8

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Педагогика факультеті Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

ОСӨЖ №8

Білім сапасын бағалау түрлері

Орындаған:Түлкібаева Айсұлу

ПжП-301

Тексерген:Таганова А.М


Бағалау –оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші -бағалау


Формативті бағалаудың мақсаты- оқу материалын меңгергендігі жөнінде обьективті ақпарат алу білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау мұғалім-оқушы арасында кері байланысты орнату

Формативті бағалаудың ерекшеліктері: Оқушының күнделікті білім сапасы Білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу “5” балдық бағалау жүйесінің сақтау Оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою Оқушының бағалаудан алған эмоционалды негативінің азаюы Психологиялық жайлы ортаның болуы Бағалаудың обьективтілігі, анықтылығы және ашықтығы Өзін-өзі бағалау дағдылары

Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды Мақтау Мадақтау Жылы шырай таныту Қолдау көрсету Ынталандыру Қолпаштау Қошеметтеу


Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады. Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады, олар:

– оқушы қажеттілігін бағалау– оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс жасауын марапаттау– оқу барысын бақылау;


– қаншалықты түсінгенін тексеру және тақырып мазмұнын қаншалықты мағыналы түсінгеніне қарай марапаттау (тек теориялық түрде ғана түсінгені жеткіліксіз); – түсінгенін демонстрациялау (түсінгенін практикада қолдана білу); – оқушылардың оқу жетістігінің нәтижесін көру, білім деңгейін анықтай алу, пәнге деген ынтасын, күш-жігерін қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату. Мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру Критериалды бағалаудың міндеттері: Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға; Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге


Диагностикалық бағалау – бұл оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдеттегідей оқу жылының басында немесе жаңа тақырыптың, бөлімнің, тараудың бірінші сабағында өткізіледі

.

Жиынтық бағалау мақсаты – белгілі уақыт ішінде оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін және алынған нәтижелердің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау.

Қорытындылай келе,бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Бағалау ерекшеліктері. — Алматы: КазПИ,1991. А.К.Мыңбаева, З.М.Садвакасова «Оқытудың инновациялық әдістері», Алматы, 2010 жыл.

Назарларыңызға Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет