Оспанкулов ернар ерланович


Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы дамыту



Pdf көрінісі
бет16/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77
 
1.2 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы дамыту 
жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен 
орындау дағдыларын дамытудың мәні 
Бұл тармақта жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы дамыту 
жаттығулары арқылы оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын 
дамытудың мәні мен құрылымы қарастырылады. Бірақ бұл мәселеге арнайы 


28 
тоқталмас бұрын, жас өркен оқушылардың дене тәрбиесінің кәусар бастауы 
болып табылатын ұлттық дене шынықтыру жаттығуларын және оның түп 
тамыры болатын түркілік дене шынықтыру жаттығуларын заманауи 
педагогикалық жүйені байыту көздері ретінде қарастырып өту қажет. Сол 
анықталған терең тамырлы тәрбиелік діңге сүйене отырып, қазіргі заман 
бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін ақыл-ой тәрбиесімен 
ұштастырудың қадамдарын жан-жақты талдай келе, дене тәрбиесі 
жаттығуларының құрылымын анықтаймыз.
Қазақ халқының, тұтас түркі халқының әлемге аты аян болған өміршең 
қуатының әрдайым толысып тұратын ерекшеліктері әлемдік тарихи жолынан 
белгілі. Ондай ерекшелік ақыл-ой және дене тәрбиесінің бір тізгінде ұсталып, 
шыныққан тұлға қалыптастырған маңызды жүйеге байланысты болатыны 
белгілі. Түркі әлемінің тәрбиелік ұстанымы бойынша, адамгершіліктің 
толысуы адам баласының бойындағы барлық қасиет пен қабілеттің ізгілік 
бағытында жүйелілікпен жүргізілуіне байланысты. Бұл бағытта зерттеулер 
жүргізген ғалымдардың, атап айтсақ, М.Т. Таникеевтің [52], Х.Х. Баймурзиннің 
[53], М.А.Гадимбейлидің [54], Э.П. Красильниковтің [55], А. Бүркітбаевтың 
[56], О.М. Аннамамедовтің, М.Н. Нурмедовтің, [57], Э.Х. Галееваның [58], Р.К. 
Хуснуллинаның [59], М.М. Рахимовтың [60], М.Г. Улангиннің [61], А.И. 
Челтыгмашевтің [62], Х.М. Акбаевтың [63] т.б ғалымдардың еңбектері біздің 
ғылыми жұмысымыздың теориялық және әдістемелік тіректері болып 
табылады.
Туған топырағымызда мекен еткен ата-бабаларымыздың өміршең күш-
қуаты олардың ақыл-ой және дене тәрбиесінің үйлескен тізгінін қатар ұстауына 
байланысты болған деп санаймыз. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан жеріндегі 
тарихтың алтын парақтарына айналған ата-бабалардың дене тәрбиесі жолын 
зерттеген ғылыми еңбектерден талай алыптар мен батырларды дүниеге әкелген 
ұлтымыздың дене тәрбиесіне қатысты ұрпаққа қалдырған мирасының мол 
екенін танимыз.
ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті 
қыры» мақаласында айтылған: «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, 
негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз 
елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. 
Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, 
Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі 
тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы 
саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін 
тигізіп отыр. Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-
Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар 
шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи 
тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында 
ескерткіш-мүсіндер қойылатын 
«
Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту 
энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек. ... Үшіншіден, еліміздің тарихи 
кезеңдерін кеңінен қамти отырып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет