Қарапайым жаттығулар.
басты, денені, аяқ-қолды қозғалтуға арналған қарапайым жаттығулар
және қозғалыс түрлері мен лақтыруға қатысты күрделі жаттығулар.
Үдемелі жаттығулар.
Бұл жаттығуларды таяқпен немесе гирьлермен
орындауда, ағаш не темір шарларды лақтыруда, секіруде, өрмелеуде,
тепе-теңдікті сақтауда қозғалыс әрекеттері біртіндеп үдей түседі.
Кеңістік пен уақытқа қатысты. Б
ерілген қарқынмен жүгіруде,
берілген қашықтыққа секіруде және көздеп лақтыруда кеңістік пен
уақыт қатынасын танып-білумен байланысты жаттығулар.
Жүйелі жаттығулар
. Қарапайым және күрделі ойындар үдерісіндегі,
конькимен жүгірудегі, шаңғы тебудегі, саяхат жасаудағы, жекпе-
жектегі жүйелі жаттығулар орындау.
32
күнге шейін басылып шығып жарық көре алмады. Бұл айып менікі емес,
бүлінген замандікі. Кітапты бір орыс кітабынан тура тәржіма деуге болмайды.
Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше,
қазақ қанына қабыстыруға тырыстым», – дейді. Тәрбие бөлімдерін дене
тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі деп төртке бөліп
қарастырған М.Жұмабаевтың дене тәрбиесін неліктен алдыңғы қатарға бірінші
қойғанын біз оның кіріспе сөзінен айқын аңғарамыз: «Жер жүзіндегі басқа жан
иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып
туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан
жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы – туғанда іңгалаған айғайы мол
бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым
шабан. Мінеки, адам баласы осылай әлсіз болып туып, аса сараң өсетіндігінен,
оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие
қылмай болмайды». М.Жұмабаевтың дене тәрбиесіне үлкен мән беріп
қарағанын оның «дене тәрбиесі» ұғымын алдыңғы орынға қойып
қарастыруынан анық байқауға болады. Айталық, «Педагогика адамның денесін
һәм жанын дұрыс тәрбие қылу жолдарын ізденетін пән...» деген пікірі және «...
адамды дұрыс тәрбие қыла білу үшін адамның денесі һәм жанының жайын
кеңес қылатын басқа пәндермен таныс болуға тиісті» деген ойы, сонымен бірге
дене туралы пәндерді жіктеп санамалап көрсетуінен М.Жұмабаевтың дене
тәрбиесінің адам баласы үшін аса маңызды орнын терең түсінгенін танимыз.
Ол, «Дене туралы пәндерге» келесілерді жатқызады:
«А н а т о м и я. Адам денесінің құрылысын баяндайды. (Денеде қандай
мүше бар, жаратылысы қандай? )
Ф и з и о л о г и я. Адам денесінде болатын көріністерді баяндайды (тұру,
жүру, демалу сықылды).
Г и г и е н а. Саулықты сақтау пәні.
Г и м н а с т и к а. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы туралы
пән» [83].
М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты кітабында баланың дене тәрбиесі
алдыңғы орынға қойылып, дене тәрбиесінің маңыздылығы ең алдымен
баяндауын ғалым: «Жалпы педагогика екі нәрсе жайынан сөйлейді: 1) дене
тәрбиесі; 2) жан тәрбиесі жайынан». ... Ата-ана күшінің көбін баланың дене
тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды... Дене
– жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене – жанның
құралы. Құпал мықты болса, иесі де мықты. «Сау жан сау денеде ғана болады»
деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі – шын дұрыс мәтел», – деп көрсетеді [83,б.
154].
Бастауыш мектепте жалпы дамыту жаттығуларын дене тәрбиесінің тиімді
құралы ретінде қолдануда арнайы дене тәрбиесі, жаттығулар және жалпы
дамыту жаттығулары қарастырылған Е. Уақбаев [84], А. Құлназаров [85], Т.Ш.
Қуанышев [86], А.Ж. Сисенбердиева [87],Т. Базартегі [88] т.б. ғалымдардың
еңбектері мен зерттеулері ғылыми жұмысымыздың теориялық тұғырлары
болып алынады.
33
Бастауыш сыныптарда дидактикалық және психологиялық, физиологиялық
талаптар тұрғысынан дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру сабақтарында
оқушылардың денсаулығы нығайып, жылдамдық, жылдамдық-күш, икемділік,
шыдамдылық пен төзімділік арнайы және ерекше координациялық-
үйлестірушілік сияқты негізгі физикалық қасиеттері дамытылады. Оқушының
ағзасының функционалдық мүмкіндіктері, атап айтқанда, жүрек-қан
тамырлары, тыныс алу, жүйке жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттары жетіледі.
Дене
тәрбиесі
жаттығулары
бастауыш
сынып
оқушыларының
денсаулығын нығайтуда көптеген игілікті қызметтер атқарады. Атап айтсақ,
балалардың сүйегі жетілуіне, дұрыс қатаюына көмектеседі, омыртқа
жотасының тік және түзу қалыптасуына, табан сүйектерінің жетілуіне,
буындардағы сіңір байлам аппаратының бекуіне, дененің пропорциялықпен
дамуына, өсуді реттеуге және сүйектің салмағын бақылап отыруға көмектеседі.
Сонымен бірге бұлшық еттердің барлық топтарын, атап айтқанда, тұтас
дене бұлшық еттерін, арқаның, іштің, аяқтың, иық белдеуінің бұлшық еттерін,
қол мен саусақтардың, табанның, мойынның, ішкі ағзалардың, оның ішінде
жүректің, қан тамырларының нығаюына тірек болады. Оған қоса, әлсіз дамыған
буынды жазатын бұлшық еттердің жиырылуының дамуына баса назар
аударылады.
Дене жаттығуларын жүйелілікпен орындаған оқушыларға жүрекке қан
айналымының дұрыс келуіне, жүрек бұлшық етінің жиырылуы мен кенеттен
өзгерген жүк-салмаққа тез бейімделуіне көмектеседі. Әрдайым дене
жаттығуларын орындау арқылы баланың тыныс алу жүйесінің қызметі,
көкіректің қозғалысы жақсарады, терең тыныс алуына септігін тигізеді, ауаның
үнемді жұмсалуын, мұрнымен дем алуға үйретіп, тыныс алу ырғағын
тұрақтандырады.
Жақсы денсаулық барлық ағзаның қалыпты жұмыс жасауымен
анықталатыны белгілі. Жақсы денсаулықтың сенімді тірегі дене жаттығулары
десек, оларды өзбетімен орындауы қалыптастырылған ЖДЖ балалардың ішкі
ағзасының дұрыс қызмет жасауына, сезім анализаторларының да
байсалдылықпен жұмыс жасауына үлкен көмек болады.
Дене жаттығуларының классикалық жіктемесінде тарихи түрде орныққан
дене тәрбиесі жүйесінің құралдары алынады. Олар келесі суретте көрсетілген.
|