27
Біріншіден, мұғалім оқушылардың өз бетімен орындау дағдыларын
қалыптастыруда сабақтың нұқсаушылық бағытын күшейтуі ұсынылады.
Екіншіден, өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыруға үлкен сеп
болатын дифференциациялық және индивидуалдық (саралау
және
даралау)
тапсырмаларын көбірек қолдану ұсынылады.
Үшіншіден, оқушыларда ЖДЖ-ны өз бетімен орындауын жоспарлау,
өзіндік ұйымдастыру, өзін бақылау дағдыларын қалыптастыру ұсынылады.
Төртіншіден, ЖДЖ-ны өз бетімен орындауын қалыптастыру үдерісін
белсендіретін түрлі дидактикалық әдістерді қолдануды ұсынады.
Бесіншіден, сабақ үстінде оқушының өзбетімен орындауын педагогикалық
бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.
Ендігі кезекте оқушының ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға үйренуі үшін
қажетті іс-әрекеттерді көрсетейік.
Біріншіден, жаттығудың бастапқы күйін (исходное положение) ұстануды
үйрену керек, яғни қолды белде, басының артында, кеуденің алдында, иыққа
қарай, жоғары, алға қарай, екі жаққа қарай ұстау.
Екіншіден, жаттығу қимыл-қозғалыстарын дененің жекелеген бөлшектері
арқылы орындап үйрену, яғни алдымен қолдармен, сосын денемен және
аяқтармен орындау. Дененің жекелеген бөлшектері арқылы негізгі қимылдарды
меңгерген соң, оларды өзара қосып, тіркестіріп орындауға дағдылану керек,
яғни қолмен және аяқпен, қолмен және денемен, қолмен, аяқпен және денемен.
Үшіншіден, ЖДЖ-ны жекелеген жаттығулар түрінде доппен орындау.
Орындау алдында бастапқы күйдің (исходное положение) болмысын, қолмен
және денемен орындалатын негізгі жаттығуларды доппен үйреніп алу керек.
Осыдан кейін ғана кешендеі жаттығуды орындауға көшу керек [51].
Зерттеу барысында ЖДЖ-ның жүйесін қарастырған еңбектерге шолу
жасау және талдау жүргізілді. Нәтижесінде келесі мәселелер анықталды:
– бастауыш сынып оқушыларына ЖДЖ арқылы өз бетімен орындау
дағдыларын қалыптастырудың теориялық және практикалық негізі жан-жақты
зерттелген, дегенмен қазақ тілінде арнайы әдістемелік жүйе әзірленбеген;
– әлемдік тәжірибеде ЖДЖ жаттығуларының арнайы жүйесі жасалынған
елдерде сол елдің патриоттық, идеологиялық бағыты көрініс тауып отырғаны
анықталды.
ЖДЖ жүйесін әзірлеуде қазақ ұлттық ойындарының әлі де көптеген
әлеуеті /потенциалы пайдаланылмай келеді, сондықтан Тәуелсіз Қазақстан
ұрпағының еркін және ерлікке толы рухани дүниесін толыққанды ететін ЖДЖ
жүйесі әзірленуі – уақыт талабы.
Достарыңызбен бөлісу: