Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет52/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
Байланысты:
disser ernar

1-тапсырма. 
Төмендегі санау ретіне қажетті 
өздерің білетін қимыл мен 
қозғалыс және күй түрлерін қолданып, 
Бастапқы қалыпты (б.қ.) соңғы 
қалыппен байланыстыратын элементті қосып, тапсырманы толық етіп 
құраңдар: 1) бастапқы қалып – тік тұру, қол белде; 2) 
....................;
3) 
..................
; 4) бастапқы қалыпқа келу

2-тапсырма.
Бірінші жаттығудың соңғы элементі келесі жаттығудың 
«бастапқы қалпы» болатындай етіп, 2 жаттығудың арасына байланыстырушы 
дәнекер элемент ойлап табу керек.
Келесі тапсырманы орындату үшін, мұғалім оқушыларға таныс 
жаттығудың қимыл-қозғалыстарын тұтас немесе жекелеген бөлшектерін 
көрсетіп алады. 
3-тапсырма. 
Алдыңғы үйренген жаттығулардың ішінде оның бөлшектерін 
игеруге сеп болатын жетекшілік ететін жаттығуларды көрсетіңдер. 
4-тапсырма
Алдын ала тұтас қимылды көріп алыңдар, оған байланысты 
тапсырмалар әзірлеңдер. Бағалауды төмендететін қателерді атап көрсетіңдер. 
Келесі бір тапсырмаларды орындатуда оқушылардың нәтижені білуі 
көмектеседі. Бастауыш сыныпта ондай тапсырмаларды біртіндеп жеңілден 
ауырға қарай үйрете бастау керек. 
1-жаттығу
Тізені бүгіп, жүрелей отыру, артқа домалап, жинақталған 
күйде болу, кері қарай қайта домалап, бастапқы қалыпқа келу. 
Оқушы өзін-өзі бағалауы үшін осы жаттығу 4 рет орындатылады. 
Оқушының осы жаттығуды 4 рет қатесіз орындауы өзін бақылауға алғанын 
білдіреді.
 
2-жаттығу
Бастапқы қалпы – арқасымен жатудан, аяқтарын жинап, 
тізелерін бүгуі, иығымен алға қарай ұмсынып, орнынан тұруы. 
Оқушы өзін-өзі бағалауы үшін осы жатттығу 5 рет орындатылады. 
Оқушының осы жаттығуды 5 рет элементтерін бірінен соң бірін және үздіксіз 
де қатесіз орындауы өзін бақылауға алғанын білдіреді.
 
Осындай жаттығулар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ-ны 
өз бетімен орындауы үдерісінде өз қимылдарын ұйымдастыра білуі мен 
орындаған элементтерінің дұрыстығын бақылай білу және бағалай білу 
дағдылары қалыптастырылады. 
Оқушылардың өз бетімен ЖДЖ-ны орындауға қалыптастыруға арналған
арнайы әзірленген жаттығулар жүйесінен элементтерді өзінің қалай 
орындағанын бақылауға және бағалауға мүмкіндік беретін жаттығулар қатары 
іріктелініп алынады. 
Мұғалімге қойылатын басты талап – оқушыларды ЖДЖ-ны өз бетімен 
орындау барысында элементтерді орындауы мен мұғалімнің көрсеткен/айтып 
түсіндірген міндеттері қаншалықты өзара сәйкес келгенін білетін деңгейге 
жеткізу керектігі. Маңызды тұсы – оқушылар, шынайылықпен өздерінің 
жетіспейтін тұстарын танып, бағалауда әділ болуы керектігі, соған дағдылануы. 
Келесі талап – бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ-ны өз бетімен 
орындау дағдыларын қалыптастыру үдерісін белсендіретін әдіс, тәсіл барлық 
құралдарды тұрақты түрде пайдаланып отыру. 


112 
Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын тиімділікпен 
ұйымдастырып өткізудің, жалпы дамыту жаттығуларын орындауға, оның 
ішінде өз бетімен орындауға дағдыландырудың педагогикалық психология 
тұрғысынан маңызды бір проблемасы – бастауыш сынып оқушыларына жалпы 
дамыту жаттығуларын сыныпта үйрету және осы оқу үдерісін басқару. Осы 
үдерісте оқушылардың жалпы дамыту жаттығулары бойынша білімі молайып, 
өз бетімен орындау дағдылары қалыптасуының нәтижелі болуы мұғалімнің 
жұмсаған күші мен әдістеріне оқушының ынтасы мен ықылас-ниеті өзара 
үйлескен кезде ғана мүмкін болады. 
Бұл тұста мұғалім үшін маңызды бір нәрсе – мұғалім оқушыларының 
жалпы дамыту жаттығуларын меңгеруде белсенді болатын және нәтижелі 
ететін әдістер мен құралдарды дұрыс іріктей білуі. 
Ең басты сақталуы тиіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет