113
әңгімелесулер жүргізіліп, оларға арналған «Балаңыздың күн тәртібіне ЖДЖ
енгізуге көмектесіңіз» атты Жаднама әзірленіп, таратылды.
Педагогикалық эксперименттің оқыту кезеңінде бастауыш сыныпта дене
шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге,
сынып жетекшілеріне арнап
«Бастауыш сынып оқушыларының
өз бетімен ЖДЖ-ны орындауға
дағдылануының маңызы» ортақ тақырып аясында бірнеше әдістемелік семинар
өткізілді. Зерттеу жұмысының тақырыбына сай баяндама оқылып,
қатысушылар өзара пікір алысты. Семинарда бастауыш сынып оқушыларының
ЖДЖ-ны өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастырудың маңызы мен
міндеті, бұл істе тек пән мұғалімі ғана емес, сынып жетекшісі, тіпті ата-аналар
да ортақ жауапкершілікте болуы керектігіне басты назар аударылды.
Кесте 15
–
Бастауыш сыныптардың дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
арналған «Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен ЖДЖ-ны орындауға
дағдылануының маңызы» тақырып аясындағы семинарлар сериясы
Семинарларда талқыланатын мәселелер
Уақыты
Жалпы дамыту жаттығуларының (ЖДЖ) түсінігі, жалпы
сипаттамасы
Қыркүйек 2018, қыркүйек, 2019
Жалпы
дамыту
жаттығуларының
көмегімен
оқушылардың дене тәрбиесін дамыту және денсаулығын
нығайту мәселесі
Қазан 2018, қазан, 2019
ЖДЖ терминдері және оқушыларға меңгертудің
әдістемелік мәселелері
Қараша 2018, қараша, 2019
ЖДЖ
оқушыларға
өз
бетімен
орындауға
дағдыландырудың тиімді әдістері
Желтоқсан, 2018, желтоқсан,
2019
ЖДЖ
жүйесінде
ұлттық
болмыс
көріністерін
орнықтырудың дидактикалық мәселелері
Қаңтар 2019
Құралдарсыз орындалатын ЖДЖ, оны ұйымдастырудың
әдістемелік
ерекшеліктері
Наурыз, 2019
Құралдармен орындалатын ЖДЖ, оны ұйымдастырудың
әдістемелік ерекшеліктері
Мамыр, 2019
Мұғалімдерге арналған семинарлар сериясында қазіргі кездегі бастауыш
сыныптардағы дене шынықтыру пәнінде ЖДЖ толыққанды қамтылуының
маңызы туралы, ЖДЖ табиғаты туралы, оларды оқушылардың өз бетімен
орындауға дағдылануына қажетті ғылыми-әдістемелік
мәселелер кеңінен
талқыланды.
Теориялық тұғырлардың мәліметтері мен анықтаушы эксперименттің
нәтижелеріне сүйене отырып, педагогикалық эксперименттің келесі кезеңі –
оқыту кезеңіне арналған арнайы жаттығулар жүйесі әзірленді, ол жаттығулар
эксперименттік сабақтарда қолданылды.
Жұмысымызда бұдан ары қарай оқыту кезеңінде педагогикалық
экспериментке қатысатын эксперименттік топ (ЭТ) және бақылау тобы (БТ)
оқушыларына арналған «ЖДЖ терминдер», «Жаднама», «Күн
тәртібін қалай
114
құру керек?» деген көмекші оқу құралдары және арнайы ЖДЖ жүйесінің
көрнекіліктері әзірленді.
Оқыту кезеңінде педагогикалық экспериментке дайындалған бағдарлама
бойынша ЭТ және БТ сыныптарында өткізілген ЖДЖ өз бетімен орындауға
дағдыландыру сабақтарынан алынған үзінділер беріледі
«Сабақ №1.
Достарыңызбен бөлісу: