Сурет 9 – Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың дидактикалық
жүйесі
Қол жеткен
нәтижелер
ЖДЖ бойынша берілетін
білім мазмұны
Әдістер
ЖДЖ Оқу
бағдарламасы
ЖДЖ үйрету
құралдары
Мұға
лім
Оқу
шы
Сабақ
Мақса
ты
ЖДЖ өз
бетімен
орындауға
дағдыландыру
ЖДЖ өз бетімен
орындау
дағдылары
Мотивация.
Дидактикалы
қ ұстанымдар
55
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісі – дене тәрбиесі үдерісінің, дене
шынықтыру үдерісінің бір саласы.
Бастауыш сынып оқушыларын ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға
дағдыландыру үдерісін ұйымдастырудың формалары мен дидактикалық
қағидалары, стратегиялары, әдістемелері мен технологияларын анықтау арқылы
және олардың көздеген нәтижеге қол жеткізудегі орны мен функцияларын
жүйелілікпен сипаттау арқылы ұсынатын әдістемеміздің сапалылығы
қамтамасыз етіледі.
Оқыту мақсаты дегеніміз оқу үдерісінің ұйымдастырушы және
бағыттаушы бастауы болып табылады. Оқыту мақсатының негізінде білім
мазмұны сұрыпталынады, оны меңгертетін әдістер мен амал-тәсілдер
жинақталады, білім беру үдерісін ұйымдастыру формалары (сабақ т.б.)
анықталады. Оқыту мақсатының құрамында жалпыадамзаттық, әлеуметтік-
топтық, жеке тұлғалық мазмұны болуы міндетті.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісі – оқыту мақсатымыз болып
анықталады. Осы мақсатқа жету үшін арнайы іріктелініп, бастауыш
сыныптардың жас ерекшелігіне лайықталып анықталған, дидактикалық
талаптарға сай келетін білім мазмұнын сұрыптау керек.
Білім мазмұны И.П. Подласыйдың анықтамасы бойынша «өскелең ұрпаққа
нені оқыту керек деген сұраққа берілетін нақты жауап. Білім мазмұны дегеніміз
– белгілі бір оқу орнында оқыту үшін сұрыпталынған білімнің, дағдылардың
нақты жүйесі» [120]. Нақты білім мазмұны оны қолданатын контигентке
байланысты болатыны белгілі. Білім мазмұны кімге арналғанына қарай, өзіндік
ерекшелікке толы болады. Тек айқын белгіленген білім мазмұны арқылы ғана
мақсаттар көзделіп, оған жету жолдары анықталады.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдыларын дамытуға арналған арнайы білім мазмұнын
іріктеуде және нақты тақырыптарды сұрыптауда «Бастауыш сыныптарға
арналған «Дене шынықтыру» оқу бағдарламасы басшылыққа алынады [121].
Осы оқу бағдарламасында сұрыпталынған білім мазмұнын меңгертудің
көздейтін игіліктері аталып көрсетілген. «Дене шынықтыру пәнін оқыту:
–
физикалық және рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл әлеуметтік
дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;
–
оқушыларды өздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын
түсінуге және нығайтуға ынталандырады;
–
дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен
тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды;
–
оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың
төзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер
етеді;
–
оқушылардың отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін
құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара
56
түсіністікке тәрбиелейді;
–
оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және
үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады;
–
оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене
шынықтыру пәні туралы өз көзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы
білімдерін дамытуға мүмкіндік береді».
Оқу бағдарламасында былай айтылған: «Қозғалыс «бойынша» тәрбиелеу
сабақ кезінде оқушылардың физикалық жаттығуларды зерттеуі мен
орындауының нәтижесінде білім мен түсінік алуын қарастырады.Мұны
техникалық білім деп атауға болады. Дене шынықтыру тәжірибесінің толық
кешені арқылы өз тұжырымдамаларын, техникалары мен ережелерін құру
мүмкіндігін бере отырып, мұндай білімді балаларда кішкентай жасынан бастап
дамыту керек.Қозғалыс «барысында» тәрбиелеу дағдыларды меңгерумен
(тәжірибелік білім) және қозғалыс қызметіне саналы түрде және табысты
қатысу қабілетімен тікелей байланысты.
Аталған әдіске физикалық жаттығулар кіреді, бұл жаттығулардың жеке
пайдасы да бар, оқушылардың физикалық әрекеттерге саналы түрде қатысуы
нәтижесінде меңгерген білімдерінің, түсініктерінің және дағдыларының
контексінде де пайдасы зор (мысалы, бұлшық еттерін, сіңірлерін және жүйке
тамырларын іске қосу арқылы кинестетикалық оқыту; кейбір физикалық
жаттығулар үшін қажет дайындық талаптары мен денсаулық жағдайы туралы
ойлау)» [121,б. 50].
Осы айтылғанмен сабақтастыра келе, бағдарламада «Қозғала білу және
сенімділік», «Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және
сыни ойлау», «Қозғалыс қызметі контексіндегі қарым-қатынастар және
әлеуметтік дағдылар», «Денсаулық, жақсы дене дайындығы және өз-өзін
сезіну» атты бөлімдер бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетін
қалыптастыру және дамыту жалпы мәдени дамуының аясында жүретінін
айқын танытады.
Дене шынықтыру ғылыми негізделген пән ретінде оның теориясы мен
жүйеге келтірілген практикалық ақпараттарын оқыту негізінде оқушыларға
білім мазмұны меңгертіледі.
Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру пәнінің мазмұны оның көлемімен
тығыз байланыста, психологиялық-педагогикалық талаптарға орайластырыла
берілген. Оны орта білім беру мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасынан
көруге болады [121,б. 50].
Бағдарламада оқу жүктемесі келесідей бөлінген.
Кесте 2 – Бастауыш сыныптарда «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу
жүктемесінің бөлінуі
Сынып
Апталық жүктеме
Жылдық сағат саны
1-сынып
3 сағат
99 сағат
2-сынып
3 сағат
102 сағат
3-сынып
3 сағат
102 сағат
57
4-сынып
3 сағат
102 сағат
Бастауыш сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» оқу бағдарламасында
білім мазмұны оқу мақсаттарымен кіріктіріле берілген.
Оқу мақсаты дегеніміз – білім беру үдерісін айқындайтын дидактикалық
жүйенің маңызды компоненттерінің бірі. Оқу мақсаты оқыту үдерісінің түпкі
нәтижесін ақыл-оймен идеалдандырып анықтауды білдіреді. Білім берудің
жалпы мақсаты қоғам арқылы анықталады. Ол мемлекеттік құжаттарда көрініс
табады. «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында»
бастауыш мектепте дене шынықтыру пәнін өткізудің стратегиялық бағыты
жалпы мақсат ретінде былай деп аталып көрсетілген: «23. «Дене шынықтыру»
пәнінің мазмұны физикалық қасиеттерді, жалпы дамыту жаттығуларын өз
бетімен орындауға деген қызығушылықты дамытуға; салауатты өмір салты
мәдениетін дарытуға; дене шынықтырудың адам өміріндегі рөлі туралы
түсініктерді қалыптастыруға, спорт, қазақтың ұлттық спорт түрлері туралы
ақпаратты өз бетімен таба білу және оны өзінің денсаулығын нығайту үшін
пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға; оқу, ойын және жарыс қызметі
жағдайында құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау мәдениетінің
машықтарын қалыптастыруға бағытталған» [2].
Алға қойылған стратегиялық мақсаттар шынайы, нақты өмірмен
байланыстыру үшін нақты міндеттер түрінде белгіленген. Күтілетін түпкі
нәтиже осы мемлекеттік құжатта мынадай деп көрсетілген: «60. «Дене
шынықтыру» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ағзаның дамуына ықпал ететін негізгі дене шынықтыру жаттығуларын,
оларды орындаудың ұстанымдары мен техникасын; дене шынықтыру
жаттығуларын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік ұстанымдарын;
сергіту жаттығулары мен ширатып шынықтыру жаттығуларын орындау
ұстанымдарын; дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерді
бақылау тәсілдерін; дене даярлығын жақсарту үшін дене бөліктері мен
бұлшық еттерді дамыту әдістерін біледі;
2) дене шынықтырудың денсаулықты нығайтудағы маңызын; дене
шынықтыру мен спорттың елдің дамуындағы және сол үшін мақтаныш сезімін
қалыптастырудағы рөлін; орындалатын жаттығулардың күрделілік деңгейін;
түрлі физикалық жүктемелердің талап етілетін қарқындылығына қол жеткізу
қажеттілігін; дене, психикалық және эмоциялық саламаттылықты сақтау мен
қолдаудың маңызын; түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын
тәуекелдерді түсінеді;
3) келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін өзіндік/бірлескен жұмысты
орындау дағдыларын; кешенді дене жаттығуларын орындау кезінде
қолданылатын композициялық амалдар мен ережелер туралы білімін;
уақытты, кеңістікті, дағды мен қозғалыс координацияларын түсінетінін
көрсете отырып, дене жаттығуларын орындаудың дұрыс бірізділігін; дене
дамуындағы кемістіктерді және денсаулық үшін ықтимал тәуекелдерді
58
жоятын арнайы жаттығуларды; дұрыс тамақтану мен қозғалу режимінің
негізгі ұстанымдарын қолданады;
4) болашақ оқуды және мінез-құлқын басқару үшін топта дене
шынықтыру жаттығуларын орындаудағы өзінің жетістіктері мен тәжірибесін;
дене шынықтырудың әр түріндегі жеке қабілеттерін және сенімділігін
жақсарту; ортақ мақсатқа қол жеткізудегі ынтымақтастық және әділ жарыс
жағдаяттарын талдайды;
5) қозғалыс түрлерінен тұратын белгілі бір қозғалыстар
комбинацияларын, сондай-ақ түрлі спорт тактикаларын пайдалана отырып
стратегияларды; дене шынықтырудың алуан түрлі жағдаяттарына бейімделу
үшін білім мен дағдыларды жинақтайды;
6) әртүрлі физикалық жүктемелерді орындау кезінде туындайтын
қиындықтар мен тәуекелдерді; өзінің және өзгелердің физикалық
мүмкіндіктерін; мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға
қатысу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды» [2].
Дене шынықтыру пәні бойынша міндеттер үш топта көрсетіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |