Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет7/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
Байланысты:
disser ernar

Зерттеудің кезеңдері 
Бірінші кезең (2017-2018жж.)
зерттелу мәселесі бойынша материалдар 
жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, алыс және жақын 
шет елдердегі озық тәжірибелері жинақталып, талқыланып қорытындыланды, 
эксперимент жұмысының бағдарламасы дайындалды, «жалпы дамыту 


10 
жаттығулары», «өзбетімен орындау дағдыларын дамыту» мәселелеріне 
арналған ғылыми еңбектер мен әдебиеттер зерделенді.
Екінші кезең (2018-2019жж.)
жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту 
бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың психологиялық-педагогикалық 
идеялары талданды. Эмпирикалық материалдар жинақталып, ғылыми дәйектер 
қорытындыланды, бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау 
дағдыларын дамытудың әдіснамалық-теориялық негіздері айқындалды
зерттеудің негізгі идеялары мен нәтижелері тексеруден өткізілді.
Үшінші кезеңде (2019-2020жж.)

жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту 
бойынша әдістемесі дайындалып тәжірибеге ендірілді, диссертациялық 
зерттеудің рәсімделуі аяқталды. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
– жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері 
айқындалды. 
– «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдылары»
ұғымының мәні мен мазмұны нақтыланды; 
– жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі 
құрастырылды; 
– жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту әдістемесі дайындалды, оның тиімділігі 
тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет