10
жаттығулары», «өзбетімен орындау дағдыларын дамыту» мәселелеріне
арналған ғылыми еңбектер мен әдебиеттер зерделенді.
Екінші кезең (2018-2019жж.) –
жалпы
дамыту жаттығулары арқылы
бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту
бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың психологиялық-педагогикалық
идеялары талданды. Эмпирикалық материалдар жинақталып, ғылыми дәйектер
қорытындыланды, бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау
дағдыларын дамытудың әдіснамалық-теориялық
негіздері айқындалды,
зерттеудің негізгі идеялары мен нәтижелері тексеруден өткізілді.
Үшінші кезеңде (2019-2020жж.)
–
жалпы дамыту жаттығулары арқылы
бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту
бойынша әдістемесі дайындалып
тәжірибеге ендірілді, диссертациялық
зерттеудің рәсімделуі аяқталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
– жалпы дамыту жаттығулары арқылы
бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың теориялық-әдіснамалық
негіздері
айқындалды.
– «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдылары»
ұғымының мәні мен мазмұны нақтыланды;
– жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі
құрастырылды;
– жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту әдістемесі дайындалды, оның тиімділігі
тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді.
Достарыңызбен бөлісу: