Оспэ 2024 анатомия


қадам - Жүрек қақпақшаларының проекциясын және тыңдау нүктелерін көрсетіңіз



бет5/17
Дата01.10.2024
өлшемі7,75 Mb.
#146310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ОСПЭ 2024 АНАТОМИЯ

2 қадам - Жүрек қақпақшаларының проекциясын және тыңдау нүктелерін көрсетіңіз.

Жүрек қақпақшаларының проекциялық орындары:


* Митральды – үшінші қабырғаның сол жақта төс сүйегіне бекінетін орны
* Қолқа –төс сүйегі ортасында ІІІ қабырға шеміршектерінің деңгейінде
* Өкпе клапаны – төс сүйегінде сол жақта 2-ші қабырға аралық
* Трикуспидальді - сол жақта үшінші қабырға шеміршегінің төс сүйегіне бекінуі мен оң жақтағы бесінші қабырғаның ортасында
Тыңдау нүктелері:

  • Бірінші нүкте – жүрек ұшы, V деңгейінде қабырғааралық кеңістік (митральды қақпақшаны және сол жақ атриовентрикулярлық тесікті тыңдау нүктесі)

  • Екінші нүкте – төс сүйегінің оң жақ шетіндегі II қабырға аралық (қолқа қақпақшасы );

  • үшінші нүкте – төс сүйегінің сол жақ шетіндегі II қабырға аралық (өкпе қақпақшасын);

  • төртінші нүкте – семсертәрізді өсіндінің негізі (үш жармалы қақпақша мен оң жақ атриовентрикулярлық тесікті тыңдау нүктесі).

  • бесінші нүкте – төс сүйегінің сол жақ шетіне IV қабырғаның бекітілу орны (оның анатомиялық проекциясына сәйкес келетін митральды қақпақшаны тыңдаудың қосымша нүктесі);

  • алтыншы нүкте – Боткин-Эрб нүктесі – төс сүйегінің сол жақ шетіндегі ІІІ қабырға аралықта, қолқа қақпақшасының аускультациясына қосымша нүкте.

11 тапсырма


Кардиология бөлімшесінде жатқан науқас туыстарының келіп-кетуінен кейін басының желке тұсында ауыру, бас айналу, жүрек айну пайда болды. Бұл патология қандай қан тамырлардың зақымдануымен байланысты?




Анатомия: Омыртқа артериясының жолын және тармақтарын сипаттаңыз
.
1 қадам - Омыртқа артериясының тармақтарын атаңыз.


Омыртқа артериясы, a. vertebralis, бұғанаасты артериясының кеуде қуысынан шыққан жерінен басталады. Омыртқа артериясы бұғанаасты артериясыныц жоғарғы - медиалді қабырғасынан басталып, жоғары және кішкене артқа бағытталады. Ол жалпы ұйқы артерияның артында, m. longus colli-дің сырткы жиегі бойымен саты - омыртқалық үшбұрышта орналасады.
Кейін артерия VI мойын омыртқаның көлденең тесігіне кіріп, барлық мойын омыртқаларының аттас тесіктері арқылы вертикалді жоғары көтеріледі.
II мойын омыртқаның көлденец тесігінен шыққан соң, сыртқа бұрылып, атланттың көлденең тесігіне жақындайды, жоғары бағытталып, тесіктен өтеді. Кейін атланттың sulcus a. vertebralis-де жатып, жогары бұрылады және membrana atlantooccipitalis posterior мен мидың катты қабығын тесіп өтіп, бассүйек қуысына, торлы қабықасты кеңістігіне, cavum subarachnoideale, үлкен шүйде тесігі арқылы барады.
Бассүйек қуысында ылдиға, clivus, жоғары жэне кішкене алға багытталып, оң және сол омыртқа артериялары сопақша ми бетінде өзара айырылады және копірдің арткы жиегінде өзара қосылып бір тақ тамыр - негізгі артерияны , a. basilaris, құрайды.
А. basilaris өз жолын ылдида жалгастырып, негізгі жүлгеде, sulcus basilaris, жатады, көпірдің төменгі бетінде, оның алдыңғы жиегінде оң және сол ми артерияларына бөлінеді.
Артқы ми артериялары, aa. cerebri posteriores, мишық шатырының үстінде орналасып, сыртқа бағытталады, оларды төмен орналасқан жоғарғы мишык артерияларынан бөледі. Кейін артқа жэне жоғары бұрылып, үлкен ми аяғының сыртқы шетін оралып кетеді және үлкен ми жартышарының шүйде және самай үлестерінің базалді жэне жоғарғы - бүйір бетінде шашырайды. Кейін мидың көрсетілген бөлімдеріне, ми түйінінің артқы тесіктелген затына, ми аяғына жэне бүйір қарыншалардың торлы өрімін қанмен қамтамасыз ететін тармақтар береді: қыртыс тармақтары, rr. corticales, самай тармақтары, rr. temporales, шүйде тармақтары, rr. occipitales, төбе шүйде тармағы, r. parietooccipitalis, орталық тармақтар, rr. centrales, торлы өрімнің тармағы, r. chorioideus.
Омыртқа артериясынан келесі тармақтар тармақталады:
а) Бұлшыкеттік тармақтар, rr. musculares мойынныц омырткаалды бұлшықеттеріне.
б)жұлын тармақтары, rr. spinales омыртқа артериясыныц көлденең тесіктерінен өткен тұсынан тармақталады.Олар омыртқа өзегіне мойын омыртқаларының омыртқааралық тесіктері арқылы өтіп, жұлынды жэне оның қабықтарын қанмен қамтамасыз етеді.
в) Артқы жұлын артериясы, a. spinalis posterior (жұп), омыртқа артериясының жан-жағынан бассүйек қуысында, кішкене үлкен тесіктен жоғары тармақталады.
Артерия төмен бағытталып, омыртқа өзегіне кіреді және жұлынның арткы бетімен «ат құйрыгы», cauda equine, аймағына жетіп, жұлын мен оның қабықтарын қанмен қамтамасыз етеді. Артқы ми артериялары бір-бірімен, омыртқа, қабырғааралық және бел артерияларының жұлын тармактарымен анастомоз түзеді.
г) Алдыңгы ми артериясы, a. spinalis anterior, омыртқа артериясынан шүйде тесігінің алдыңгы жиегінің үстінен басталады.
Алдыңгы ми артериясы төмен бағытталып, пирамида қиылысы, decussatio pyramidum, деңгейінде қарама-қарсы жақтағы аттас артериямен байланысып, тақ тамырды түзеді. Бүл тамыр жүлынның алдыңғы орталық саңылауымен, fissura mediana anterior, төмен түсіп, терминалді жіпшелер, filum terminale, аймағында аяқталады және жұлын мен оның қабықтарын қанмен қамтамасыз етеді жэне омыртқа, қабырғааралық және бел артерияларының жұлын тармактарымен анастомоз түзеді.
д) Артқы төменгі мишық артериясы, a. cerebelli inferior posterior, мишық жартышарының төменгі - артқы бөлімінде тармақталады.
е) Алдыңғы төменгі мишық артериясы, a. cerebelli inferior anterior — омыртқа артериясының соңғы тармағы, кейде а. Ьаsilaris-тен тармақталуы мүмкін. Ол мишықтың алдыңгы-төменгі бөлімін қанмен камтамасыз етеді.
Негізгі артерияның a. basilaris тармактары:
а) Лабиринт артериясы, a. labyrinthi, кіреберіс - ұлу нервпен, п. vestibulocochlearis, бірге ішкі құлаққа porus және meatus acusticus interni арқылы барады.
б) Көпірге тармақтар, rr ad pontem , көпір затына кіреді.
в) Жоғарғы мишык артериясы, a. cerebelli superior, негізгі артериядан, a. basilaris, көпірдің алдыңгы жиегінде тармақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет