Анатомия: Сыртқы ұйқы артериясының тармақтарын атап, схема түрінде сызып көрсетіңіз.
1 қадам - Сыртқы ұйқы артериясының тармақтарын атаңыз.
Сырткы ұйқы артериясының тармақтары топографиялық ерекшеліктеріне байланысты 4 топқа: алдыңғы, артқы, медиалді және соңғы тармақтарына бөлінеді.
Алдыңғы топ тармақтары. Жоғарғы қалқанша артериясы, a thyroidea superior тармақтары
а) Тіласты тармагы, s infrahyoideus, тіласты сүйегін жэне оған бекитін бұлшықетгерді қанмен қамтамасыз етіп, қарсылас жатқан аттас тармақпен анастомоз түзеді.
б) Төс-бұғана-емізік тэрізді тармақ, r.sternocleidomastoideus, түрақсыз артерия, аттас бүлшықетті қанмен қамгамасыз етеді.
в) Жоғарғы көмей артериясы, a. laryngea superior, медиалді бағытталып, қалқанша шеміршектің жогаргы жиегінде, т. thyrohyoideus, астында орналасады және membrana hyothyroidea-ны тесіп отіп, бұлшыкеттерді, комейдің шырыншты қабығын және тіласты сүйегінің бір бөлігін және көмей қақпашығын қанмен қамтамасыз етеді.
г) Жүзік-қалқанша тармағы, г. сгіcothyroideus, аттас бүлщықетті қанмен камтамасыз етеді және қарсылас жатқан артериямен доғалық анастомоз түзеді.
Тіл артериясы өз жолында бірнеше тармақтар береді:
а) Тіластыүсті тармагы, r. suprahyoideus, тіласты сүйегінің жоғарғы жиегімен өтіп, қарсылас жатқан аттас тармақпен доғалық анастомоз түзіп, тіласты сүйегін және көршілес жатқан жұмсақ тінді қанмен қамтамасыз етеді.
б) Тілдің дорсалді тармагы, rr. dorsales linguae, тіл артериясынан т. hyoglossus астынан басталып, тік, жогары багытталып, тіл арқашығының артқы бөлігіне барады жэне тілдің шырышты қабыгы мен бадамшасын қанмен қамтамасыз етеді
в) Тіласты тармагы, a sublingualis, тіл артериясыныц тіл қалыңдығына кірмей тұрып тармақталады. Ол m.mylohyoideus үстімен алға, төменгі жақсүйек асты түтігінен сыртқа багытталып, гөменгі жақсүйекасты безіне барып, оны жэне көршілес жатқан бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етіп, ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы мен қызылиекте аяқталады. Кейбір тармақтары, m.mylohyoideus тесіп, иекасты артериясымен, a submentalis (бет артериясыныц тармагы, a facialis), анастомоз құрайды.
г) Тілдің терең артериясы, a. profunda linguae - тіл артериясыныц ең ірі тармагы және оның жалғасы болып саналады. Тілдің терең артериясы жогары багытталып, m. genioglossus пен m.longitudinalis inferior арасымен тіл қалыңдыгына өтеді және иреленіп алга жүріп, тілдің ұшына дейін жетеді.
Бет артериясы өз жолында келесі тармақтарды береді:
а) Жогарылаган таңдай артериясы, a. palatina ascendens, бет артериясыныц бастапқы болігінен тармақталып, жүтқыншақтың бүйір қабыргасымен жогары котеріледі. М. styloglossus пен m.slylopharyngeus арасымен өтіп, оларды канмен камтамасыз етеді
б) Бадамшалық тармақ, г. tonsillaris, жұтқыншақтың бүйір бетімен жогары котеріліп, т. constrictor pharyngeus superiorды гесіп, таңдай бадамшалар қалыңдыгында көптеген тармақтармен аяқталады. R. tonsillaris жұтқыншақ қабырғасы мен тіл түбіріне бірнеше қатар тармақтар береді.
в)Бездік тармақтар rr. glandulares, томенгі жақсүйекасты безіне, бет артериясыныц негізгі сабауынан тармақталатын көптеген тармақтармен көрсетілген.
г) Иекасты артериясы, a. submentalis, бет артериясыныц төменгі жақсүйекасты шұңқырынан шыққанга дейінгі ең ірі тармағы. Ол алга багытталып m. mylohyoideus пен m. digastricus-тың алдыңғы қарыншасының аралыгымен етіп, аталган бұлшықеттерді қанмен камтамасыз етеді.
д) Томенгі және жоғаргы ерін артериялары , aa. labiales inferior et superior, біріншісі — ауыз бұрышынан томен, ал екіншісі - ауыз бұрышы деңгейінен басталып, m .orbicularis oris қалыңдыгына барады . Олар ауыз саңылауының шырышты қабығын, терісін және бұлшықеттерін қанмен камтамасыз етіп, қарсылас жатқан аттас артериялармен анастомоз құрайды.
е) Бұрыштық артерия, a. angularis, бет артериясының соңгы тармагы. Ол мұрынның бүйір бетімен жогары көтеріліп, мұрынның арқашығы мен қанатына ұсақ тармақтар береді. Кейін a.angularis кездің бұрышына барып мұрынның сыртқы артериясымен, a. dorsalis nasi (коз артериясыныц a.ophtalm ica тармагы) анастомоз түзеді.