67
ТАҚЫРЫП
6.
КОРПОРАЦИЯ
ТАБЫСЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ,
БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Осы тақырыптың материалдарын зерделеп, сіз білесіз:
пайданың негізгі көрсеткіштері мен корпорацияның табыстарына
сипаттама беру;
жоспарланған пайда және залалсыздық нүктесіне қол жеткізу
үшін өнімнің шығару көлемін анықтау;
корпорацияның
кірістерін жоспарлаудың негізгі әдістерін
сипаттау.
6.1 Негізгі теориялық жағдайы
Табыс (түсім) – бұл келіп түскен активтердің( өзге мүліктің ақша
қаражатынын) нәтижесінде экономикалық пайдасының ұлғаюы және (немесе)
қатысушылардың салымдарын қоспағанда, осы ұйымның капиталын көбейтуге
әкеп соғатын міндеттемелерін жабу (меншік иелерінің).
Түсім – ол кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастырудың
негізгі көзі Ол кәсіпорынның үш негізгі бағыты бойынша қызметінің
нәтижесінде қалыптасады: негізгі, инвестициялық және қаржылық.
Негізгі қызметті сатудан түскен түсім өнімді өткізуден түскен түсім
түрінде көрінеді, (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің).
Инвестициялық қызметтен түскен түсім айналымнан тыс активтерді,
дивидендтерді сатудан түскен қаржылық нәтиже және ұзақ мерзімді қаржылық
салымдар бойынша пайыздар түрінде көрінеді.
Қаржылық қызметтен түскен түсім инвесторлар арасында кәсіпорын
акциялары мен облигацияларын орналастыру нәтижесін қамтиды.
Өнімді өткізудің екі әдісін көрсетуге болады:
- тауарларды тиеп-жөнелту (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету)
және контрагентке есеп айырысу құжаттарын ұсынуы – есептеу әдісі;
- төлем шамасына қарай – кассалық әдіс.
Осы әдістердің арасында елеулі айырмашылық бар. Бірінші жағдайда,
іске асыру сәті бойынша, түсім болып тиеу күні саналады немесе кәсіпорын
үшін тиеп-жөнелтілген өнімге түскен ақшалай қаржы түсімін анықтаушы
фактор болып табылмайды. Бұл әдістің негізінде тауарды меншік құқықтарына
ауыстырудың заңдық қағидасы жатыр. Түсімді есепке алудың бұл әдісі
дамыған нарықтық елдерде кеңінен қолданылады, онда ақша нарықтары мен
қордың болуы едәуір дәрежеде тауар өндірушілерді төлем жасамаудан
сақтандырады және олардың қаржылық қаупін азайтады.
Отандық тәжірибеде екінші әдіс- кәсіпорынның ақшалай шотына
қаржының нақты түсімін анықтау неғұрлым кең таралған. Салық салу
мақсаттары үшін келіп түскен түсімнің пайда болу сәті кәсіпорынның шотына
қаржының түскен күні есептеледі. Түсімнің тәртібін осылай есепке алу
68
бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен уақтылы есеп айырысу жүргізуге
мүмкіндік береді.
Түсімді қолдану сызбасы келесі сызбада көрсетілген (сурет 9 қараңыз):
Сурет 9 –Өнімді өткізуден түскен түсімді пайдалану сызбасы
Өнімді өткізуден түскен түсімнің шамасына, кәсіпорынның қызметіне
тікелей тәуелді келесі факторлар әсер етеді:
- өндіріс саласында: өндіріс көлемі, оның құрылымы, шығарылатын өнімнің
сапасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, өндіріс ырғағы;
- айналымы саласында: қолданылатын бағалар деңгейі, ырғақтық тиеп-
жөнелту, дер кезінде төлем құжаттарын ресімдеу, шарттық талаптарды сақтау,
қолданылатын есеп айырысу түрлері.
Кәсіпорынның қызметіне тәуелді емес факторлардың қатарына
кәсіпорынға
материалдық-техникалық
ресурстар
жеткізуде
келісім-
шарттарының бұрмалаушылығын,жұмыстағы көліктердің іркілісін, сатып
алушының ақы төлеуге қабілетсіздігі салдарынан уақтылы ақысын төлемеуді
жатқызуға болады.
Егер кәсіпорынның шотына түсімнің келіп түсуі қаржының ауыспалы
айналымының аяқталғанын ұсынса,онда оны пайдалану жаңа ауыспалы
айналымның басталғанын,сонымен бірге тарату процестерінің сатысын
ұсынады.
Өндірілген өнімнен түсетін ақшалай қаражат
Өнімді (жұмыс, қызмет)
сатудан түскен (нетто)
пайда
Пайданың өсуіне қатысты (үстеме
бағаға), жанама салықтар
Материалдық
шығындар
Амортизация
Жалпы
табыс
ҚҚС
Акциздер
Басқада
салықтар
Төлем ақы және
аударымдар
Пайда
Басқада
шығындар
Таза пайда
Пайдаға
салынатын
салықтар
69
Бөлінбеген пайда корпорацияның меншікті капиталының негізгі элементі
болып табылады. Пайда қаржыны басқарудың негізгі мақсаттарын іске асыру
негізінде жатыр. Ол компанияның қаржы-шаруашылық қызметін нәтижесінде
алынған әсерін сипаттайды; өзіндік капиталды қалыптастырудың негізгі ішкі
көзі болып табылады; капиталдың бағасымен салыстыру кезінде салыстырмалы
мәнде корпорация құнының өзгеруін сипаттайды.
Пайда – бұл кірістердің шығыстардан артығы. Кері ереже залал деп
аталады. Экономикалық тұрғыдан пайда – бұл ақша түсімдері мен ақша
төлемдері арасындағы айырым. Шаруашылық тұрғысынан пайда – бұл
кәсіпорынның мүліктік жай-күйінің есепті кезеңнің басындағы және
аяғындағы арасындағы айырмашылығы.
Пайда функциялары:
1) пайда- кәсіпорын қызметінің өлшемі мен көрсеткішінің тиімділігі
болып табылады;
2) пайда- ынталандыру функциясына ие;
3) пайда- түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысын қалыптастырудың кіріс
көзі болып табылады.
Пайданың келесі көрсеткіштері: баланстық пайда; өнімді сатудың
пайдасы, тауарлар мен қызметтердің пайдасы; өзге сатылымдардың пайдасы;
операциялардан тыс өткізудің қаржылық нәтижелері; салық салынатын табыс;
таза пайда.
Баланстық пайда, өнімді сатудың, басқа да салылымдардың, өткізу
операцияларынан тыс табыстардың қаржылық нәтижелерін қамтиды (10-
суретті қараңыз).
Басқа сатылымдардың пайдасы - бұл негізгі құралдарды сатудан түскен
пайда, олардың өзгеше шығуы, кәсіпорынның өзге де мүліктерін сату – ол
кәсіпорынның негізгі қызметінің түрлерімен байланысты емес қаржы нәтижесі.
Ол корпорация теңгерімінде тұрған әр түрлі мүлікті басқа жаққа сатудың өзге
де сатылымдарының пайдасын (шығынын) көрсетеді.
Корпорация өзінің мүлкіне дербес билік етеді. Ол есептен шығаруға,
сатуға, жоюға, беруге, басқа кәсіпорындардың жарғылық қорына ғимараттарды,
құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да негізгі
қорларды, ғимараттарды,имараттарды бұзу және бөлшектеу процесінде
алынған материалдық құндылықтарды, құрылыстарды, жекелеген объектілерді,
тауарлық-материалдық құндылықтар мен басқа да мүлік түрлерін сатуға
құқылы. Тек аталған мүліктің түрлерін сату кезінде ,сонымен бірге кейбір
жағдайларда амортизация жасалмаған объектілерді шығарған кезде ғана
қаржылық нәтиже орын алады. Негізгі қорларды іске асыру кезінде қаржылық
нәтижесі негізгі құралдар жағында сату бағасымен сатылған және олардың
сату кезінде шеккен шығыстарын ескере отырып, қалдық құны арасындағы
айырма ретінде айқындалады.
Корпорациясының өзге мүліктері ретінде шикізат, материалдар, отын,
қосалқы бөлшектер, материалдық емес активтер (патенттер, лицензиялар, сауда
маркалары, ЭЕМ-ға бағдарламалық өнімдер, және т. б.), валюталық
құндылықтар, бағалы қағаздар түсініледі.Кәсіпорынның осы мүлік түрлері мен
70
сату бағасы арасындағы айырмашылық және олардың баланстық құны (осыған
байланысты шеккен шығындар ескере отырып) қаржылық нәтижені құрайды.
Сурет 10– Корпорацияның баланстық пайдасын қалыптастыру сызбасы
Операциялардан тыс сатудың қаржылық нәтижелері– бұл кәсіпорынның
негізгі қызметіне қатысы жоқ және өнімді,негізгі құралдарды, кәсіпорынның
өзге де мүліктерін өткізумен байланысты емес, жұмыстарды орындау,
қызметтерді көрсетудің түрлі сипаттағы операциялары бойынша пайда. Қаржы
нәтижесі жүзеге асырылмаған операциялар бойынша шығыстарды шегергендегі
кірістер ретінде анықталады.
Пайданы қалыптастыру процесіне екі топ факторлар әсер етеді:
1) сыртқы факторлар деп кәсіпорын өніміне нарықтық баға белгілеу
шарттары, сонымен бірге жүзеге асырылмаған кірістер мен шығыстардың
кейбір баптарын қалыптастыру жағдайы түсініледі.
Өнімді сатудан түскен түсім
(жұмыс, қызмет)
Өзіндік
құны
ҚҚС,
акциздер
Өнімді өткізуден
түскен пайда
Басқа да
сатудан
пайда
өткізуден
тыс қаржы
нәтижелері
Достарыңызбен бөлісу: |