45
Сурет 7 –Операциялық, өндірістік және қаржылық
циклдардың ара-
қатынасы
Операциялық цикл = Өндірістік цикл + дебиторлық берешек айналымның
кезеңі
Шикізат келіп түскен кезден дайын өнімді сату (тиеп-жөнелту)сәтіне
дейін
өндірістік цикл деп аталады. Өндірістік цикл өндірістік түрдегі затқа
айналған айналым капиталының айналым кезеңіне тең.
Өндірістік цикл = Қорлар айналымының кезеңі + Аяқталмаған өндіріс
айналымының кезеңі + Дайын өнім айналымының кезеңі
Корпорацияның шикізатқа ақысын төлеу кезеңінен өндірілген өнім үшін
төлем түрінде ақшалай қаржыны қайтару сәтіне дейінгі кезең
қаржы циклі деп
аталады.
Қаржылық цикл = Өндірістік цикл + дебиторлық берешек айналымының
кезеңі –Кредиторлық берешек айналымының кезеңі = Операциялық цикл -
Кредиторлық берешек айналымының кезеңі.
Корпорацияның нарықтық экономикасында айналым қаражатының
қажеттілігін өздері анықтайды. Айналым қаражаттарының мөлшерін анықтау
және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету- корпорацияның қаржылық
тұрақтылығы мен тиімді қызметінің негізгі шарттарының бірі.
Егер қолма-қол айналым қаражаты олардың ұтымды (рационалды)
мөлшерінен аз болса,корпорация өндірісті тоқтата тұруға, жұмысшыларға
еңбеақыларын беруді кешіктіруге мәжбүр. Егер қолма-қол айналым құралдары
ұтымды
мөлшерінен
көп
болса,онда
айналым
қаражатының
"жансыздануы"жүреді,корпорациясының
активтерінің
табыстылығы
төмендейді.
Шикізат
түсімі
Шикізатты
төлеу
Сатып алушыдан
ақы алу
Дайын өнімді
сату
Өндірістік циклі
Кредиторлық
берешектің
айналым кезеңі
Дебиторлық
берешектің айналым
кезеңі
Операциялық цикл
Қаржылық цикл
Уақыт
46
Нормалау –кәсіпорынның шаруашылық қызметін қалыпты жүзеге асыру
және ұйымдастыру үшін қажетті айналым қаражатының оңтайлы шамасын
белгілеу.
Айналым құралдарының нормасы – ТМҚ қорларының экономикалық
негізделген көлемінің, әдетте, күнмен белгіленетін ең төменгі салыстырмалы
шамасы.
Айналым қаражаттарының нормативі- ең төменгі қажетті ақша
қаражатының сомасы қамтамасыз ететін қалыпты кәсіпкерлік фирманың
қызметі.
Қазіргі уақытта базалық нормативті есептеу үшін аналитикалық және
коэффициенттік–жыл сайынғы нормативті түзету үшін тікелей шотының әдісі
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: