Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12


Қаржылық талдаудың негізгі функциялары



Pdf көрінісі
бет80/107
Дата06.01.2022
өлшемі1,98 Mb.
#16137
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107
Қаржылық талдаудың негізгі функциялары болып табылады: 
- объектінің қаржылық жай-күйін талдауды тиімді(объективті) бағалау; 
- қол жеткізілген жай-күйінің себептерін және факторларын анықтау; 
-  қаржы  саласындағы  қабылданып  жатқан  басқарушылық  шешімдерді 
негіздеу және дайындау; 
- бүкіл шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру және қаржылық жай-
күйін жақсарту резервтерін жұмылдыру және анықтау. 
Кәсіпорынның  қаржылық  жай-күйін  талдау  әдістерінің  белгілі  бір 
жіктелуі бар 
1.  Шаруашылық  қызметін  талдаудың  классикалық  әдістері  және 
қаржылық талдау: шынжырлы орынға қою, арифметикалық айырмашылықтар, 
теңгерімдік,  оқшауланған  факторлардың  әсерлерін  бөлу,  пайыздық  сандар, 
дифференциалды,  логарифмді,  интегралды,  қарапайым  және  күрделі  пайыз, 
дисконттау.  
2. 
Экономикалық  статистиканың  дәстүрлі  әдістері:  орта  және 
салыстырмалы  шамалар,  топтастыру,  графикалық,  индекстік,  динамика 
қатарларын қарапайым өңдеу әдістері. 
           3.  Байланысты  зерттеудің  математикалық–статистикалық  әдістері: 
корреляциялық талдау, регрессиялық талдау, дисперсиялық талдау, факторлық 
талдау, негізгі компонент әдісі, ковариациондық талдау, кластерлік талдау, т. б. 
әдістері.  
          4. Эконометрикалық әдістері: матрицалық әдістері, гармоникалық талдау, 
спектрлік  талдау  әдістері,  өндірістік  функциялар  теориясының  әдістері, 
салааралық теңгерім теориясының әдістері. 
          5.  Экономикалық  кибернетика  және  оңтайлы  бағдарламалау  әдістері: 
жүйелік  талдау  әдістері,  машиналық  имитация  әдістері,  сызықтық 
бағдарламалау,  сызықтық  емес  бағдарламалау,  динамикалық  бағдарламалау, 
дөңес бағдарламалау, және т. б. 
          6.  Операцияларды  зерттеу  және  қабылдайтын  шешім  теориясының 
әдістері: графтар теориясының әдісі, ағаш әдістері, байесовтық талдау әдістері, 
ойындар теориясы, жаппай қызмет көрсету теориясы, желілік жоспарлау және 
басқару әдістері.  
          Жүргізіліп  отырған  кәсіпорында  пайдаланылатын  әдістерге  байланысты 
қаржылық  талдау  теориясында  мынадай  негізгі  қаржылық  талдау  жүйелері 
ажыратылады: 
           1.  Көлденең  (немесе  трендовый)  қаржылық  талдау  жекелеген  қаржылық 
көрсеткіштерінің  уақыт  бойынша  динамикасын  зерделеуге  негізделген.  Осы 
жүйені  талдаудың  пайдалану  процесінде  бірқатар  кезеңдеріндегі  қаржылық 
есептілігінің  жекелеген  көрсеткіштерінің  өсу  қарқыны  (өсім)  есептеледі  және 
олардың өзгеруінің(немесе трендінің) жалпы тенденциялары анықталады. 
           2.  Тік  (құрылымдық)  қаржы  талдауы  қаржылық  есептіліктің  п/п 
жекелеген  көрсеткіштерінің  құрылымдық  ыдырауына  негізделген.Осы 


 
103 
 
талдауды  жүзеге  асыру  барысында  қаржылық  көрсеткіштердің  біріктірілген 
жекелеген құрылымдығын құрайтын үлес салмағы есептеледі. 
3.  Салыстырмалы  қаржылық  талдау  жекелеген  топтардың  мәндерінің 
ұқсас  көрсеткіштерінің  бір-бірімен  салыстыруына  негізделген.  Осы  жүйені 
пайдалану  процесінде  талдау  абсолюттік  және  салыстырмалы  ауытқулардың 
салыстырылатын көрсеткіштерінің мөлшерімен есептеледі . 
          4.  Қаржылық  коэффициенттерді  талдау  (R-талдау)  кәсіпорындардың 
қаржы  қызметтерінің  бір-бірімен  әр  түрлі  абсолюттік  көрсеткіштерінің 
арақатынасын есептеуге негізделген.  
          5.  Интегралды  қаржылық  талдау  жекелеген  біріктірілген  қаржы 
көрсеткіштерін 
 
қалыптастыру 
жағдайына 
неғұрлым 
тереңдетілген 
(көпфакторлы) баға алуға мүмкіндік береді. 
          Қаржылық  талдау  үшін  негізгі  ақпарат  көзі  болып  №1  формалы 
бухгалтерлік  теңгерім    табылады.  Ол  қаржылық  жай-күйін  бағалау  және 
талдаудың үшін ең ақпаратты түрі (4-кестені қараңыз). Оның басты сапасы -ол 
кәсіпорын  мүлкінің  құрамы  және  құрылымы,  өтімділік  және  айналым 
қаражаттарының  айналымдылығы,  меншікті  капитал  және  міндеттемелердің 
жағдайы  мен  дебиторлық  және  кредиторлық  берешектің  динамикасын 
анықтайды.  Теңгерімнің  бұл  мәліметтері  негізделген  басқарушылық 
шешімдердің  тиімділігін  қабылдау  ,  капиталдың  болашақ  салымдарының 
тиімділігін және қаржы қаупінің мөлшерін бағалау үшін негіз болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет