Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет82/107
Дата06.01.2022
өлшемі1,98 Mb.
#16137
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   107
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

төлем  қабілеті  бар  болып  саналады.  Кәсіпорынның  қысқа  мерзімді 
міндеттемелерге  қарағанда,  ағымдағы  активтері  артық  болса,онда  ол  өтімді 
болып табылады. 
    Өтімділік-  кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  сөзсіз  білдіреді  және 
үнемі  активтер  мен  міндеттемелер  арасындағы  жалпы  сомасы  бойынша  да, 
келіп түсу мерзімі бойынша да теңдікті сақтайды. Кәсіпорынның өтімділігінің 
мәні өтімділік теңгерімін білдіреді. 
Теңгерім  өтімділігін  талдау  оларды  өтеу  мерзімдері  бойынша 
топтастырылған,  пассив  бойына  міндеттемелерімен,  өтімділік  дәрежесі 
бойынша топтастырылған актив құралдарын салыстыруынан туады (5-6-кестені 
қараңыз).  
 
Кесте  5  -  Бухгалтерлік  теңгерімнің  өтімділік  дәрежесі  бойынша 
активтерін топтау  
 
А
1
 
Ең өтімді активтер 
ақша  қаражаттары  мен  құнды  қағаздар  (қысқа  мерзімді 
қаржылық инвестициялар) 
А
2
 
Тез 
сатылатын 
активтер 
қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешек  және  басқа  да 
айналым активтері 
А
3
 
Баяу 
сатылатын  
активтер 
тауарлық-материалдық  қорлар  және  ұзақ  мерзімді 
инвестициялар (басқа кәсіпорындардың жарғылық капитал 
салымдарының азайтылған шамасына) 
А
4
 
Қиын 
сатылатын  
активтер 
осы  тараудың  бабын  қоспағанда,  алдыңғы  тобына 
енгізілген ұзақ мерзімді активтер. Себебі "Айналымнан тыс 
активтер"  бөлімінің  қорытындысынан  "  ұзақ  мерзімді 
қаржылық  салымдар"  бабы  бойынша  шамасының  тек  бір 
бөлігі  ғана  шегеріледі,  онда  қиын  сатылатын  активтердің 
құрамында  басқа  кәсіпорындардың  жарғылық  капиталға 
салымдары есепке алынады 
 
             Теңгерім  өтімділігін  анықтау  үшін  актив  және  пассив  бойынша 
келтірілген  топтардың  қорытындыларын  салыстырған  жөн.  Теңгерімнің  егер 
мынадай арақатынастары: А1 ≥П1 ; А2 ≥П2; А3 ≥П3; А4 ≤П4 болса, абсолютті 
өтімді болып саналады. 
 


 
105 
 
Кесте  6  -  Бухгалтерлік  теңгерімнің  оларды  өтеу  мерзімдері  бойынша 
пассивтерін топтау 
 
П
1
 
Неғұрлым мерзімді міндеттемелер 
кредиторлық берешек,табыстарды төлеу 
бойынша қатысушыларға берешек және 
өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер 
П
2
 
Қысқа мерзімді пассивтер 
Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар 
П
3
 
Ұзақ мерзімді пассивтер 
Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар 
П
4
 
Тұрақты  пассивтер 
капитал  және  резервтер,  болашақ 
кезеңдердің 
кірістері 
мен 
алдағы 
шығындардың  резервтері 
 
Басқа  сөзбен  айтқанда,  теңгерім  өтімді  болып  саналады,  егер  әрбір  топ 
алғашқы  үш  теңсіздіктер  активімен  кәсіпорынның  міндеттемелер  тобын 
жабады немесе оған тең: кері жағдайда теңгерім өтімсіз болады. 
Жоғарыда  келтірілген    жүйедегі    алғашқы  үш  теңсіздіктерді  орындау 
қажеттілігі  төртінші  теңсіздікті  орындауға  әкеп  соғады,  сондықтан  іс  жүзінде 
алғашқы  үш  топ  активі  және  пассиві  бойынша  қорытындыларын  салыстыру 
маңызды  болып  табылады.  Төртінші  теңсіздік  "теңестіргіш"  сипатында    және 
сол  уақытта  оның  терең  экономикалық  мәні  бар:  оның  орындалуы 
кәсіпорынның  меншікті  айналым  қаражаты  болған  кезде  қаржылық 
тұрақтылықтың сақталған ең төменгі шарттары туралы куәландырады. 
      Инвестицияларды 
салу 
мақсатында 
кәсіпорынның 
қаржылық 
тұрақтылығын  талдай  отырып,төлем  қабілеттілігі  және  өтімділігінің 
салыстырмалы көрсеткіштерін пайдаланады. 
Өйткені  ағымдағы  активтерді  қолма-қол  ақшаға  айналдыру  дәрежесі 
бірдей  емес,  отандық  және  әлемдік  тәжірибеде  төрт  салыстырмалы  өтімділік 
көрсеткішін есептейді: 
          1.  Мерзімді  міндеттемелердің  үлесін  көрсететін  абсолюттік  өтімділік 
коэффициенті  (К
АБЛ
)  қажет  болған  жағдайда  тез  іске  асырылатын,қысқа 
мерзімді  қаржылық  салым  және  ақша  қаражаттарымен    жабылуы  мүмкін. 
Оңтайлы мәні 0,2-0,25  
 
К
АБЛ
 = неғұрлым өтімді активтер / (неғұрлым мерзімді міндеттемелер + 
қысқа мерзімді міндеттемелер) 
 
2.  Кәсіпорынның  мерзімді  міндеттемелерінің  қандай  да  бір  бөлігін 
көрсететін.  өтімділіктің  (ККЛ)  сыни  (аралық)  коэффициенті  қысқа  мерзімді 
дебиторлық берешекті толық өтеу жағдайында жаба алады. Оңтайлы мәні 0,7-
0,8.  
 
К
КЛ
 = (неғұрлым өтімді + тез сатылатын активтер) / (неғұрлым мерзімді 
міндеттемелер + қысқа мерзімді міндеттемелер) 
 
         3.  Мерзімді  міндеттемелердің  үлесін  көрсететін  ағымдағы  өтімділік 
коэффициенті  (жабу)  (К
П
)  ,  қолда  бар  қорларды    іске  асыру    және  қысқа 


 
106 
 
мерзімді дебиторлық берешекті өтеу жағдайда жабылуы мүмкін. Оңтайлы мәні 
1-2. 
 
      К
ТЛ
 = (неғұрлым өтімді активтер + тез сатылатын активтер +қорлар) 
/ (неғұрлым мерзімді міндеттемелер + қысқа мерзімді міндеттемелер) 
 
4.  Құралдарды  (КЛМС)  жұмылдыру  кезіндегі  өтімділік  коэффициенті 
қажет болған жағдайда, қысқа мерзімді борыштарды жабу үшін , оларды сатуға  
материалдық-өндірістік қорларының жеткіліктілігін сипаттайды. Оңтайлы мәні 
0,5-0,7. 
 
К
ЛМС
  =  қорлар  /  (неғұрлым  мерзімді  міндеттемелер  +  қысқа  мерзімді 
міндеттемелер) 
 
Қаржылық 
тұрақтылық 

нарықтық 
экономикалық 
жағдайда 
кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметінің ең маңызды сипаттамасы. Егер 
кәсіпорын  қаржылық  тұрақты  болса,  онда  оның  сол  бейіндегі  басқа 
кәсіпорындардың алдында инвестицияға тарту, несие алу, таңдау, жеткізушілер 
мен білікті кадрларды іріктеуде артықшылығы бар. Ақырында, ол мемлекетпен 
және қоғаммен қақтығыс жасамайды,өйткені бюджетке салықтарды, әлеуметтік 
қорларға  төленетін  жарналарды,  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге-  жалақы, 
акционерлерге  дивидендтерді  уақтылы  төлейді,  ал  банктерге  несиелерді 
қайтару мен пайыздарын төлеу бойынша кепілдік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет