Қостанай қаласы білім бөлімінің «№17 орта мектебі» мм



Дата17.05.2023
өлшемі14,9 Kb.
#94104
Байланысты:
Қозы Көрпеш Баян Сұлу


Қостанай қаласы білім бөлімінің
«№17 орта мектебі» ММ

Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «14 сәуір - Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

2022-2023 оқу жылы


Тақырыбы: «14 сәуір - Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті жиылған қауым!
1 –жүргізуші: Қазақ халқы ежелден махаббат сезімін, оның нәзік қылын, пәк махаббатқа жету жолындағы жүректі тербетер сан қилы оқиғаларды мейлі, өз жұртында болсын, мейлі, өзге жұртта болсын, жырлап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған.
2 – жүргізуші: 14 сәуір – Ғашықтар күні қарсаңында тарихымыздағы қос ғашықтарымызды еске түсіре отырайық: Ләйлі –Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Таһир-Зухра, Арзу-Қамбар, Еңілік-Кебек, «Қыз Жібек пен Төлеген , Қалқаман-Мамыр, Естай-Қорлан, Қозы Көрпеш-Баян сұлу. Аталған ғашықтардың арасындағы махаббат – шынайы, пәк, қазіргі жастарымызға үлгі боларлық.
1 – жүргізуші:
Қанша ғашық арманына ұмтылды,
Қанша жүрек құштарлықпен бұлқынды,
Ғашықтарды құрмет тұтып адамзат,
Ешқашанда ұмытпайды бұл күнді!
Шуақ шашып қап - қараңғы түнектен,
Ғашықтарды пәк сезіммен нұр сепкен,
Жарық болсын әрқашан да жұлдызың,
1 – жүргізуші:
1 – жұпқа арналған сұрақ: 1971 жылы Ғабит Мүсірепов сценариі бойынша Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді.Төлеген мен Жібек рөлін кімдер сомдады? ( Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешева) 2 – жүргізуші:
2 – жұпқа арналған сұрақ: Халық есінде ғашықтар мұнарасы, махаббат белгісі ретінде жатталып қалған "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" кесенесі Қазақстанның қай жерінде? (Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз жерінде, Таңсық станциясының оңтүстік сілемінде, станциядан 10 шақырым жердегі Тарлаулы ауылынан өтетін Аякөз өзенінің оң жағасындағы биік дөң басында)
2 – жүргізуші: 4 -жұпқа арналған сұрақ - Енші деген не?
Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.
1 – жүргізуші: 5 -жұпқа арналған сұрақ : Бірін-бірі сүйген Еңлік-Кебекке арналған ескерткіш қай жерде (Семей жеріндегі Ералы өзееенінің бойында) 2 – жүргізуші: 6-жұпқа арналған сұрақ: Әмеңгерлік дегеніміз не? Лиро-эпостық жырдан әмеңгерлікке мысал келтіріңіз.
1 – жүргізуші: 7-жұпқа арналған сұрақ: Шығыста өткен жеті ғашық. Олар кімдер? (Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын, Жүсіп-Зылиқа, Бахрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Жамал, Бозжігіт-Қарашаш, Зизді-Қорлығайын)
2 – жүргізуші: 8-жұпқа арналған сұрақ: "Еңлік-Кебек" дастанының авторын атаңыз. Жырдың мазмұнына қысқаша тоқталыңыз (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
1 – жүргізуші: 9 –шы жұпқа сұрақ: «Жүсіп-Зылиха» дастанының авторы кім? Дастан жайлы не білесіз? (Дүрбек ақын)
2 – жүргізуші: Иа, жұптар бар білгенін ортаға салды. «Халық пен халықты теңестіретін нәрсе - білім» - деп, Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, білімді жұптарымыз анықталды.
1 – жүргізуші: Олай болса, келесі «Әуенді анықта» атты кезеңімізге кезек берейік. Жұптар әннің әуенін ғана тыңдау арқылы қандай ән екендігін анықтайды. Ғашықтық, махаббат жайлы әуендер қосылады)
2 –жүргізуші: Осымен 15 сәуір - ұлттық ғашықтар күніне арналған "Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл" сайысы аяқталды. Адам атаулының туған жерге, ата-анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдеріңіз баянды болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет