Поэма 2 Sauap org ҚАЛҚаман-мамыр



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі265,89 Kb.
#9120
түріПоэма

Sauap.org 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ШӘКӘРІМ 

ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЛҚАМАН-МАМЫР

 

 



 

 

 

Поэма

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Sauap.org 

 

 

ҚАЛҚАМАН-МАМЫР 

 

 

Ӛткен іс — ойға күңгірт, кӛзге танық, 



Кӛрмесе де білгенге бәрі қанық. 

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл 

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық. 

Әнет бабаң Арғынның ел ағасы, 

Әрі би, әрі молла, ғұламасы. 

Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен, 

Сол кезде тоқсан беске келген жасы. 

Кішік деген — бабаңның ӛз атасы, 

Мәмбетей ол Кішіктің бір ағасы. 

Мәмбет сопы, Кішіктің шешесі бір, 

Қатаған Тұрсын ханның ханышасы. 

Біздің жетінші атамыз Әйтек деген 

Бабаңның бір туысқан інісі екен. 

Әйтектің бәйбішеден жалғызы Олжай, 

Тоқалынан Байбӛрі Қалқаманмен. 

Бәкең деп атап кеткен Байбӛріні, 

Бұл сӛзім ертек емес, сӛздің шыны. 

Бір қыз үшін Қалқаман елден кеткен 

Соның жайын айтайын тыңда, міне: 

Мәмбетей ӛсіп, ӛнді бара-бара, 

Сол таптан бір бай шықты жеке-дара. 

Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр 

Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора . 

Онан басқа бала жоқ әлгі байда, 

Оны қыз деп еш адам айту қайда. 

Байдың кӛңілі жабырқап қала ма деп, 

Жұрт жүрді құда болам дей алмай да. 

Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен, 

Мамырды жас күнінен біледі екен. 

Асықтығын айта алмай іштен жанып, 

«Құрбымыз»деп құр ойнап-күледі екен. 

Мамыр жылқы бағады күндіз барып, 

Тымақ киіп, қолына құрық алып. 

Қалқаман Мамырменен малда жүріп, 



Sauap.org 

 

Біраз сӛз сӛйлесіпті, кез боп қалып. 



Жігіт сонда қызға ӛзін сүйдірмекке, 

Асық болса оны да күйдірмекке — 

Жұмбақ-мысал сықылды бір сӛз айтты, 

Кӛңіліндегі мақсұтын түйдірмекке: 

— Әй, Мамыр, адамды алла жаратыпты, 

Хауа-Ананы Адамға қаратыпты. 

Бірін еркек, біреуін әйел қылып, 

Екеуінен кӛп жанды таратыпты. 

Құдай неге қылмаған адамды тақ

Балаларын ӛзінен ӛстіріп-ақ. 

Хауаны жаратудан мақсұты не? 

Сол арасын білуге ақылым шақ. 

— Әй, Қалқаман, теңі жоқ, құдай жалғыз, 

Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз. 

Адамзатқа кӛмексіз, махаббатсыз 

Ӛмір қызық дегенді естен қалғыз. 

Жоқ болса махаббатлы бір сүйгенің, 

Ойлашы, керегі не дүниенің. 

Сүйсін, жолдас болсын деп жаратты алла, 

Бұл туралы білгенім осы менің. 

— Тауып айттың, Мамыржан, ұқтым жайын, 

Сүйтсе-дағы тағы бір сӛзім дайын. 

Махаббатлы жарым жоқ, жәрдемшім жоқ, 

Ӛлейін бе, қайтейін, кімге айтайын? 

Қалқаманның мақсұтын Мамыр білді, 

Аз ойланып үндемей сабыр қылды. 

Жылы жүрек ӛзіне жар тапқандай, 

Тыншымады, тулады, жүз құбылды. 

Қызарды, бір ағарды байдың қызы, 

Бетке шықпай тұра ма жүрек ізі? 

Іші ыстық, сыртқы дене суық тартып, 

Салқын термен мӛлдіреп нұрлы жүзі. 

Аздан соң Мамыр айтты: — Әй, Қалқаман, 

Байқадым сӛз аяғы бізге таман. 

Қазір жауап берерлік уақытым емес, 

Сүйтсе де үміт үзіп ӛлмек жаман... 

Мұны айтып амандасып Мамыр кетті, 

Күн сайын Қалқаманнан сабыр кетті. 

Мамыр бүгін қыздарша киінді деп, 


Sauap.org 

 

Қалқаманға бір күні хабар жетті. 



Қуанды атқан оғым тиді ме деп, 

Мен үшін қыз киімін киді ме деп. 

Қауіп шіркін тағы да ойлатады 

Менен басқа біреуді сүйді ме деп? 

Ол күнде жерге талас қазақ, қалмақ, 

Атысып, ауыл шауып, жылқыны алмақ. 

Бір соғыста қалмақты қазақ жеңіп, 

Тобықтының бәрі де тойға бармақ. 

Той қылған Орта жүзде Сәмеке хан, 

Жиылды той болған соң бірталай жан. 

Бай-бәйбіше, үлкендер сонда кетіп, 

Жас жігіт, қыз-келіншек үйде қалған. 

Қазақта бастан деген бір ырым бар, 

Мал сойып, жастар ойнап, бір жиылар. 

Қалқаман «Бастан қыл, — деп қызға келді, 

— Азар болса бір тоқты шығын шығар». 

Сойғызды Мамыр сонда тоқтыны әкеп, 

Ойнады қыз-бозбала етінен жеп. 

Оңашада Қалқаман Мамыр қызға 

Ымдады «бір жауабың болмай ма?» деп. 

Айтса да қыздан жауап үміт етіп, 

Есітпеген кісі боп қалды кетіп. 

Сүйтсе де сондағы айтқан сӛзі мынау, 

Еш адамға елеусіз ӛлеңдетті: 

«Ауылымның күнбатысы қалың қамыс, 

Бүрсігүннен арғы күн болады алыс. 

Жас кісіде бар болса жігер-намыс, 

Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс». 

Солайша жауап берді Қалқаманға, 

Бұл сӛзі байқалмады басқа жанға. 

Бүрсігүні қамыстан жолықпасаң, 

Мен саған жоқ деді ғой байқағанға. 

Қалқаман оймен шешті қыздың сӛзін, 

Таптым деп шешуінің анық ӛзін. 

Бүрсігүні күн бата сол қамысқа 

Келіп кірді сол ғой деп айтқан кезің. 

Ел жата қыз да келді шоқ қамысқа, 

Қалқаман айтты соңда кӛз танысқа: 

Бүгін кешке осынан жолықпасаң, 


Sauap.org 

 

Кетемін деп неге айттың тіпті алысқа? 



— Әй, Қалқаман, аңғалсың аңқылдаған, 

Біржолата келген жоқ Мамыр саған. 

Тағдыр бізді қоспады, айып етпе, 

Ертең құда түседі біреу маған. 

Кеше білдім тӛбемнен ұрғандығын, 

Құдалықтың дап-дайын тұрғандығын. 

Бүрсігүннен кешіксең жауап жоқ деп, 

Сол еді сӛз ишарат қылғандығым. 

Әке берсе, қыз болмас кімге қатын, 

Қайтейін сенде-ақ еді махаббатым? 

Еркекше киімімнен ұялам деп, 

Уақыт ӛтті, сол болды қатты оғатым. 

Алдыңа кешу сұрай келіп тұрмын

Кӛзге тірі болсам да ӛліп тұрмын.  

Қалқаман, осы саған қоштасқаным, 

Денемді емес, жанымды беріп тұрмын. 

— Әй, Мамыр, бұл іс оңай, алдамасаң, 

Зорлық жоқ ӛзің сүйіп таңдамасаң. 

«Ер жеткен қыз еркімен ерге барар» 

— Молдалардан есіттім әлдеқашан. 

Мамыр-ау, мені сүйсең, кетпе жатқа, 

Құдайға хақ, сӛзім жӛн шариғатқа. 

Басы Бабаң, аяғы шала молда, 

Бәріне анық оқыған жамағатқа. 

— Қалқаман, рас болса айтқан сӛзің, 

Сен үшін келіп тұрмын, кӛрді кӛзің. 

Сүйген жарым, сүйенген жақыным — сен, 

Не қылсаң да біле бер, мейлің ӛзің. 

— Олай болса кетейін қазір алып, 

Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып. 

Азар болса мал алар, адам алмас, 

Тобықтыны жиярмын бара салып. 

— Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір, 

Ӛлтірем деп жүрмесін бізді қазір. 

Ӛзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын, 

Сен cay болсаң болар ем мен-ақ нәзір. 

— Мамыр-ау, айтып тұрсың әлденені, 

Шариғат қосады екен немерені. 

Қайғы ойлап жаман ырым айта берме, 


Sauap.org 

 

Алаңсыз сүйген болсаң анық мені. 



- Мамыр айтты: — Мен сенсіз тірі тұрман, 

Үш қайырдым сӛзіңді мен антұрған. 

Бір құдайға сыйынып ал да жӛнел, 

Жолында ӛлсем разымын, жаным құрбан. 

Алдандырдым мен сізді сӛзбенен құр, 

Тәуекел деп аллаға тез, жылдам жүр. 

Заман қандай болар деп дайындап ем, 

Боз жорға атым белдеуде ерттеулі тұр. 

Мінді де екі ғашық кетіп қалды, 

Ауылға бір сағатта жетіп барды. 

Неде болса қылдым деп бір жұмысты, 

Бара сала Олжайға кісі салды. 

Олжай барды Бабаңа түн ішінде, 

Қысылшаңдық бар еді жүрісіңде. 

Бабаң басын кӛтеріп Олжайға айтты: 

«Неге келдің, асыққан жұмысың не? » 

— Қалқаман қашып келді Мамырды алып, 

Қапы болдық ӛзгеміз білмей қалып. 

Алыс жерге кетсін бе, тоқтасын ба, 

Ақыл сұрай келіп ем сізге салып. 

Бабаң мұны есітіп қайғы жеді, 

— Бір жаман түс кӛріп ем бүгін, — деді. 

— Бітімсіз іс кез болып қалар ма екен, 

Кӛкенайдың мінезі қатаң еді. 

Кӛкенай — Мәмбетейдің бастаушысы, 

Ӛзі батыр, мінезі қатты кісі. 

Сол кісінің алдынан тараушы еді, 

Бабаңнан соң бұл елдің кӛп Жұмысы. 

Бабаң айтты: — Кете алмас бір жас бала, 

Тобықтыға хабар қыл бара сала. 

Болар іс болған шығар, малды аяма, 

Ӛзі оңдасын ақырын хақ тағала. 

Тобықты, Қанжығалы, Бәсентиін, 

Атығай, Қарауыл мен бәрі жиын. 

Бабаң хабар айтқан соң ел жиылды, 

Сүйтсе де сӛз аяғы болды киын. 

Мәмбетей жатып алды ырық бермей, 

«Қалың мал ал, біт» деген сӛзге келмей. 

Қалқаман мен Мамырды ӛлтірмесе, 


Sauap.org 

 

Кетеміз деп Бабаңды тіпті кӛрмей. 



Бабаң айтты: «Ӛлтірер жұмыс емес, 

Таспен атып ӛлтірмек - бұл іс емес.. 

Біреудің некелісін бұзбаған соң, 

Қанына ортақ болу дұрыс емес. 

Кӛкенай тағы кӛнбей жатып алды, 

Бітім болмай, неше күн жұрт сандалды. 

«Қалқаман мен Мамырдың дауындай»деп, 

Мақал болып бұл елге сонан қалды. 

Бітім болмай созылды сӛз аяғы, 

Белгісіз кімнің соры, кімнің бағы. 

Бір күні тӛркініне амандаса 

Мамыр келді, тағдыр ғой ол баяғы. 

Кӛкенай бітпей жүрген сӛзді ұзартып, 

Сол күні келген екен аңнан қайтып. 

«Анау бір топ жаяу кім? » — деп сұраса, 

«Ол — Мамыр» деп бір қойшы қойған айтып. 

Ести сала садағын қолына алды, 

«Мамырдан аулақ жүр» деп айғай салды. 

«Ұялмай жүзі қараның жүргенін!» — деп, 

Аямай дәл жүректен атып салды. 

Бүкшиіп, иман айтып, қаны қашып, 

Қолтығын қолыменен тұрды басып. 

Бейшара бір-екі ауыз тілге келді, 

Ӛзін атқан кісімен арыздасып: 

— Кӛкенай, қарғамаймын, сӛзіме бақ, 

Ісім жӛн, бір құдайға кӛңілім хақ. 

Мойныңа менің қаным халал болсын, 

Болма енді Қалқаманның қанына ортақ. 

Екі қан ауыр болар бір ӛзіңе, 

Сүйсінбе бұл рақымсыз мінезіңе. 

Айырған екі асықты оңа ма екен, 

Деп тұрсың алғыс айтар кім ӛзіңе? 

Тілегім келді орнына, арманым жоқ, 

Артыңда Қалқаманның қалғаным жоқ. 

Мені сен ӛлтіргенмен жасармайсың, 

Сүйткенмен жас жанымды алғаның жоқ. 

«Қалқаман, аман бол!» — деп кӛзін ашты, 

— «Алла...» — деп алақанмен бетін басты. 

Қоштасып қасындағы қатындармен, 


Sauap.org 

 

Опасыз бұл жалғанға амандасты. 



Кӛкенай жиды барып Мәмбетейді, 

«Ӛлтірдім тентегімді ӛзім» дейді. 

Бабаңа кісі салды дамыл бермей: 

«Ол неге Қалқаманды ӛлтірмейді?! 

Жақыным қызымды алды, ұнамаймын, 

Қорлыққа тартып алған шыдамаймын. 

Егерде Қалқаманды тірі қойса, 

Ел болып Кішікпен бас құрамаймын. 

Уа, алла! Біз кетеміз, қазір ауып, 

Менен басқа туысқан алсын тауып». 

Бұл хабар Тобықтыға жеткеннен соң, 

Сӛзінен елдің бәрі қылды қауіп. 

Бабаң айтты: «Ел бітпес оныменен, 

Жүрелік шариғаттың жолыменен. 

Бір еркек, бір қатынның құнын алсын, 

Мәмбетей разы болсын соныменен». 

Кӛнбеді Мәмбетейлер оған тағы; 

«Ауамыз біз болсақ, — деп, — қор қылмағы, 

— Әнет бабаң әділет қылмаған соң, 

Кӛз кӛрмеске жат болып кеттік-тағы». 

Кӛп берген түкке тұрмай қалың малы, 

Ем болмады жалынып айтқан жалы. 

Тобықты осы сӛзге қақ бӛлініп, 

Болысты Мәмбетейге Қанжығалы. 

— Әй, Баба, тәңіріге аян адал ісің

Сүйтсе де ел бүлінер бір бала үшін. 

Болған соң қазақ та жау, қалмақ та жау, 

Бұл елдің обалына қалмаймысың? 

Болсын да Мәмбетейдің бір айтқаны, 

«Еркек тоқты құрбандық» деген қані. 

Қалқаман Тобықты үшін жаңды қиса-,! 

Кетпей ме шаһит болып оның жаны? 

Сол сӛзге аударылды жұрттың бәрі, 

Не қылсын кӛп наданға жалғыз кәрі. 

«Кеселі кӛпке болып жүрмегей» деп, 

Бабаңның шын кейіген шықты зары. 

Салған соң ӛңкей надан кӛптік күшке, 

Қалыпты қайран Бабаң қиын іске. 

«Бір алла, ӛзіңе аян жүрегім»деп, 


Sauap.org 

 

Байлапты ӛлтірмекке ертең түсте. 



Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай, 

Жазасыз жасқа ешкімнің қаны қызбай. 

Мысалы кӛз алдыңда тұрған жоқ па, 

Қойдыңдар Абайға да не қылғызбай? 

Аллаға Бабаң сонда сыйыныпты, 

Аққан тер нұр жүзіне құйылыпты. 

«Қалқаман жүйрік атпен шауып ӛтсін, 

Кӛкенай сонда атсын», — деп бұйырыпты. 

Ӛлтірсе, оғы тисе, ӛзі айтқан жол, 

Аман кетсе, түк те жоқ, бітімі сол! 

Мәмбетей шуылдады разымыз деп, 

Осыған тамам Арғын басыпты қол. 

Кӛкенай құлдық деді бұл билікке, 

Мәмбетей шығып тұрды бір биікке. 

Мінгізді Қалқаманды алып келіп, 

Дейтұғын «Арда күрең» бір жүйрікке. 

Тӛгілді кӛзден жасы кӛрген жанның, 

Шолағын қарай гӛр деп бұ жалғанның. 

Жиналған кӛп қауымға қарап тұрып, 

Қоштасқан сӛзі мынау Қалқаманның. 

«Әй, жұртым, мен ӛлемін, сендер қалдың, 

Орнына бауыздадың айтқан малдың. 

Ӛз бауырын оққа байлап ӛлтірді деп, 

Қалдыңдар обалына мына шалдың. 

Назасы нақақ жастың қате кетпес

Деймісің қалмақ сені тентіретпес. 

Мамырдан қалған жанның керегі не, 

Ісім ақ, қосылармын, еш нәрсе етпес. 

Белгілі Мамырдан соң кӛп жүрмесім, 

Тұз-дәмін Орта жүздің жеп жүрмесім. 

Жалғыз-ақ Тобықтының дұшпандары 

Рахымсыз, бауырсыз ел деп жүрмесін. 

Қош, Баба, бата бер!» - деп түрегелді, 

«А, құдай, сақтай кӛр...» деп бата берді. 

Жӛнелді күрең атпен сырылдатып, 

Ажалға кӛпе-кӛрнеу байлап белді. 

Кӛкенай садақ тартты дүрілдетіп, 

Қақ жарды ердің қасын оғы жетіп. 

Әйтеуір, бұра дене аман қалды, 


10 

Sauap.org 

 

Оң жақта қара саннан ӛтіп кетіп. 



Атының жалын құшып жүріп кетті, 

Басына бір тӛбенің барып жетті. 

Бір жеңін кӛйлегінің жыртып алып, 

Аузына жарасының тану етті. 

Ат қойды «а, құдайлап» кӛп бозбала, 

Ажалдан қақты ғой деп хақ тағала. 

Той қылып, ат шаптырып ойнаймыз деп, 

Жабылды үйге жүр деп бара сала. 

Қалқаман айтты: «Тоқта, құрбыларым, 

Жоққа есеп осы күнде менің барым. 

Аямай елім оққа байлаған соң, 

Кетер ме ӛлгенімше ойдан зарым. 

Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын, 

Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын. 

Ӛлерде аямады, қайда аяйды, 

Сендерге енді мойын бұра алмаймын». 

Соны айтып қамшы басты күрең атқа, 

Қуса да жеткізбеді жамағатқа. 

Ұлы жүз Елібайда нағашысы, - 

Жӛнелді соған қарай - Бұхар жаққа" 

Қалқаман сол кеткеннен кетіп қалды, 

— Халқына Әнет-Бабаң хабар салды. 

Жаз шыға Қалқаманды іздейміз деп

Тобықты ат жаратып дайындалды. 

Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, 

Қазақ, қалмақ атысқан, мұны да біл. 

Қалмақтың бастаушысы Суан Раптан, 

Ӛзі батыр, соғысқа тым айлашыл. 

Шеп құрып соғысыпты қазақ, қалмақ, 

Қорқаққа оңай емес шепке бармақ. 

Бабаңның бес баласы садаққа ұшып, 

Бұл соғыста қазаққа түсті салмақ. 

Қазақты ол ұрыста қалмақ алды, 

Үш есенің екеуін қырып салды. 

Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында, 

Арқаға қазақ ауып кетіп қалды. 

Осы жол — бар қазаққа белгілі жол, 

«Ақтабан шұбырынды» дегені сол. 

Жаяу жүріп табаны аппақ болып, 


11 

Sauap.org 

 

Қорлық кӛріп қазақтың шұбырғаны ол. 



Сол себептен Қалқаман қалды ізделмей, 

Іздемейін деген жоқ, шама келмей. 

Ол түгіл Әнет-Бабаң кӛшке ере алмай, 

Тірідей дӛң басында қалған ӛлмей. 

Тұқым бар Қалқаманнан осы күнде, 

Шын болса, Ұлы жүздің жүр ішінде. 

Ӛздері Елібаймыз десе керек, 

Білмейді кейінгісі бізді мүлде. 

Бар болса Қалқаманның нәсілдері, 

Оқығын осы ӛлеңді талапты ері. 

Осында туысқаны Олжай, Бәкең, 

Семейпалат облысы тұрған жері. 

«Хан Шыңғыс» деген тауда тұрмыз біз де, 

Егерде іздесеңдер, сонан ізде. 

Тобықтыда Құнанбай қажы десе

Басты кісі — біледі Орта жүзде. 

 

 

 



 

 

 



Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып 

алуды ұмытпаңыз! 

Сайттағы  барлық  кітаптар  тек  танысу  мақсатында 

ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны 

қалдырмай, жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз 

авторлық және  аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық 

жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды 

жолмен қол жеткізуге шақырады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет