Ахметтанушылартуралы мәліметтерді толықтыру; сараптамалық талдау жасау «37-нің қасақана жасалған қасіреті» 1957 жылы біршама сейілгенімен, кеңестік кезеңдегі ғалымдардың екі жарылған пікірлерінің салдарынан Алаш Арыстарын түгел ақтаудың мүмкіндігі болмаған... Ұлт зиялыларының басты адамдары тарих тасасында қалып қойды. Олардың кейбір туындылары қара құлыптың құрсауына салынса, кейбір шығармалары «халықтыкі» делініп, ел аузында жүрді. Халық қалаулыларын жұтқан «қара құрсау» 51 жылдан соң қайта қаралып, 1988 жылы қарашаның 4-і күні Алаштың үш арысы – Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов толық ақталып, олардың шығармашылары ашық түрде қайта жарыққа шықты.
Ғалым ғұмырнамасы мен шығармаларының негізгі кезеңдерін баяндауда мұрағат деректерінің толық игерілмеуі, пайдаланған материалдарға сілтеменің дұрыс көрсетілмеуі, БАҚ-та жарияланған соны деректердің игерілмеуі ахметтану мəселесінде кері ықпалын тигізді. Кейбір келеңсіздіктерді ескере келіп, «ғылыми анықтамалықтар мен мерейтойлық құттықтау- лебіздерді қайта жаңғыртып, зерделеуді – ахметтану мəселесінің алғышарты» деп зерттеуде. Негізінен, баспа бетінде жарияланым көрген деректер бойынша қарастырсақ,ахметтанудың алғаш ғылыми тұжырымдалуы – 1919 жылдан басталады. Атап айтсақ, 1919 жылы А.Н.Самойлович «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы»1 деген ғылыми мақала жазса, кейін бұл үрдіс жалғасын табады. Самойловичтің мақаласы кейін 1930 жылы тұлға түрмеде отырған тұста, Мəскеуде жарық көрген «Əдеби энциклопедия» атты жинақтың 1-томына кіреді. Бір ғажабы, Ресей ғалымдары арасында жеке адам баласының басында болып жататын түрлі қайшылықтарға қарамастан, оның ғылымдағы жетістіктері бағаланып отырған. Қазақ елінде А.Байтұрсынұлының ұлты үшін жасаған жұмыстары қасақана «халық жауы» деп қараланып жатқанда, орыс ғалымдары аталған жинақтың 1931 жылы жарық көрген «Əдеби энциклопедияның» 5-томына «Қазақ əліпбиі»2 деп енгізеді. Міне, нағыз ғылымдағы шынайы адалдық, ғылыми жетістіктің бағалануы! 1924 жылы Е.Д.Поливанов «Қазақ-қырғыздың жаңа (Байтұрсыновтық) емлесі»,3 1928 жылы Н.Ф.Яковлев «Əліпби құрылымының математикалық жүйесі»4 туралы ғылыми мақалалар жазды 1974 жылы А.Н.Кононов «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы»5 атты ғылыми анықтамалық-мəліметтер бергені тарихтан мəлім. Зерттеуші А.Самойлович ғылыми деректік мақаласында А.Байтұрсынұлының ғалымдық қайраткерлігін биографиялық анықтамалық шолуға сыйғызған, қазақ ғалымын: «...қазақ тілі орфографиясының реформаторы, қазақ грамматикасы жəне қазақ əдебиеті теориясының негізін қалаушы» деп жазды (Б. 305-306). Самойловичтің ғылыми анықтамалық- ақпараттық мақаласын негізге алсақ, ахметтанудың іргетасы 1922 жылғы Міржақып Дулатұлы мен Елдес Омаровтың мақалаларынан да ертерек, 1919 жылы-ақ басталған. Себебі, аталған А.Самойловичтің мақаласында Ахметтей қоғам қайраткерінің 1919 жылға дейін жасаған сан алуан жұмыстарын ғылыми сипаттамаға сыйғызған. Зерттеуші мəліметіндегі:«көрнекті қазақ ақыны», «жорналшы», «педагог» деген танымдық сипаттаулар дəл сол уақытта қазақ ағартушысының атқарған негізгі жұмыстары болатын. Ал қазақ зиялылары тарапынан 1922 жылдан бастап зерттеліп, бағаланып жүрген «Қазақ» газеті туралы А.Самойлович: «…қазақ халқының қоғами-мəдени санасын оятушы басылым» деп, айырықша атап айтты. Бұл күні əдебиеттану ғылымында «төлтума» деп тануды ұсынған «Қырық мысалдағы» қазақы сипат пен өрнекті тілді «…Байтұрсыновтың тілі лирикалық шығармаларында қарапайым, өзінің бай, көркем, поэтикалық мəнерімен ерек- шеленеді» дейді. Міне, өзге ұлт өкілі орыс ғалымы берген нақты əрі құнды ғылыми тұжырымдаманың қазақ зиялыла- рынан 3 жыл бұрын айтылған. А.Самойловичтің ғалым туралы берген сипаттамасы алғашқы танымдық ғылыми бағалау. Бұл – А.Байтұрсынұлының ғылымдағы қайраткерлігіне қазақ ғылымы тұрғысынан айтылған тұңғыш ғылыми анықтамалық сипаттама. Орыс зерттеушісі Ахаң туралы айшығын «қазақтың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы» деп түйіндеген.
Н.А.Самойловичтің «Түрік халықтарының əдебиеті» деген- материалында ғалымның шыққан ортасы мен жасаған еңбек- терін қамтыған биобиблиографиялық мəлімет – мемлекеттік мəртебесі бар мекеменің арнайы тапсырмасымен жазылған тарихи еңбек. Бұл мақалада «А.Байтұрсынұлының отбасы, оқыған мектептері, ұлт үшін жасаған қызметтері, қайраткерлігі «қазақ тілі грамматикасы мен қазақ əдебиеті теориясының негізін қалаушы, қазақ тілі орфографиясының реформато- ры» деп оның атқарған қызметтерін қадап көрсеткен. Қысқаша мəліметте Ахметтің əкесі Байтұрсынның айдауда болғаны да қамтылған. «Қазақ» газетінің қазақтың жас ақындары мен жазушыларын айналасына үйіргенін, басылымның мақсаты – қазақ халқының қоғамдық-мəдени деңгейін көтеру жəне оны ағартушылық жолмен іс жүзіне асыру болғанын жазған. А.Байтұрсынұлының əдеби қайраткерлігі 1901-1904 жылда- ры Крылов мысалдарын аударудан басталғанын, оның тілінде «өзіндік көркемдік пен поэтикалық мəнері қарапайым əрі жатық халықтық реңк басым десе, «Маса» жинағындағы өлеңдерінің негізгі мəні халықтың санасын ояту болды» дейді. Патшаның бодандық саясатына қарсы тұрған ақын деп, қайраткерлігін шағын анықтамаға өте шебер сыйғызған.
Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Сахыбекқызы Имаханбет туралы көп айтып, көп жазуға болады. Ол танымал ахметтанушы ғалым, филология ғылымының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті. Райхан Сахыбекқызы А.Байтұрсынұлы мұражай-үйі ашылған 1993 жылдан бастап мұражай-үйімен үнемі байланыста болып, ғалымның өмір жолы мен шығармашылығын зерттеді, баспасөз беттерінде танымдық мақалалары жариялана бастады. Ұлт ұстазының ғылыми еңбектеріне арналған «Ғасыр саңлағы», «Ұлағатты ұлт ұстазы» атты екі еңбегі кітап болып жарық көрді. Алғашқы жылдары Ахаңның шығармашылық ғылыми еңбектерін бес томдық кітап етіп шығарса, кейін алты томдық еңбегінің құрастырушысы және жауапты шығарушысы болды.
Қазіргі кезде А.Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасын жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытып, насихаттау үшін оқулық жазу үстінде. Осыған дейінгі зерттеу еңбегіне енбей қалған кейбір тарихи деректермен қатар, ғалымның кейін табылған туындыларын қосып көркем әдеби эссе жазып жүр. Осы ізденістердің арқасында ондаған том кітапқа жететін материалдар жинақталған. Алғаш келгенде Райханды мұражай тағылымы таңғалдырып, нағыз ізденуші жолына түсірді. Бір кездері Ахаң отбасымен тұрған үйді тауып, оны мұражайға айналдырған Самырат Мәшенұлы Кәкішев болатын. Мәшен қажы – Ахметтің туған інісі. С.Мәшенұлы А.Байтұрсынұлы атындағы қоғамдық қор құрып, Ахаңның кейбір еңбектерін баспадан шығарып, насихаттай бастаған кезінде қайтыс болды. Әрине, бұл мұражай-үйінің жағдайына әсер етпей қойған жоқ. Көп жылдар бойы күтімсіз, қараусыз қалған мұражай жабылудың сәл алдында тұрды. Сол кезде Райхан Сахыбекқызы мұражай-үйіне қоғамдық негізде басшылық етуге бел шеше кірісті. Райхан Сахыбекқызын енді Ахаңның туған елі, кіндік қаны тамған жері қызықтырды. 1998 жылы Алаш арысының мерейтойы қарсаңында Торғайдағы Ахаңның Ақкөліне жолы түсті. Ахаңның кіндік қаны тамып, балалық балдәурені өткен Ақкөл елі ұлы ұстаздың әлемі мен ғылым кеңістігіне жетеледі. Осындай құрметті де абыройлы, жауапкершілігі мен қиыншылығы бірге жүретін жолға ол кездейсоқ келген жоқ. Алаш зиялылары ақталған жылдары Райхан Сахыбекқызы «Халық конгресі» газетінде тілші болып қызмет атқарып жүрген кезі екен. Бірде газеттің бас редакторы, белгілі жазушы С.Мұратбеков Райханды өзіне шақырып, А.Байтұрсынұлының қызы Шолпаннан сұхбат алып келуге тапсырма беріпті. Міне, осы сәтті тапсырма Райхан үшін Ахаң жолына келудің бастауы болған. Кейін бұл мақсатты жол Райхан арманында бір сәт те толастамады, қаламына қанат бітірді. Бірде ол іссапарға баратын болып, сырқаттанып жүрген Шолпан апаға айтуға келеді. Шолпан апа өзінің Райхан қызымен соңғы сөйлесіп тұрғанын сезді ме екен, Ахаң мұражайының болашағына алаңдайтынын айтып, «заман өзгеріп кетті ғой, алдағы уақытта қандай қиындықтар болмасын, Ахаңның мұражайынан кетпе, мұражай-үйі менен саған аманат» деген екен. Бұл күндері Райхан Шолпан апаның аманатына берік болып, мұражай-үйіне қамқор болып, барлық қиындықтарына шыдап келеді. Жалғыз өзі мұражай-үйінің шаруашылығын шашау шығармай, ұзақ жылдар бойы жанкештілікпен иелік етіп, ел игілігіне айналдырып отыр. Ондаған қызметкері бар ұжым атқаратын бұл жұмысты Райхан «Ұлылар ұмытылмас үшін, ұрпақтар жалғастығы тозбас үшін» қиналса да қажымай, сол жолдан айнымай еңбек етуде. Өз тәуекелімен бүкіл ұлтты оятуға ұмтылған А.Байтұрсынұлы рухымен қанаттанған қаршадай қыз салиқалы санасы мен сүбелі еңбегінің арқасында халық қызына айналды десем, артық айтқандық емес шығар. Бұл күнде Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі халық көп келетін тарихи тағылым үйіне айналды. 2016 жылдың өзінде мұражай-үйіне қазақ елінің Үкімет басшысы болған К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова, Премьер-министрдің орынбасары болған И.Тасмағамбетов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек келіп Ахаң рухына тағзым етіпті. Бұған дейін де мұражайға қазақтың белгілі ақын-жазушылары, ғылым докторлары мен академиктер, қоғам қайраткерлері келіп, өздерінің көріп-білгендерімен, тәлімдік ой-пікірлерімен бөліскен. Солардың ішінде халқына танымал Ә.Кекілбаев, Т.Жұртбай, М.Шаханов, академиктер Ә.Қайдари, Р.Сыздық, Т.Кәкішұлы, Ө.Айтбайұлы, К.Сағадиев, Ғ.Мұтанов, Р.Алшанұлы және басқа да көптеген зиялы қауым өкілдері бар. Ахаң мұражай-үйіне шетелдіктер де бас сұғатын көрінеді. Райхан Сахыбекқызы 2014 жылы Торғай жеріне келіп, Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин салдырған мектептің 150 жылдық салтанатты жиынында баяндама жасады. Жарты сағаттық сөзінде ешқандай қағазға қарамай шешендігімен Торғай жұртын өзіне тәнті етті. Залда отырғандар сілтідей тынып, ұйып тыңдады. Сол салтанатты жиыннан кейінгі отырыстың алдында өмір бойы ұстаздық етіп, жас ұрпақтарды тәрбиелеген, еліне сыйлы Қонақбай Алин деген ақсақал Райханды жанына шақырып: «Шырағым-ай, бағың жанып тұр екен, тіл-көз тимесін, батамды берейін» деп, өміріне ақ жол тілеп, ризашылығын білдірген еді. Мінекей, осындай жарасымды істерімен Райхан Сахыбекқызы халық құрметіне бөленіп жүр.