Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі қалыптасу тарихы мен зал экспонаттары туралы мәлімет жинау, сараптамалық талдау жазу


«Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясымен жұмыс жасау істеу; әрі пікір жазып оны топпен бірге талқылау



бет4/7
Дата08.02.2023
өлшемі5,26 Mb.
#66152
1   2   3   4   5   6   7
«Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясымен жұмыс жасау істеу; әрі пікір жазып оны топпен бірге талқылау
Рас мемлекеттік тілге келгенде мәселенің шырмауы шешілмей тұрғаны анық. Десе де Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының бүгінгі басқосуда жұртшылыққа жария еткен жұмыстары талай тірліктің кезең кезеңімен жасалып жатқандығын көрсетеді. Мәдениеті мен ғылым-білімі дамыған елдің энциклопедия шығарары анық. Ал қазақ халқының ұлы перзенттеріне арналған энциклопедиясы санаулы ғана. Бүгін міне сол санаулы сан Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының энциклопедиясымен толықты. Сонымен қатар оқу-әдістемелік, анықтамалық, танымдық мазмұндағы 70 кітап жарық көрді.


«Арнайы құрылған комиссия 400 кітаптың 70-ін таңдап алды. Әр саланың кітаптарын саралап отырып, іріктеп алды деп айта аламын. Ең алдымен энциклопедиялық әдебиеттерге тоқталсам, Ахаңа (Ахмет Байтұрсынұлы) арналған энциклопедия. Оған 700 беттен астам материалдар жинақталды. Ахаң туралы, оның еңбектері жайында жазған авторлар түгелге дерлік жұмылдырылды. Сонымен қатар «Алаш қозғалысы. Балаларға арналған анықтамалық» атты балаларға арналған екі кітап шығардық. Нақты Алаш қозғалысына қатысты Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қараш, Бейімбет Майлин, Әсет Найманбайұлы секілді Алаштың тұлғаларының шығармалары жинақталды»,- деді Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.

Сондай-ақ, Т.Шонановтың 4-ші, 5-ші томдық шығармалар жинағы, Ш.Айтматовтың "Тау құлаған романы" (аударған Н.Қами), Ш.Құрманбайұлының "Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы" кітабы, «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешені, «Оқу құралы + мультимедиялық бағдарламасы (СД диск)», «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешені, «Украин тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құрал», «Балаларға базарлық» (Ана тілін үйрету құралдары), «Сөз сыны», «Қазақстанның 700 тарихи орыны» жинақтары, «Алаш қозғалысы» жинағы, «Әдістеме әлемінде» (ғылыми-әдістемелік жинақ), «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш» кітабының испан-қытай-араб-ағылшын тілдеріне арналған нұсқалары, т.б. туындылар оқырманға жол тартты.
Шара барысында Тілдерді дамыту комитетінің тапсырысымен дайындалған Ұлттық арна эфирінен көрсетіліп жүрген «Енші» зияткерлік-танымдық телесайысы мен балаларға арналған «Сөз қасынасы» анимациялық фильмі таныстырылды.
«Енші» зияткелік-танымдық сайысына 1200-ден астам талапкер өз өтініштерін білдірді. Еліміздің бес аймағында (Ақтау, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Алматы) және Астана қаласында іріктеу турлары өткізілді. Өзге өңірлер үшін онлайын іріктеу ұйымдастырылды. Нәтижесінде 48 үміткер телесайыс жолдамасын иемденді. Қазіргі таңда бағдарлама Ұлттық арна эфирінен берілуде. Ал «Сөз қазынасы» анимациялық фильмі «Балапан» арнасынан көрсетілетін болады»,- деді Е.Тілешов.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет